Ата-аналар?а арнал?ан коучинг О?ушыны? м?ддесіндегі отбасы ж?не мектепті? ?зара ?арым- ?атынасы.


Күні: 05.04.2016ж.
        Коучинг сабақтың 
тақырыбы Оқушының мүддесіндегі отбасы және мектептің өзара қарым- қатынасы.
Жалпы мақсатыОтбасы мен мектептің тәрбие үрдісіндегі әр оқушының тұлға ретінде жан-жақты қалыптасуы мақсатындағы бірлігін нығайту және тәрбие үрдісінде туған қиындықтарды шешудегі бірлескен жұмыс.
    Күтілетін нәтиже Отбасы мен ата-ананың ортақ мүдделерін түсінеді, өзара жақыс қарыс қатынас жасауға қадам жасалады.
Қолданылатын ресурстар Слайд,видеолар, А3,маркерлер
        Уақыт             Коучтің  әрекеті          Тыңдаушылардың әрекеті
Ұйымдастыру
кезеңі Сәлемдесу,жиналысқа қош келгенін жариялау.
Психологиялық тренинг:
"Қай көзді таңдайсыз?"»

Шешімін жариялау.
Рет бойынша үш топқа бөлу. Сәлемдесу. Әр ата-ана өз жауабын пайымдайды.
Жауабы төмендегіше:
1. Өзгелерге көп сенетін тұлға .Сіз өміріңізге кез келген адамды еркін кіргізетін жансыз. Өмірдің ащысын да, тәттісін де көргіңіз келеді. Қорқынышыңыз бен сенімсіздігіңізді ешкімге көрсетпейсіз. Мәселенің барлығын өзіңізге ғана жүктейсіз. Өзіңізді нашар сезінсеңіз де, айналаңыздағы адамдарға көмектескіңіз келіп тұрады. Басқаларға көмектесу арқылы өзіңізді бақытты сезінесіз.
2. Тақуалыққа жақын тұлғалар Сіз әрдайым дұрыс шешім қабылдап, өзгелердің көзіне жақсы адам болып көрінуге ұмтыласыз. Іштей қобалжып тұрсаңыз да, жақындарыңызға көрсетпейсіз. Жер шарындағы ең мықты адам болғыңыз келеді.
3. Құрбан болуды ұнататын тұлғалар
Өзіңіздің әлеміңізді кез келген жерден табуға тырысасыз. Өмірде өз орныңызды іздеп жүрсіз. Қараңғы ойларыңызды адамдарға көрсетпейсіз. Сізді "сүрінген сәтте өзін жинақтап алудың шебері" деп айтуға болады.
4. Ойшыл тұлға
Сіз барлық әрекетін ойланып барып жасайтын адамдардың қатарынансыз. Заттардың құрылымын зерттеуді жақсы көресіз. Кейде терең ойларға батып, мына дүниедегі тіршіліктің бар екенін ұмытып кетесіз. Өзіңізге деген 100% сенімділігіңізді өзгелерге көрсеткіңіз келмейді. Барлығына күдікпен қарайсыз. Өмірді ойын көресіз және сол ойында жеңіске жету үшін барлығын жасайсыз.
5. Жұмбақ тұлғалар
Сіз өзіңіз үшін де жұмбақ жансыз. Сізді түсінгісі келетін жандарға сәттілік тілейміз. Көңіл-күйіңіз тұрақсыз әрі жылдам өзгеріп отырады. Өзіңізге лайық өмір жолын таптым деген сәтте, қайтадан өзгеріп шыға келесіз. Сөйлеспес бұрын адамдарды бақылап алғанды ұнатасыз. Өзіңіз нақты білетін дүниелерді ғана айтасыз.
6. Сезімтал тұлға
Сіз барлығын байқап, есіңізде сақтайтын жандардың қатарына жатасыз.
Сезімталдығыңыз соншалық, болмашы оқиғалардың өзі әсер етеді. Сізді күлдіру де, жылату да оңай. Бірақ, сезімтал екеніңізді жасыруға ұмтыласыз. Болашағыңызды болжай алатын қасиетіңіздің болуы да ғажап емес.
7. Энергияға толы тұлға
Сіз үнемі ғашық болып жүретін немесе күш-қуатқа толы жандардың бірісіз. Көрегендігіңіз мол. Әрдайым сүйіспеншілік пен кектің ортасында таңдау жасап жүресіз. Өзгелерге айтар сыни пікіріңіз көп. Шешімді жылдам қабылдайсыз. Шамадан тыс ашуланшақсыз
8. Оғаш мінезді адам
Өмірге деген көзқарасыңыз мүлдем өзгеше. Кейбір ақылға қонбайтын қылықтарыңыз бар. Ережелерді онша ұната бермейсіз. «Не болса, ол болсын. Не істегім келсе, соны жасаймын» деген ұстаныммен өмір сүресіз. Өзге адамдар үшін ашықсыз. Сізді өзгертуге тырысатын адамдарға күле қарайсыз. Қарапайым адамдардың қатарында болуды ұнатпайсыз.
9. Интуитивтік тұлға
Сіз өзіңізді де, өзгелерді де өте жақсы түсінесіз. Адамның бет-әлпетіне, сөйлеген сөзіне қарап көп мәлімет айта аласыз. Сізге өтірік айтып тұрған адамдарды бірден анықтайсыз. Өзіңізден сөз асырмауға тырысқанмен, үндемей қалатын сәттеріңіз жиі болып тұрады.
Таңдаған сандары бойынша үш топқа бөлінеді.
Миға шабуыл

539754699000
Сурет ұсынылады.
«Мен түсінемін» тренингі.
1) Мені балам қуантады...2) Мені балам ренжітеді...
Талдау: - қай жағы көп болды? Қуантатын сәттері ма, әлде ренжітетін сәттері ма?
- неліктен ол жағы көп деп ойлайсыз?- Оның көп болуына ата - ананың әсері бар деп ойлайсыз ба? Ата - аналар өз ойларын ортаға салады. Мұнда ата - аналар өз балалары туралы айтады. Яғни, оның ата - анасын қуантатын және ренжітетін жағдайларды параққа түсіреді және қорғайды.

Ата-аналармен жүргізілетін ойын түрлері.
Қалай сізді қатты қуантты? Сіз не айтасыз?1. Педагогикалық ойын. (2 минут ішінде жазып оқу). Ата-аналарды 3 топқа бөліп 1- ші топқа: Мақтау сөздерін жазу, 2-ші топқа: Ұрсу сөздерін жазу. 3 топқа- қайсысын жақтайсыз? Топтық жұмыс.
Қалай сізді қатты қуантты? Сіз не айтасыз?1. Педагогикалық ойын. (2 минут ішінде жазып оқу). Ата-аналарды 2 топқа бөліп 1- ші топқа: Мақтау сөздерін жазу, 2-ші топқа: Ұрсу сөздерін жазу. .
3 топқа- қайсысын жақтайсыз?
Алдымен жеке айтады, жұптасып,топтасып, ортақ мақтау сөздері мен жазалау сөздерін параққа түсіреді.
3 топ әділдікті бағалайды.
«Сіз қандай ата-анасыз?» жаттығуы
нұсқау: Сіз қандай ата-ана ретінде көрінесіз? Ата-ана топ алдына қалауы бойынша шығады, өзгесі үнсіз отырып, ол туралы әсерін қалыптастырады. Баласын қалай тәрбиелейді, жазалайды, мадақтайды.
Ата-ана 2 – 3 минутқа шығып кеткенде, психолог талқылау қорытындысын жазып алады. Ол қайтып оралғанда топ оған қандай психологиялық портрет жасағанын табады.
Ата-аналар өз ойларын ортаға салады.
Ой қозғау: Сұхбаттасу сұрақ-жауаптары. 1.Баланың еркін тәрбиелеген дұрыс па? Әлде қатаң тәрбиелеген дұрыс па?2.Сіз қандай ата – анасыз?3.Қайтсек ұлымыз – ұлағатты, қызымыз инабаты болады?4.Отбасыңызда ұлттық салт – дәстүріңізді қалай насихатсыз?5.Балаңыздың қандай баламен дос болғаның қалайсыз? Әр топ өз ойларын ортаға салып, ортақ шешімді талқылайды.

Ата – ана пікір ойыны.
(Төмендегі кестедегі ойдың қайсысымен келісесіз?)
-Бала тәртіпсіздік жасай қалса , төмен баға алып келсе ата – ана не істейді?-Ештеңе сатып алмайсың               Неге оқымайсың?Ақылсызсың!                                    Қолыңнан ештеңе келмейді.Ұятқа қалдырасың!        
Енді ешқайда бармайсың! Өз пікір-ұсыныстарын жазады.
сауаланама Балаңыздың сынып жетекшісімен тығыз байланыстасыз ба? Балаңыздың сынып жетекшісімен тығыз байланыстасыз ба? Мектепішілік ата-аналар жиналысына қатысасыз ба? Сыныптағы ата-аналармен байланыста боласыз ба? Балаңыздың мектептегі жағдайын жасау барысында оқу-тәрбие іс-шараларына қатысасыз ба? Мектептегі ұйымдастырылған ашық есік күні балаңыздың сабағына қатысасыз ба? Жауап түрлері
Иә, Жоқ, Кейде ғана Мәжбүрлегенде таңдайды.
Кері
байланыс
«Тілек білдіру» тренингі. Мұнда бір - біріңізге тілек айтасыздар, яғни айту кезінде ол адамды құшақтап тұрып немесе басқалай да іс - қимылмен тілек білдіресіз.Талдау: - сізге тілек білдіргенде қалай сезіндіңіз?- сізге тілекті шынайы айтты ма?- сіз айтылған тілекті қалай қабыл алдыңыз?
қорытынды Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл - қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет деп бүгінгі жиналысымызды аяқтағалы отырмын.
Қобда гимназиясы
Оқушының мүддесіндегі отбасы және мектептің өзара қарым- қатынасы.
коучинг
/5 класс ата-аналар жиналысы/
ІІ деңгейлі бағдарламасы бойынша сертификатталған
информатика пәнінің мұғалі,5класс жетекшісі Мадетхан Л
2015-2016 оқу жылы