Урок по самопознанию Адамзатты? б?рін с?й, бауырым деп (8 класс)


Өзiн - өзi тану сабағының жоспары
Мектебі: № 4 № 14 Мерзiмі: 09.12.2016
Мұғалiмі: Жакибаева А.З. Класс: 8 «Б» Оқушылар саны: 19
Тақырып: Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп.
Құндылық:Ақиқат
Қасиеттер: шыншылдық, қайрат, жігерлілік
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға ақиқат құндылығының өмірдің негізі екенін ұғындыру.
Міндеттері:
-оқушыларға ақиқат құндылығы туралы түсінік беру;
-оқушылардың шыншылдық, қайрат қасиеттерін дамыту;
- жігерлілікке тәрбиелеу; Ресурстар:
(нақыл сөздер, бейне фильм, үнтаспа)
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі 5 Т
Тыныштық сәті. Нұрға бөлену. Сабақ барысын талдау:
Үй тапсырмасын тексеру
К.Паустовский «Жеделхат» әңгімесінен үзінді.
1. Әңгіменің негізгі идеясы неде?
2. Ананың балаға деген махаббаты туралы не айтар едіңіздер?
3. Настяның іс-әрекетіне қандай кеңес берер едіңіздер?
4. Настяның орнында болсаңыз не істер едіңіздер? Дәйексөз.
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті,
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Абай
2 рет қыздарға, 2рет ұлдарға айтқызу. Бәріміз қосылып айту. Дәптерге жазу.
Әңгімелеу. Перзент парызы
Ғани он бірінші сыныпты тәмәмдап, жоғары оқу
орнына түсу үшін қалаға келді. Емтихандарын тапсырды, жолы болмай оқуға түсе алмады, салы құрып ауылға қайтты. Баласының оқуға түспегенің естіп, ата анасында маза болмады. Ата анасы бір- бірімен келісіп, Ғаниды қалаға ақылы оқуға жіберуге келісті. Ғанидың қуанышында шек болмады, әке шешесі бар тапқандарын ұлына жіберіп отырды. Ғани сөйтіп оқуын қызыл дипломға бітіріп, қалаға жұмысқа орналасты, ақысы да жақсы. Ұлдарының жақсы жұмысқа орналасқанын естіп, ата анасының қуанышында шек жоқ. Ғани көпке ұзамай, өзіне қаладан, қымбат көлік алды. Күнде ата анасына хабарласып тұратын Ғани біртіндеп ата анасына хабарласуын азайта бастады. Анасы телефон шалғанда, уақыты аздығын айтып, мүлдем хабарласуын қойды. Ғани үйленді, балалы болды. Ата анасына хабарласпады. Ата- анасы немерелі болғандарын ауыл адамдарынан естіді. Қуаныштарында шек жоқ. Қазы- қарта, май-қаймақтарын алып, қалаға немерелерін көруге қалаға жиналды. Қалаға келген олар өз көздеріне өздері сенбеді, есікті ашқан келіндері Ғанидың әке шешесіне немерені көрсету қайда, үйге кіргізіп, шай да бермеді. Ғанидың әке шешесі көлік апатынан қайтыс болған, оның туыстары жоқ деп маңайға жолатпады. Ғани болса, бірнеше жұмаға іссапарға жол жүріп кеткен екен. Ата анасы салдары құрып, ауылға қайтты. Көршілері қайырлы болсын айтып, үйге кіріп шығып жатыр, болған жағдайды ата анасы кісі баласына тіс жарып ешкімге айтпады.
Уақыт зымырап өтіп жатты. Ғанидың ұлы алты жасқа толды. Бір күні баласы мектептен келіп Ғаниға сұрақ қойды: «Менің атам мен әжем бар ма? Олар қайда, неге олар бізбен тұрмайды?» Әкесі ұлының сұрап, жауабын таба алмай дал. Сол түні Ғани көз ілмеді, ата анасының алдындағы парызын орындамай өз бетімен өмір сүріп жатқаны есіне түскенде іші ашыды. Таңертең тұра сала ұлын алып, ауылға бет алды. Ауылға келсе, әкесі қайғыдан қан жұтып, ауыр халде жатыр. Ана байғұс күйбендеп, үй шаруасымен жүр. Ғани анасын танымай қалды, қартайыпты, бетіндегі әжімдері тереңдеп, шашы ағарып, денесінде бүкірлік пайда болған. Ғанидың ұлы Диас атасы мен әжесіне кезекпен қарайды, өзінің туғандары екеніне сенбей тұрғандай. Ата анасы Ғанимен немересін көріп, бұрынғы реніштерін ұмытып, қуанып, мәре сәре болып жатыр. Ғани ата анасынан кешірім сұрап әлек. Әкесін дереу қалалық емханаға орналастырмақшы болып, жолға жиналам дегенде, әкесі Ғаниды қасына шақырып:
- Ұлым, жарығым, бізге көп керек пе еді? Бізде қанша
ұялсаң да, біз сенің ата- анаңбыз, ата- ананы таңдап алмайды, сен бізден ұялсаң, біз сені мақтан тұтамыз, сен бізге сол кішкентай Ғани болып қаласың, саған ренжуге біздің қақымыз жоқ, бірақ әр адамның өз ішінде парызы деген болады, біз сенің алдындағы парызымызды орындадық, бірақ тәрбиені дұрыс бере алмаған секілдіміз, сен енді өз парызынды орындауға ұмытпағайсын, жоғары лауазымда отырсаң да, қанша қашып құтылам десең де, парыздан құтыла алмайсың. Парызыңды өтемей, алысқа бара да алмайсың, қазір адамдар адамның ішкі жан тазалығына көп назар аударады, ішкі жан дүниең таза болсын, анаңа көз бол!- деп көз жұмды. Ғанидың ішінде мәңгілік өкініш қалды, әкесін жерлеп, ошағын құлатпау үшін ауылға көшіп келді. Ауыл адамдарына дәріхана салды. Бірақ не істесе де ата-ана алдындағы парызды өтей алмайтынына көзі жетті, бірақ әкесінің сөзінен кейін өмірге басқа көз қараспен қарай бастады.
-    «Перзент парызы» дегенді қалай түсінесіздер?
- Ғани өз парызын орындай алды ма?
- Ғанидың іс әрекеті дұрыс па ?
-    Осы аңыз құндылығы неде ?
- Ғанидың әкесі ұлына ішкі жан дүниең таза болсын дегенде, не айтқысы келді?
- Сіздер Ғанидың орнында болсаңыздар, не істеуші едіңіздер? Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
«Ата-анаға қамқорлық» атты бейне фильмді көре отырып эссе жаздыру. Топпен ән айту. Сөзі: М.Кенжетайұлы Әні: М.Дүйсебаев
«Ғаламат қарттарым»
Азаптадың-ау қартымды,
Қарамай көңіл-күйіне.
Аяққа таптап салтымды,
Тастадың қарттар үйіне.

Саусақтары да дірілдеп,
Жалғанның аңсап жылуын.
Күтеді ылғи ұлым деп,
Тілейді аман жүруін.
Қалдырған қанша артта күн,
Қымбатсың маған қарттарым.
Аянышты адам жүздерің ,
Ұрпақтан азап тартқаның.
Амал не қатал тағдырға
Қарттарды жалғыз қалдырған.
Перзентке деген сағыныш,
Жүрегін от боп жандырған.
Санаңда тұрса жаңғырар
Қарттардың айтқан өсиет.
Қарттарға Алла мәңгілік,
Бақытты ғұмыр нәсіп ет. Үй тапсырмасы.
Ш. Айтматов «Жәмила» повесі. Дәптермен жұмыс №1 тапсырма. 31 бет. Соңғы тыныштық сәті.
Ыңғайланып отырыңыздар,көздеріңізді жұмыңыздар. Бүгінгі сабақта не үйренгендеріңізді іштеріңізден қайталаңыздар.
«Мен сабырлымын , ұстамдымын. Мен үйде де, аулада да, мектепте де өзімді сабырлы ұстаймын, еш нәрсеге ренжімеймін.Маған сабырлы, ұстамды болған өте ұнайды» деп қайталаңыздар. Әуен дауысы бәсеңдегеннен кейін көздеріңізді ашуларыңызға болады. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!