Же?іл атлетика. ?ыс?а ?ашы?ты??а ж?гіру.


Тақырыбы : Жеңіл атлетика. Қысқа қашықтыққа жүгіру.
Мақсаты : оқушылардың дене бойындағы күшін,жылдамдылығын,
шыдамдылық қасиеттерін арттыру және дамыту.
Сабаққа қажетті құралдар : уақыт өлшегіш,жалаушалар.
Сабақ кезеңдері
Сабақтың мазмұны Уақыт өлшемі Әдістемелік нұсқаулар
Кіріспе бөлімі Сапқа тұрғызу.Сәлемдесу.
Оқушыларды түгелдеу.
Сабақтың тақырыбымен,мақсатымн таныстыру.
5 мин. Оқушылардың денсаулығына көңіл аударып,спорттық киімдерін тексеру.
Дайындық бөлімі Саптағы бұрылу жаттығулары.
-Алаңды айналып жүру.
-Қолды көтеріп ,аяқтың ұшымен жүру.
-Қолды желкеге қойып өкшемен жүру.
-Қолды белге қойып,табанның сыртқы жағымен жүру.
-Қолды белг қойып:табанның ішкі жағымен жүру.
Жүгіру.
-Тізені көтере жүгіру.
-Өкшені артқа көтере жүгіру.
-Сол жақ иықты алға қойып,адымдап жүгіру.
-Оң жақ иықты алға қойып,адымдап жүгіру.
-Қолды айналдырып,тізені бүгіп секіріп жүгіру.
Жай жүріс.
Демді қалпына келтіру.
Жалпы даму жаттығулары.
1.Б.қ.Қолды белге қойып,басты оңға 4 рет,солға 4 рет айналдыру.
2.Б.қ.Екі қолды иыққа қойып,иықты алға 4 рет,артқа 4 рет
Айналдыру.
3.Қолды артқа сермеу,1-2 оң қол жоғарда,3-4 сол қол жоғарда.
4.Екі қолды алға бүгіп ұстап 1-2 артқа екі қолды сермеу,3-4 екі қолды жазып сермеу.
5.Екі қолды белге ұстап,1-2 белді оңға айналдыру,5-8 белді солға айналдыру.
6.Б.қ.Қолды белге ұстап,1-3 оң қолдыжоғары көтеріп солға қисаю,4-Б.қ. Дәл солай –оңға қарай.
7.1-қолды жоғары көтеріп артқа шалқаю,2-алға еңкею,3-қолды алға созып отыру,4-Б.қ.
8.Қолды белге қойып,аяқты алшақ ұстап 1-оң аяққа отыру,2-Б.қ..3-сол аяққа отыру,4-Б.қ.
15 мин.
6-8 рет
6-8 рет
6-8 рет
6-8 рет
6-8рет
6-8 рет
6-8 рет
6-8 рет Қолды жоғарда түзу ұстап,денені тік ұстауарын қадағалау.
Қолдың дұрыс қимылына көңіл бөлу: тізені жоғары көтеру,аяқтытізеден бүге артқа лақтыру.
Қолдарын тік ұстауды қадағалау.
Екі аяқты иықтың деңейінде ұстау қажет.
Қолды тік ұстап,аяқтарын бүкпеуін қадағалау.
Жаттығудың дұрыс орындалуын қадағалау.
Негізгі бөлім Сапқа тұру
-Төменгі «сөреден» қысқа қашықтыққа жүгіру әдістері(мұғалімнің көрсетуімен)
-Жүгірудегі үш бұйрықты түсіну.
-Жүгіру ережелері және «мәреден» өту. 20 мин. «Сөреден» шығу әдісін бірнеше рет қайталау.
Дұрыс жүгіруін және «мәреден» өтуін бақылау.
Қорытынды бөлім -Оқушылардың дем алысын қалыпқа келтіру.
-Сабақты қорытындылап,үйге тапсырма беру. 5 мин. Мұрынмен дем алып,
ауыздан дем шығару.
Бағалау,ескертулер беру.