«Абайды? ?арас?здері» 10-сынып


Абай сазгер аудармашы ақын философ  БІРІНШІ СӨЗ Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын. Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын!Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған аз ғана өмірімді қор қылар жайым жоқ.Ғылым бағу? Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың? Елсіз-күнсізде кездемені жайып салып, қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар? Мұңдасып шер тарқатысар кісі болмаған соң, ғылым өзі - бір тез қартайтатұғын күйік.Софылық қылып, дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек. Не көңілде, не көрген күніңде бір тыныштық жоқ, осы елге, осы жерде не қылған софылық?Балаларды бағу? Жоқ, баға алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай харекетке қосайын? Балаларымның өзіне ілгері өмірінің, білімінің пайдасын тыныштықпенен керерлік орын тапқаным жоқ, қайда бар, не қыл дерімді біле алмай отырмын, не бол деп бағам? Оны да ермек қыла алмадым. Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ. 6,19-шы қарасөздері ИдеясыТәрбиелік мәні 25,29-шы қарасөздері 33,37-ші қарасөздері І топ ІІ топ ІІІ топ ОТЫЗ ЖЕТІНШІ СӨЗАдамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес.Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашады.Хикмет сөздер өзімшіл наданға айтқанда, көңіл уанғаны да болады, өшкені де болады.Кісіге біліміне қарай болыстық қыл; татымсызға қылған болыстық өзі адамды бұзады.Әкесінің баласы - адамның дұшпаны. Адамның баласы - бауырың.Ер артық сұраса да азға разы болады.Ез аз сұрар, артылтып берсең де разы болмас.Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлының бірі боласың.Сократқа у ішкізген, Иоанна Аркті отқа өртеген, Ғайсаны дарға асқан, пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім? Ол – көп, ендеше көпте ақыл жоқ. Ебін тап та, жөнге сал.Адам  баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі виноват.Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім.Дүниеде жалғыз қалған адам – адамның өлгені. Қапашылықтың бәрі соның басында. Дүниеде бар жаман да көпте, бірақ қызық та, ермек те көпте. Бастапқыға кім шыдайды? Соңғыға кім азбайды? Жамандықты кім көрмейді? Үмітін үзбек – қайратсыздық. Дүниеде ешнәрседе баян жоқ екені рас, жамандық та қайдан баяндап қалады дейсің? Қары қалың, қатты қыстың артынан көгі мол жақсы жаз келмеуші ме еді? Ашулы адамның сөзі аз болса, ыза, қуаты артында болғаны.Егер ісім өнсін десең, ретін тапБиік мансап - биік жартас  Ерінбей еңбектеп жылан да шығады, Екпіндеп ұшып қыран да шығады; Жікшіл ел жетпей мақтайды, Желөкпелер шын деп ойлайды. Дүние - үлкен көл, Заман - соққан жел,  Алдыңғы толқын - ағалар, Артқы толқын - інілер, Кезекпенен өлінер, Баяғыдай көрінер. Бақпен асқан патшадан Мимен асқан қара артық; Сақалын сатқан кәріден Еңбегін сатқан бала артық.Тоқ тіленші - адам сайтаны, Харекетсіз - сопы монтаны.Жаман дос - көлеңке: Басыңды күн шалса, Қашып құтыла алмайсың; Басыңды бұлт алса, Іздеп таба алмайсың.Досы жоқпен сырлас, Досы көппен сыйлас; Қайғысыздан сақ бол, Қайғылыға жақ бол.Қайратсыз ашу - тұл, Тұрлаусыз ғашық - тұл, Шәкіртсіз ғалым - тұл.Бағың өскенше тілеуіңді ел де тілейді, өзің де тілейсің, бағың өскен соң - өзің ғана тілейсің І топ Абайдың қарасөздерінің ұнаған тұсы Себебі ІІ топ Абайдың сөзі Абайдың айтқан ойын анықтайтын мағыналы мақал-мәтел тап 1.Жаман дос - көлеңке:Басыңды күн шалса,Қашып құтыла алмайсың;Басыңды бұлт алса,Іздеп таба алмайсың. 2.Әкесінің баласы – адамның дұшпаны,Адамның баласы – бауырың. ІІІ топ р/с Абайдың пікірі Сенің пікірің 1 Егер де мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. 2 Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар-мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де ақымақшылдық. ХІХ ғасыр ХХІ ғасыр “Егер мен ақын болсам...” тақырыбында қандай мәселені қозғар едің? Сені қандай мәселелер толғантады? 1. Абай өмір сүрген жылдар? а)1841-1900ж ә)1842-1901 ж б)1843-1902ж в)1844-1903ж г)1845-1904ж 2.Ақ қағаз бен қара сияны ермек қылып,жаза берейін.... Абайдың нешінші қарасөзі? а)1 ә) 5 б)10 в) 15 г) 20 3.Әкесі Абайды неше жасында қай қалаға оқуға жіберді? а)7 жас Тараз ә)8 жас Семей б)9 жас Торғай в)10 жас Семей г)11 жас Омбы 4. Ей, жігіт, не қылсаң да ер екенсің, Көргейсің ерлігіңнің берекесін. Қай поэмасынан үзінді? а)«Масғұт» ә)«Медғат - Қасым» б)«Мұтылғанның өмірі» в)«Ескендір» г)Еңлік - Кебек» 5.Абай алғаш өлеңдерін қай ақынның атынан жариялап отырды? а) Барлас ә) Байкөкше б) Көкбай в) Жамбыл г) Жанатай 6.Бала болдың, жас болдың, Жалғандыққа ермедің. Өлеңін кімге арнаған? а) Әбішке ә)Мағашқа б) Шәкәрімге в) Шүкіманға г) Ерболға 7.Абайдың қанша поэмасы бар? а) 1 ә) 2 б)3 в) 4 г) 5 8.Абай қай жылы қанша жасында қайтыс болды? а)1945ж 100 жас ә)1935 ж 90 жас б)1925 ж 80 жас в)1904 ж 59 жас г)1905 ж 60 ж 9. «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе. Адамдықты көздесең, Жаттап оқы көңілге!». Кімнің өлеңі? а) С.Әшімбаев ә)С.Торайғыров б) С.Сейфуллин в) С.Мәуленов г)С.Дөнентаев 10.Абайды жеңгелері кім деп атаған? а) Шырақ ә) Кенжем б) Сұлу жігіт в) Телқара г) Оқымысты 11.Бұл - адам көз сүйегі, - деді ханға,Тоя ма адам көзі мың мен санға?! – Абайдың қай поэмасынан үзінді? а)«Адасқанның алды жөн,артық соқпақ» ә)«Ескендір» б)«Есіңде барма жас күнің» в)«Бәйшешек бақшасы г)«Еңлік - Кебек» 1. г)1845-1904ж 2. а)1 3. в) 10 жас Семей 4. а) «Масғұт» 5. б) Көкбай 6. а) Әбішке 7. б)3 8. в) 1904 ж 59 жас 9. ә)Сұлтанмахмұт Торайғыров 10. в) Телқара 11. ә) «Ескендір» Қорытынды Бағалау Үйге тапсырма: 7, 26, 35 қарасөздерді жатқа айтып келу