Презентация на тему С.Арон?лы “Жа?сы мен жаман адамны? ?асиеттері


Сабақтың тақырыбы: С.Аронұлы “Жақсы мен жаман адамның қасиеттері" Үй тапсырмасы:Д. Бабатайұлы “О,Ақтан жас, Ақтан жас” Сүйінбай Аронұлы- қазақтың әйгілі ақыны, айтыс өнерінің майталман жүйрігі. ХІХ ғасырдағы айтыс өнерінің жарқын жұлдызы, әлемдік даңқы бар Жамбылдың ұлы ұстазы. Сүйінбай АронұлыӘкесін Һарон Рашидтың есімімен атағанНағашы атасы Қабан Жетісудағы ақындықтың , жыраулықтың ірі өкілі1898 жылы дүниеден өткен.Арғы атасы Күсеп- батыр, ақын, шебер қобызшы.1815жылы Қарақыстақ ауылында дүниеге келгенҰлы жүз, Шапырашты тайпасы, Екей руы Батыр елден шығады, Ұрандап жауға шабатын.Ақын елден шығады,Айтыста шалып жығатын. С.Аронұлы Сүйінбай он жасында қалды жетім, Жылаумен секпіл басқан екі бетін.Жетімді жетілдіріп, жүйрік еткен,Алланың көрмеймісің құдіретін. Қожахмет Тұрлыбайұлы Сүйінбайдың 13-14 жасында шығарған “Түс” деген өлеңінде: Атыңнан айналайын Қызыр бабам,Түсімде таңға жуық келді маған.Білмеймін “өлең”-деді, “көген” – деді, Сайрауық құстар келіп төнді маған.Менің тұр қолды-аяққа тұрғым келмей,Қойды ғой қойыңа да қырғын келмей!Аузымнан түйдек-түйдек шыққан сөзді,Не дейін сөз кестесі – өлең демей?!Сен маған рұқсат бер, Шүйбек байым, Әйтеуір тегін емес, Сүйінбайың.Жын соқты ма, білмеймін, таңертеңненКөңілім ұйқы-тұйқы құйындайын... Сүйінбай поэзиясы арқылы қазақтың айтыс өнерінің өрісі анағұрлым ұзарып биіктеді, тақырып аясы кеңейіп, әлеуметтене түсті. Сүйінбай – айтыс өнерінің алтын діңгегі. М.Әуезов С. Аронұлы ақындығының тағы бір қыры – шешендігі. Ол жайлы П.Кузнецов: “Екейден шыққан Аронұлы Сүйінбай ұлы жүзде теңдесі жоқ ақын саналатын. Оны айтысып та ешкім жеңіп көрмеген десетін. Ақын оның үстіне рулар арасындағы небір қиын дауға төрелік айтып, ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен ақылгөй адам,”- депті. Сүйінбайдың тағы бір ерекше айтысы-қырғыз ақыны Қатағанмен болған сайысы.І.Жансүгіров осы айтысты алғаш құрастырып, 1935 жылы “Сүйінбай ақын” жинағында жариялаған. Заманымыздың ұлы ақыны Жамбыл өмір бойы Сүйінбайды пір тұтып: Менің пірім Сүйінбай,Сөз сөйлемен сыйынбай,Сырлы сұлу сөздері,Маған тартқан сыйындай,- деп жырлаған. Жақсы жігіт ел-жұртының қаласындай, Жақсы әйел әмме жұрттың анасындай. Жақсы адам елдің ерке серкесіндей,Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ, Халқының қалың жүнді көрпесіндейКөреді бәрін де өз баласындай. Жақсы болар баланың жүзі жылы,Жақсы жігіт сөзіне сақ тұрады, Орыстың күймей піскен бөлкесіндей.Қыранның қырдан байқар баласындай. Жақсының айтқан сөзі тиянақты,Жақсы парқы жаманмен бірдей емес, Түйенің аумайтұғын өркешіндей.Жақсы жігіт сеңсең тонның жағасындай. Жақсыға үлкен- кіші бәрі жақсы,Жақсының сөзін әркім пайдаланар, Жасынын бірге өскен еркесіндей.Миуалы алма-өріктің ағашындай. Жақсы кісі көрінер жыл құсындай,Жаманның көкірегі көр, көзі соқыр, Жаман адам балтаның ұңғысындай.Жүрер жолдан тал түсте адасып-ай! “Олақтан салақ жаман” деген мақал,Нышаны кем болса да адамдықтың, Жамандар түзей алмас тұрмысын-айӘркім жүр жақсымын деп таласып-ай Жақсы адам жатты да жақын етер,Жамандар өтірікші, өсегі көп, Беттескен екі таудың тұрғысындай.Ел-жұрттың іріткі салар арасын-ай. Жамандар өсек- аяң айтып жүрер,Жалған сөзбен бықсытар ел арасын, Өзінің білмегенсіп қылмысын- айЖанбай қалған ағаштың шаласындай.Соқтығып әркімге ұрынады,Сиырдың тентек болған танасындайСондай жанның ешкімге сүйкімі жоқ, Жылықының қотыр болған аласындай. Асан қайғы Ақтамберді жырауАғайынның ішінде Білімді туған жақсығаБір жақсысы бар болса, Залал қылмас мың қарға.Қаумалаған көп жаман Жаман туған жігіткеСол жақсыны көре алмас. Рахатты күн бар ма?Жамандардың басына Өз мінін білген жігіттің Қиын-қыстау іс түссе Тәлімінде мін бар ма?Қос арғымақ қолға алып, Сол жақсыны күніндеКүні-түні іздесе таба алмас Өлеңдердегі ұқсастықтарАдамның қасиетіне баға беру Байқампаздық Айтқан ұшқыр ойы Салыстыру СөзмаржанӘмме жұрт – барша, барлық, күлліПарық – парқы 1) бір нәрсенің екінші нәрседен айырмасы, айырмашылық, ерекшелік. 2) бір нәрсенің қадір-қасиеті, мән-жайы, жай-жапсары. 3) белгілі бір істің байыбы, пайымы.Сеңсең тон – марқайған қозының қырқылмаған өскелең жүн терісінен тігілген тон. Миуалы ағаш – жемісі бар ағаш Көкірегі көр, көзі соқыр – білімсіз, санасызІріткі салу – алауыздық тудыру, шырқын бұзуАғаштың шаласы – отынның толық жанып бітпеген қалдығыТана – екі жасқа жетпеген торпақ тайыншаСерке – ел ағасы, беделді азаматБөлке – пеште пісірілген төртбұрышты нанБалтаның ұңғысы – балтаның сабына киілетін қуыс жағы, қуысы Оқулықпен жұмыс Әр оқушы өлеңді оқып, дәптерлеріне мәтіннен жақсы және жаман қасиеттерді теріп жазады. Жақсы қасиеттер Жаман қасиеттерЖүзі жылы, сөзі майда, көкірегі – көр, көзі - соқырсөзіне сақ тұрады, елінің өтірікші, өсегі көп, ұрыншақ, ағасындай, ешкімді ешкімге сүйкімі жоқ.жатсынбайды Теңеу – затты тура мағынасында емес, ауыспалы басқа мағынамен салыстырып айту. Теңеу жасайтын: -дай,-дей,-тай,-тей,-ша,-ше,-дайын,-дейін жұрнақтары мен “секілді”сияқты сөздерді қосу арқылы жасалады.Мысалы: Жолбарыс-ша жорыттым, Етіне құлан тоям деп... Арыстан-дай айбатты Жолбарыс-тай қайратты “Жақсы мен жаман адамның қасиеттері “ өлеңіндегі теңеу сөздерді мәтіннен тауып көрейік. Аллитерация- өлең тармақтарының кілең біркелкі дауыссыз дыбыстан басталуы.Мысалы: Топтан озған тарлан боз ,Тұрысынан айрылса, Тасты басып тұралмас...( “Ұл туса” , Махамбет) Жақсы жігіт ел-жұртының қаласындай, Жақсы әйел әмме жұрттың анасындай. Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ, Көреді бәрін де өз баласындай. Бұл шумақ 4 тармақты, 3 бунақты, 11-12 буынды, қара өлең ұйқасына құрылған. Бірыңғай дауыссыз дыбыстың қайталануы, аллитерация бар. Теңеу: ел жұртының қаласындай, әмме жұрттың анасындай. Жақсы мінез – бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы.Х. Досмұхамедұлы Қорытынды Жақсы болу өзіңнен,Жаман болу өзіңнен.Өзіңді өзің ая да, Өзің үйрен өзіңнен. Жақсылық көрсең біреуден,Мен қандаймын деп ойла.Жамандық көрсең біреуден,Мен қандаймын деп ойла. Үйге: Өлеңді жаттау“Жақсы адамға тән қасиеттер” ой толғау