Саба? жоспары: Заттарды? тобын салыстыру /математика саба?ы/


Бекітемін:
Болатын күні:
Пәннің аты:Математика
Тақырыбы:Заттар тобын салыстыру.
Мақсаты: заттарды салыстыруға уйрету,заттардың үлкен және кіші санын анықтау,салыстыра алу және «қаншалықты артық немесе кем?» деген сұраққа жауап бере алу.
Оқу қызметі Тәрбиешінің қызметі Балалардың қызметі
Ынталандыру Сергіту сәті:
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ,
Қосып едім барлығын,
Шыға келді он саусақ.
Балалар сергіту сәтін өткізеді.
Ізденістер,
ұйымдастырулар Сабақ суретті салыстырудан басталады. Суретке мұқият көз жүгірте отырып,ненің теңдей екенін,қыздар көппе,ұлдар көп пе екенін анықта.Балалар қай үстелде ойнап отыр,қай үстелде цифрлармен жұмыс жасап отыр?Олар нешеу, қайсылары көп? Суретте балалар саны тең,артық не кем екенін көрсет.Неше орындық,неше парта,сағат,тақта т.б. екенін санаймыз.
Кестені толтыру үшін жапсырма қағаз таңдап алу керек.
Тапсырма беріледі:
-Алдымен ұяшықта неше нүкте барын анықта.Содан кейін суреттен заттардың осынша санын тап.Бір,екі,үш және т.б. адамы бар суретті таңда.Енді қажетті жапсырма қағазды алып, нүкте санына қарай ұяшықтарға жапсыр.
Символдар бойынша дидиактикалық ойын.
Санау және кері санау бойынша білімдерін бекіту кезінде балаларды жекелеген заттарды санаумен қатар,бір текті заттардан тұратын топтарды санауға жаттықтыру қажет.
Ойын сәттері жұмысты жандандыра түседі. Мәселен, тәрбиеші магнитті тақтаға ұшақ бейнеленген картиналарды орналастырады және» « Ұшақтардың неше тобы бар? Әр тапта неше ұшақ?Барлығы неше ұшақ?» деп сұрақтар қояды. Содан кейін балалар көздерін жұмады да, тәрбиеші ойыншықтардың орнын ауыстырады.Балалар көзін ашқан соң,не өзгергенін тапқан соң,ұшақтың неше тобы,әр топта неше ұшақ еекенін санайды.Кейіннен балаларға белгілі заттар тобын санап, оларды екі,үш,төрт,бес-тен топтарға бөлу тапсырылады.
Балалар сабаққа белсене қатысады.
Балалар тасырманы орындайды
Қорытындылау Балаларды сабаққа белсене қатысқаны үшін мадақтау. Сұраққа жауап береді.
Білулері тиіс: балалар заттарды салыстыруды білулері тиіс