Доклад на тему О?ушыларды рухани адамгершілікке т?рбиелеу


ОҚУШЫЛАРДЫ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕ ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Цель интерактивного процесса – не только давать нужную информацию, а также обучать учеников к самостоятельной работе.
Purpose of the interactive process – not only provide the necessary information, and to train students to work independently.
Тәрбие - ұлылар өсиетін сақтай отырып, олардың адамгершілік құндылықтарын ұрпақтан- ұрпаққа жеткізуші бірден – бір құрал. Тәрбиелеу теориясы түбегейлі қалыптасқан педагогика ғылымының бөлімі.
Адамгершілік тәрбие заман өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады себебі, тәрбие –қоғамдық құбылыс.
«Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында қоғам өмірін демократияландыру мен ізгілендіру бағытында болып жатқан түбегейлі жаңартуларға байланысты білім мен тәрбие беру жүйесінде де мол өзгерістер туындап отыр. «2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» ұсынылып «Мәдени мұра» бағдарламасы талқыланып жатқан тұста педагогикалық процесіндегі тәрбиеге жаңа көзқараспен қарау қажеттілігі туындады.
Сондықтан да ХХІ ғасырдың басында жаһандану мен ұлттық тенденциялардың бірлігі мен күресі, үйлесімі мен текетіресі елдің, ұлттың жеке адамдардың адамгершілік қасиет сапаларын, ар-намысын жаңа қырынан саралауды талап етіп отыр. Өйткені жаңа ғасырдың басында адамның қоршаған ортамен өзара қатынасы шиеленісе түсті. Бұл бір жағынан барша саланың ғылымдануы, ал екінші жағынан рухани азғынудың бас көтеріп, үдеу үрдісімен түсіндіріледі. Бүгінгі таңда республикамызда күннен күнге нашақорлық, маскүнемдік, жұмыссыздық пен тастанды балалар санының көбеюі, жалпы тәрбие жүйесі күрделенгендігін байқауға болады.
Тәуелсіз қазақ елі үшін бүгінгі ұрпақтың дені сау, жүйкесі таза, саналы болғаны абзал. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы қажет. Адамды жақсы ететінде, жаман ететін де – тәрбие. Сондықтан, жеткіншек ұрпақтың өз халқының рухани қазынасымен, ұлттық мәдениетімен, дәстүрімен неғұрлым тереңірек танысу қажеттігі бірінші орынға қойылып отыр. Себебі мұндай негіздерді өз халқының ұлттық ерекшеліктерін сезінбей, басқа халықтың өзіне тән ерекшеліктерімен салыстырмай бағаламай даму жолына түсу мүмкін емес.
Қазақ энцеклопедиясында «адамгершілік тәрбиесі» - тәлім тәрбиенің ықпалды әсері мен моральдық сананы қалыптастырудың, этикалық білімділікті, адамгершілік сезімді дамытудың сара жолы» - деп ұғындырылады.
Адамгершілік тәрбиесі оқушылардың нақты және жас ерекшеліктеріне қойылатын талаптың көлемі, мазмұны тізбегі жөніндегі түсінік негізінде анықталады.Адамгершілік тәрбиесінде интерактивті тәсілді қолданудың тиімділігі өте маңызды. Инновациялық әдістердің ең негізгі әдістерінің бірі-интерактивті әдіс.
Интерактивті әдістің негізгі қағидасы-педагогикалық қарым-қатынынас диалогы арқылы жеке түлғаны қалыптастырып дамыту. Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі қағидасы білім беруді нәтижеге бағдарлау, оқушының жеке тұлғасын бағыттау. Біздің ел дамудың демократиялық жолын таңдауына байланысты бүгінгі таңда қоғамды шешім қабылдауға тартудың маңызы арта түсті. Осы бағытта оқушылардың белсенділігін аттыруға мүмкіндік беретін әдістемелік тәсілдер интерактивті деп аталады. Бұл әдістің өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да бар.
Интерактив- ағылшынның « өзара әрекет» деген сөзінен шыққан.
Демек, интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым-қатынасқа негізделе отырып жеке тұлғаны дамытуға бағытталған.(Қосымша 1 )
Бұл әдіс тәсілдер оқушының қызығуы мен белсенділігін арттырып, мәліметтерді шығармашылық тұрғыда қайта өңдеуге мүмкіндік береді.
Интерактивті негізде оқу мақсаты - білу емес, үйрене білу. Үйрене білу - қажетті дағды, ол барлық дамыған және дамушы елдердегі азаматтар үшін қажет. Интерактивті әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып оқушы бойында шешендік өнер жетілдіріледі.
1.Оқушының өзіне деген сенімі туады.
2.Сыни ойлау дағдысы қалыптасады.
3.Өз пікіріне деген құқығын түйсінуі артады.
Интерактивті әдістерін қолдана отырып мынадай нәтижеге қол жеткізуге болады.
1.Уақыт үнемделеді.
2.Оқу мен тәрбиенің сапасы артады.
3.Оқу әдісі мен құралдарын таңдауға мүмкіндік жасалады.
4 Оқушылардың белсенділігі мен қызығуларын арттырады,сонд
Адамгершілік-адамның күнделікті қарым – қатынасына қатысты ізгілік ұстанымдарын бейнелейтін моральдық қасиет.
Адамгершілік - адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханият дәуіріне жаңа қадам болып табылады.
Адамгершілік тұлғаның адамгершілік сана-сезімін, іс-әрекетін қалыптастыратын, құндылығы бағдарын айқындайтын құрал. Сондай-ақ тұлғаның ар-ожданын, танымдық қызығуларын кешенді дамытады.
Тәрбиенің қоғамдық бағытталғандығы, өмірмен байланысы, тәрбие ықпалдарының бірлігі, мектеп, отбасы, жұртшылықтың тәрбиелік талаптарның бірлігі.
Адамгершілік тәрбиесінің мазмұны
Орнықты адамгершілік сезімдерді, адамгершілік сапалары және жоғары мәдениетті мінез-құлықты қалыптастыру.
Адамгершілік мұраттармен қоғамның талаптарымен таныстыру.
Аламгершілік білімдерді адамгершілік сенімдерге айналдыру, осы сенімдер жүйесін құру.
Адамгершілік әдеттерді қалыптастыру.
«Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы» деп дана халқымыз бекер айтпаған. Яғни адам бойындағы барлық игі қасиет мектеп қабырғасында қалыптасады. Еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру - біздің негізгі мақсатымыз.
Жалпы адамгершілік тәрбиесі жас ұрпақтың адамгершілік сана-сезімін, мінез-құлқын қалыптастыруды қамтиды. Демек оның жүйелі, сатылап қамтитын мәселелеріне адамдық пен шыншылдық, кішіпейілділік, үлкенді сыйлаумен ибалық, қоғамдағы және өмірдегі қарапайымдылық пен сыпайылық, жомарттық, ізгілік пен достық ізгі қасиеттерді жатқызамыз.
П.Кропоткин адамгершілік қасиеті туралы «...бұл өз бойына адамдық қасиеттерді сезіну, сол қасиеттерді сақтап, өмір сүруге ұмтылу, жағымсыз іс-әрекеттеріне қиналу-мұның барлығы адам табиғатының ортақ ажырамас ерекшелігі» десе, В.Соловьев « адамгершілік бір адамныңекіншгі адамға сыйлай алатын заты емес, ол өзінің тәжірибесі арқылы ғана жететін адамның ішкі жағдайы» деп адамгершілік құндылығын жоғары бағалап жоғарыдағы ойымызды дәйектей түседі.
Оқушылардың рухани дамыту мәселелерін зерттеп жүрген ғалым Ш.Майғаранов тәрбие білім беру, оқыту арқылы және сыртқы әлемдік күштердің түрткісі негізінде адамның жан дүниесінің даму үрдісі болатынына тоқтала келе, тұлғаның руханилығы оның ізгіліктік бағыттағы дүниелік қатынастарға енуі.
Адамгершілік тәрбие, адамгершілік құндылықтар барлық тәрбие бағыттарының негізге алатын - алтын діңгегі болып табылады.
Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, қайырымдылығымен, адалдығымен, әдептілігімен ардақталады.(Қосымша 2 )
Жан тәрбиесінің өзі тән тәрбиесінен туындайтын үрдіс. Осыны екі ауыз сөзбен топшалаған ата-бабамыз «Тәні саудың-жаны сау» деп қоғамдағы рухани байлықты игеру үшін тән тәрбиесінің дұрыс болуын қадалаған. Адам тек қана тән емес, сонымен қатар үлкен қажеттігі бар жаны да. Нақты өз аттарымен айтатын болсақ жан деп отырғанымыз-рух, ал тән-нәпсі. Қазақта мынадай сөз тіркестері бар: рухы жоғары, рухани бай адам, рухтанып кетті, рухани ұстаз. Осы тіркестерге мұқият зер сала отырып «рух» деген нәрсенің адам денесіндегі бір қуат екендігіне көз жеткізуге байланысты. Оның адам басында кездесетін барлық жақсы қасиеттері мен жасайтын барлық игі істерінің қайнар көзі екендігін аңғару қиын емес.
Сондықтан адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер рухтан туындайды, ал барлық жаман қасиеттер нәпсінің көрінісі болып табылады
Рухани даму дегеніміз - өзінің өмірдегі орнын, атқаратын міндетін, қазіргі және болашақ ұрпақ алдында жауапкершілігін, дүниенің күрделі құрылымын түсіну және өзін-өзі үздіксіз бір қалыпты жетілдіру.
Қай кезеңнің келелі мәселесі бола білген адамгершілік тәрбиесін әр уақыттың өзінің дана ойшылдары мен ғұлама ғалымдары еңбектеріне арқау еткен.
Бүгінгі таңда ұстаздар қауымы алдында үлкен жауапкершілік, азаматтық міндет жүктеліп отырғанын бәрімізде білеміз. Ұстаз-ол шәкіртін білім нәрімен сусындатып қана қоймай, алдында отырған әр жеткіншектің бойына адамгершіліктің дәнін сеуіп, жемісін көруді мақсұт ететін диханшы іспетті жан. Әсіресе өз бойына рухани адамгершіліктің қасиетін сіңіре білген сынып жетекшілердің шәкірт бойында осы рухани құндылықты ұштастыра білулері-үлкен өнер. Адамгершіліктің қарапайым қағидасы арқылы тәрбие негізі қалыптасып күрделене береді. (Қосымша 3 )
Сонау Орхан жазба ескерткіштері мен Қорқыт ата кітабынан бастап орта ғасырлық ойшылдардың төл туындылары мен даламыздың дана жырауларының поэзиясына,халық ұлдарының шығармаларына зер салсаңыз,кез-келгенінде адам бойындағы адамгершілік қасиет, олардың қалыптасуы туралы кеңінен сөз болған.
Өзіміз үлгі ететін ұлы ғұламалардың адамгершілік туралы айтқан ойлары – ол адамгершілік академиясы.(Қосымшы 4 )
Сондықтан ұрпақты ұлылар үлгісінде тәрбиелеу адамгершілікке бастайтын жол. Шәкірттерді тәрбиелеу ісінде осы адамгершіліктің қарапайым қағидаларынан күрделі академиясына дейін көтеруді мақсат етуде нәтижесі жақсы болары сөзсіз.865949511176000Адамның адамгершілігін оның жекелеген әрекеттеріне қарап емес,күнделікті өміріне қарап бағалау керек (Паскаль).
Қорытындылай келе халық педагогикасы-ұлттық қазына,ұлттық несібе.Оны жеткіншектің тұла бойына сіңіру әрбір берген тәрбие,сынып сағаты, пәндік сабақтар арқылы адамгершілікті одан әрі ұлттық бағытта ұстанып ұлттық ерекшеліктермен қатар, ұлттық менталитеттің қыр-сырын білу керек. Тәрбиелеу және тәрбиелену оңай жұмыс емес. Ол адамнан ұдайылықты қажет етеді. Заман талабына сәйкес өмір сүру тәртібі өзін-өзі өзгертуіне, өзіндік көзқарастың қалыптасуына, айнала қоршаған ортамен санасуына ықпал етпей қоймайды. Сондықтан оқушылардың рухани – адамгершілік құндылықтарын дамыта отырып, тәрбиелеу үрдісін одан әрі жетілдіру оқу-тәрбие үрдісінің мазмұнын жаңартуға жасалынған қадамдар адамгершілік сипаттағы тәрбие болмақ.
Олай болса рухани-адамгершілікке тәрбиелеу дегеніміз-бұл дұрыс дағдылармен өзін-өзі ұстау нормалары,ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығы, өзінің өмірдегі орнын атқаратын міндетін, қазіргі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін дүниенің күрделі құрылымын түсіну және өзін-өзі үздіксіз бір қалыпты жетілдіру, ізгі қасиеттерді бойына сіңіру, жан дүниесін байыту. Өз елін өркениетті елдер қатарына жеткізіп, терезесін тең ұстау, яғни оларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу құндылықтарды қалыптастырудың өзегі болып табылады.
Қосымша 1
141922571120Интерактивті әдістерге жататындар:
00Интерактивті әдістерге жататындар:
471106571120Пікірталас- тар
00Пікірталас- тар
-20256571120Проблемалық шығарма әдістері
00Проблемалық шығарма әдістері


25469854210050045402508636000-92710889635Топпен жұмыс
00Топпен жұмыс
8585203479800014192253479800020288253479800041287704610100038207954146550012731758636000
439420088265Инсерт әдісі
00Инсерт әдісі
219964088265Миға шабуыл әдісі
00Миға шабуыл әдісі


492760447675Винториналар
00Винториналар
2638425447675Шағын зерттеулер
00Шағын зерттеулер
31870658255000127317582550004711065508635Іскерлік ойындар
00Іскерлік ойындар



66357538100006635753810000211391538100003430905381000050526953810000
461200590170Презентация
00Презентация
238252029210Кейс-стадий әдісі
00Кейс-стадий әдісі
-9271029210Сауалнамалар жүргізу әдісі
00Сауалнамалар жүргізу әдісі

Қосымша 2
433768550800Тән тәрбиесі
00Тән тәрбиесі
150558550800Адамның жеке басының
қалыптасуы
00Адамның жеке басының
қалыптасуы
-310515152400Жан тәрбиесі
00Жан тәрбиесі


1251585565150039058853111500

3132455126365Амандасу
00Амандасу
Қосымша 3
45840651725295Дінін сатпау
00Дінін сатпау
16757651322705Адамгершіліктің қарапайым қағидалары
00Адамгершіліктің қарапайым қағидалары
-260351906270Тілін сыйлау
00Тілін сыйлау
37331656184900016757659937750039116010160Үлкенді құрметтеу
00Үлкенді құрметтеу


14725659398000444436517780002397760678180Отаның қорғау
00Отаның қорғау
318706527495500
Қосымша 4
318706592075«Арыңды сатпа, теріңді сат адалдықты ізде»
(Шәкәрім)
00«Арыңды сатпа, теріңді сат адалдықты ізде»
(Шәкәрім)

-22860031115«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп»
(Абай)
00«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп»
(Абай)

1675765311150Адамгершілік академиясы
00Адамгершілік академиясы
194310076835003543300768350014859001019810003543300101981000-3429001254125«Жасында әдеп үйренбеген кісіден өскен соң қайран жоқ»
(Сайф Саран)
00«Жасында әдеп үйренбеген кісіден өскен соң қайран жоқ»
(Сайф Саран)
35433001254125«Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы»
(Әбунасыр әл Фараби)
00«Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы»
(Әбунасыр әл Фараби)

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қазақстан мектебі 2012ж.№5
Тәрбие құралы журналы 2012ж №6
Бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі 2012ж№3
Информатика негіздері 2011 №2