Урок по информатике на тему:Inkscape векторлы? графикасыны? редакторы (7 сынып)


Қаратал ауданы/Үштөбе қаласыС.И.Морозов атындағы №51 орта мектеп-гимназиясы Мухатаева Назира Далибековна 7 ынып
Күні:8.12.2016ж Пәні:Информатика
Сабақтың тақырыбы: Inkscape векторлық графикасының редакторыСабақтың мақсаты: Оқушылардың Inkscape бағдарламасының интерфейсін қолданып, бағдарламамен жұмыс жасау тапсырмалары арқылы, құралдармен командаларды қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
Оқыту мақсаты:Inkscape бағдарламасымен және векторлық редактор интерфейсімен танысады; практикалық жұмыс арқылы векторлық графиканы құру технологиясын меңгереді; графикалық файлдарды ашуды және (SVG) редакторының форматында сақтауды үйренеді; жеке объектілер мен объектілер тобын жұмыс үстелінде қозғалту үшін ерекшелейді; керексіз объектілерді тауып өшіре алады; Күтілетін нәтиже:Барлық оқушылар: Inkscape бағдарламасын ашады, редақтор элементтерін анықтайды және векторлық редактордың негізгі мүмкіншіліктерін қолданады. Суреттерді сақтай алады.
Басым көпшілігі: Inkscape бағдарламасын жүктейді және аяқтайды. Құжаттың қасиеттерін: өлшем, фон, бағыттауыштың параметрлері, торлар және т.б.анықтайды, құю түстерін орнатады және алып тастай алады; Inkscape бағдарламасының құралдарын пайдаланып компьютерде тапсырмалар орындай алады;
Кейбірі: Inkscape бағдарламасында әртүрлі бейнелерге құралдар мен командаларды қолданып өз ойларынша сурет салады.
Көрнекілік: ДК, Inkscape векторлық графика редакторы, проектор, интерактивті тақта, электронды түрдегі дидактикалық материалдар, алгоритмі берілген тапсырмалар. HYPERLINK "https://www.youtube.com/watch?v=9TmZyqWPT0c" https://www.youtube.com/watch?v=9TmZyqWPT0c (видеоматериал)
Сабақ кезеңдері:
I.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, түгелдеу, оқу –құралдарын тексеру
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Әрқайсымыз бір-бірімізге атымыздың бірінші әрпінен басталатын тілек тілейік. Мысалы менің атым Дана – денсаулық тілеймін т.с.с.
Енді сендердің тілектерің орындалу үшін «Тілек ағашына» тілек ленточкаларын байлайық.
Бүгінгі сабағымыздың девизі:
Ұжыммен ойлайық
Дәлелді қолдайық
Ынтамен күресіп
Жеңісті болайық!
ІІ. Үй тапсырмасын қайталау. «Миға шабуыл»
Растрлық кескіндермен жұмыс істейтін программаларды атаңдар. Растрлық кескіндер қандай пішімді файлда сақталады?
Өздеріңе белгілі графикалық редакторлардың түрлерін анықтап, олардың мүмкіндіктерін сипаттаңдар
Қандай пішімде сығымдау қолданылады?
Графикалық файлдардың қандай пішімдерін білесіңдер?
Қалай ойлайсыңдар, графикалық файлдың пішімі оны жасаған программаға байланысты ма?
III. Тарихи мәліметтер. Сурет адам өмірінде әрқашан маңызды орын алған. Ежелдегі адамдар жазу болмағанда өз өмірлері туралы жартасқа, кез келген затқа суреттер арқылы кейінгі ұрпаққа мәлімет қалдырып отырған, сондықтан сурет олар үшін өте маңызды болған.Білімді өзектендіру.
Графика – бейнелеу өнерінің бір жанры. «Графика» грек сөзі «графо» - жазамын дегенді білдіреді. «редактор» латын сөзі «редактус», реттелген сурет.
Inkscape(Инкскейп) – тегін таратылатын, ашық коды бар векторлық графиканы өдеу редакторы /WWW. inkscape. org/Мақсат қою.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:Inkscape векторлық графикасының редакторы. Ендеше бүгінгі сабақтың мақсаты?
Оқушыларға мақсат қою үшін тірек сөздер:• Біз………………танысамыз..• …………….........үйренеміз• .......…………….жасаймызIII.Жаңа сабақ. (Жеке жұмыс,өзін-өзі бағалау)/1-5 балға дейін/
1.Векторлық графика анықтамасын табыңыз, дәптеріңізге жазыңыз (оқулық және қосымша ресурс арқылы)
2. Сызбаны толтырыңыз.
295084518859500352996525273000183693015655900 Графиктік редактор (ГР)
619125844553469640236220
(ГР мысалы): 1)_______________ ( ГР мысалы): 1)________________
2084705287020 2)________________ 2)_________________


( ГР мысалы) 1)
2)
Сәйкесін тап. (Жұптық жұмыс)Бір-бірін бағалау /1-7 балға дейін/
объектілерді ерекшелеу және трансформациялау
спираль салу
көпбұрыштар мен жұлдызша салу
шеңбер, эллипс және доға салу
каллиграфиялық қаламұшпен сурет салу
Безье қисығын және түзу сызық салу
еркін сұлба салу
Бекіту (практикалық жұмыс, оқулық 112 бет) /1-10 балға дейін/
Оқулықтағы тәжірибелік жұмысты орындау. Оқушы балдары бойынша мұғалім бағасы
Сергіту:
Графикалық пішімдерді сәйкесінше орналастыр.
1.Растрлық a)SVG, EPS, WMF
2.Векторлық b)TIFF, GIF, BMP, JPEG
3.Аралас c)EPS, PDF
Жауабы: 1)............. 2).............. 3)............
IV.Қорытынды бағалау:
20-25 балл – «5»
15-20 балл – «4»
5-10 балл – «3»
V.Рефлексия
Мен бүгінгі  сабақта не білдім.......
Маған қызықты болды........
Маған қиындық  тудырған.......
Бүгінгі білгенімді болашақта өмірде............... пайдаланымынМені толғандырған.............
Үйге тапсырма: §21, сұрақтарға жауап беру,
4-5 сұраққа дәптерде жазбаша жауап беру