?ылыми жоба ??мырс?а презентация


Тақырыбы:”Құмырсқа”Дайындаған: 3г сынып оқушысы Турабаева Назли
Мақсаты:Құмырсқаның адам өмірімен байланысын анықтау
Мақсаты:Құмырсқаның адам өмірімен байланысын анықтау
Мақсаты:Құмырсқаның адам өмірімен байланысын анықтау Міндеттер:Құмырсқаның түрлерімен танысу;Құмырсқаның адам досы екендігіне көз жеткізу;Құмырсқаның адам денсаулығына пайдасын анықтау; Өзектілігі:Құмырсқа түрінің көптігіне қарамастан олардың өмір сүру принциптерінің ұқсастығы БолжамЕгер құмырсқаның тіршілігіне көп көңіл бөлсек ,онда оның адам өмірімен байланысын анықтауға болады . Жұмыстың маңыздылығы КіріспеҚұмырсқа– жарғаққанаттылар отрядының бір тұқымдасы. Құмырсқа Жер шарында кеңінен таралған, тек Қиыр Солтүстікте және Антарктидада ғана кездеспейді. Құмырсқаның 10 мыңдай түрі бар. Олардың көпшілік түрлері тропиктік аймақтарда кездеседі.Сонымен қатар құмырсқалар илеулерде ғана емес, ағаш діңдерінде де, гүл сабақтарында да тіршілік етеді. Ал енді көшпелі тропиктік құмырсқаларда ешқандай тұрақты баспана болмайды. Олар орман арқылы, бұлақтарды бойлай бірінің соңынан бірі жосиды, ұрғашы – “ханым” құмырсқаны ортаға алып жүреді, личинкалар мен одан шыққан жас құмырсқаларды тасиды. Мұндай құмырсқалар жолында кездескен тірі нәрсенің бәрін жайпап кетеді.Құмырсқаның денесі басынан, көкірегінен және құрсақтан тұрады. Басы үлкен, жақтары жақсы жетілген, ауыз аппараты кеміргіш. Көкірек бөлімі жіңішке, онда үш жұп аяқтары жақсы жетілген. Көпшілік түрлерінің құрсақ бөлімінде шаншары мен улы бездері жақсы дамыған, улы бездерінен бөлінетін сұйықтық – құмырсқа қышқылы деп аталады. Құмырсқалар, көбіне топтанып (10 – 100 мыңға дейін), арнайы илеу жасап, тіршілік етеді. Әрбір илеуде аталық, аналық, “жұмысшы” және “жауынгер” құмырсқалар болады. Жыныстық тұрғыдан жетілмеген топтары – жұмысшы құмырсқалар деп аталады. Олар илеудегі дернәсілдерді, аналық құмырсқаларды қоректендіреді, ауаның алмасуын, ылғалдың бір қалыпты болуын қамтамасыз етеді. Аталық құмырсқалар шағылысып болғаннан кейін өледі. Аналық құмырсқалар ұрықтанғаннан кейін қанаттарын жойып, тек ұрпақ жалғастырады, олар кейде 20 жылға дейін өмір сүреді. Аналық құмырсқаның дене тұрқы ірі. Зерттеулер жұмыстары Қазақ халқы құмырсқа қылықтарымен ауа райының өзгерісін алдын ала болжап, білген деседі. Күзде құмырсқалар илеу үйіндісін өте биіктетсе, сол жылы қыс қатайып, қар көп жауып, суытатын болады. Ал егер олар ұясына жәй жиналып жатса, онда қыс жайдары, жақсы болатынының белгісі болмақ.Сонымен қатар құмырсқа адам денсаулығында да маңызды роль атқарады. Мысалы,Жәндік шаққанда, ісікті, уытты қайтару үшін қара құмырсқа мен кәріқыз құртын қосып талқандап, суға езіп, ісінген немесе жараланған жерге таңса жара жазылады екен.Аяққа жара шыққанда да кептірілген қара құмырсқаны талқандап жараның аузына таңуға болады.Сонымен қатар оныңилеуі де ем боладыекен.Балалардың қолқа безінің ісінуінде немесе басқа да ісіктерді асқындырмау үшін мына емді есте ұстаңыз. Таңертең ерте, күн шықпас бұрын құмырсқаның илеуінен алып, суға шымырлатып қайнатып алып, су әбден суыған соң илеуді шүберекке орап, ісінген орынға таңса ісікті қайтарады.Медицина ғылымында құмырсқадан алынатын дәрілер буын ауруларын, қант диабетін емдеуде, қан қысымын реттеуде қолданылады екен. Қазақ халқы құмырсқа қылықтарымен ауа райының өзгерісін алдын ала болжап, білген деседі. Күзде құмырсқалар илеу үйіндісін өте биіктетсе, сол жылы қыс қатайып, қар көп жауып, суытатын болады. Ал егер олар ұясына жәй жиналып жатса, онда қыс жайдары, жақсы болатынының белгісі болмақ.Сонымен қатар құмырсқа адам денсаулығында да маңызды роль атқарады. Мысалы,Жәндік шаққанда, ісікті, уытты қайтару үшін қара құмырсқа мен кәріқыз құртын қосып талқандап, суға езіп, ісінген немесе жараланған жерге таңса жара жазылады екен.Аяққа жара шыққанда да кептірілген қара құмырсқаны талқандап жараның аузына таңуға болады.Сонымен қатар оныңилеуі де ем боладыекен.Балалардың қолқа безінің ісінуінде немесе басқа да ісіктерді асқындырмау үшін мына емді есте ұстаңыз. Таңертең ерте, күн шықпас бұрын құмырсқаның илеуінен алып, суға шымырлатып қайнатып алып, су әбден суыған соң илеуді шүберекке орап, ісінген орынға таңса ісікті қайтарады.Медицина ғылымында құмырсқадан алынатын дәрілер буын ауруларын, қант диабетін емдеуде, қан қысымын реттеуде қолданылады екен. Бірінші, Құмырсқалар ешқашан берілмейді.Егер құмырсқалар бір жаққа беттесе, сіздер тоқтатуға тырыссаңыз да, олар міндетті түрде басқа жолын табады. Белгіленген жерге жету үшін кез-келген амалды қолданады.Екіншіден, құмырсқалар қысты жаз бойы ойлайды. Жаз өмір бақиға созылмайды. Сондықтан да құмырсқалар қысқа арналған азығын жазда жинайды. Үшіншіден, құмырсқалар жаз туралы қыс бойы ойлайды. Бұл да өте маңызды. Қыс бойы олар өздеріне: «Қыс өмір бақи болмайды, біз жақын арада мына жерден шығамыз» деп өздерін сабырға шақырады. Егер тағы да суытса, олар тығылады, жылынса, сыртқа шығады. Олар әр кез өзгерістерді жақсыға балап өмір сүреді.Төртіншіден, қысқа дайындалу үшін қанша құмырсқалар қаншалықты жұмыс істей алса, соншасы жұмыс істейді. ҚорытындыСонымен қорытындылай келе, құмырсқалар бізді мынадай қасиеттерге үйрете алады:1.Ешқашан берілмеуге;2. Болашақты ойлауға;3. Өмірден жақсы өзгерістерді күтуге;4. Қолымыздан келгеннің барлығын істеуге;Біз құмырсқалар пәлсапасын қолдану арқылы, өз өмірімізге өзгерістер әкеле аламыз. Бастысы, дұрыс бағыт таңдау. Сіз дұрыс жолмен жүресіз бе, әрі қарай қателіктер жібересіз бе, оны Сіздің жеке пәлсапаңыз және өмірге деген көзқарасыңыз анықтайды.Ешқашан берілмейік, алға, тек қана алға, өз-өзімізге сенімді болайық және қолымыздан келгеннің барлығын жасайық!