?ке-тірек, ана-ж?рек, бала-тірек сынып са?аты


Әке – тірек, Ана – жүрек, Бала – тілек.
Мақсаты: бала тәрбиесіндегі ата-ананың,отбасының алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; баланың дамуына теріс ықпал ететін жолдардың алдын алу, бала тәрбиелеу сапасының жоғарылауына ықпал ету, ата-ананы тәрбиелік шараларға тарту; ата-аналарды пікір алмасуға қатыстыра отырып баланың, бала тәрбиесінің ата-ана өміріндегі маңызын әңгімелесу.
Түрі: пікір алмасу.
Көрнекілігі: слайдтар,мақал-мәтелдер,үн таспа.
Барысы.
Қайырлы күн,құрметті ата-аналар,ұстаздар,оқушылар! Бүгінгі күн өздеріңізбен жүздесіп отырғанымызға қуаныштымыз.
Баланы жастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек.
Баланың ыстық- суығына күймейтін, жақсылығына сүйсініп қуанбайтын адам жоқ шығар. Отбасы – адамзаттың алтын ұясы. Адам баласы дүние есігін акшқаннан бастап сол ортаға бейімделіп, ықпалына көніп ер жетеді. Бүгінгі ұл-ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Ал бүгінгі қыз- ертеңгі- ана, ол анаға қарап бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші - ата-ана
. Ата-ананың үйдегі қарым-қатынасы,киім киюі, мінез-құлқы –бәрі-бәрі балаға үлгі. Қазақта “Қарағайға қарап тал өседі,жанұяға қарап бала өседі” деген қанатты сөз бар.
Бала отбасында әкеден ақыл, анадан мейрім алады. Әке – тірек, ана – жүрек, бала – тілек. Осы бір ғажап тұжырым әке, ана,бала, отбасы ошағының үштағаны іспеттес. Олай болса “Әке – тірек, ана – жүрек, бала - тілекі” атты пікір алмасуға қош келдіңіздер!
(Әкелер тобы,аналар тобы, балалар тобы болып үш топқа бөлініп отырады.)
Ой қозғау.
Әкелер тобына.
Отбасында әке ретінде өз балаңызға қандай нәрселерді үйретесіз?
Балаңыздың қандай жағымсыз қылықтан аулақ болғанын қалар едіңіз?
Аналар тобына.
Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?
Балаңыздың қандай іс-әрекеттерін үлгі етесіз? Игі істерін қалай мадақтайсыз?
Балалар тобына.
Ата-анаңыздың қандай жақсы істерін мақтан тұтасыз?
Ата-анаңыздың қандай жағымсыз қылықтан аулақ болғанын қалар едіңіз?
II.
“Отбасы – бала тәрбиесінің алғашқы ұжымыі” атты баяндама үнтаспадан тыңдату. Ата-ана, бала, отбасы, мектеп туралы слайдтар көрсету.
Ата-аналар осы баяндамаға байланысты не айтасыздар?
“Баламның қарны тоқ, көйлегі көк болса болды, тәртібіне оқуына қарайтын уақытым жоқ” дейтін ата-аналарға көз қарасыңыз қандай? (Әкелер тобы,аналар тобының жауаптарын тыңдау.)
III. Жағдайаттар алаңы.
Әкелер тобына.
1.Балаңыз бүгін сізге кезекшілердің жазып алып сабаққа кешіккені үшін линейкаға шығарғанын айтты. Осы жағдайда сіз не дер едіңіз?
2. Сіздің балаңыз сырт көзге жақсы, оқуы да жаман емес. Бір күні сынып жетекшісінен балаңыздың екі күн бойы сабаққа келмегенін естідіңіз. Сіздің әрекетіңіз қандай?
Аналар тобына.
1.Балаңыз сізге“Апа, мен бүгін сабаққа бармаймын, себебі сабақ оқыған жоқпын.” Мұғаліміме “Аурып қалды” дей
салынызшы” деді. Осы жағдайда не дер едіңіз?
2. Балаңыз сізге сабақтан екілік алғанын, мұғалімнің сұрақтарына жауап бере алмағанын айтты. Сіздің әрекетіңіз?
Балалар тобына.
Ата-нанларың сендердің қызықтарыңа қуанып бақытты өмір сүру үшін қандай болуларың керек?
IV. Мақал – сөздің мәйегі.
Әкелер тобына.
Қатал ұста, бос жүрмесін сандалып,
Тәртіп болса өсер бала сомдалып.
Баланың көзі әкесіне тартқанымен өзі заманына тартады.
Аналар тобына.
1. Бір бала ғажап болып туады,
Бір бала азап болып туады.
2. Әкесі ұрған ұл оңар, шешесі ұрған қыз оңбас.
Балалар тобына.
1. Бала болсаң болғандай бол
Ағайынға қорғандай бол.
2. Ата-анаңды сыйласаң көп жасарсың,
Сыйламасың жан қинарсың.
V. Ән тарту
Әкелер тобына әке туралы, аналар тобына ана туралы, балалар тобына бала туралы әнді жасыру. Тапқан жағдайда сол әннің бір шумағын бірге айту.
VI.
Ата-ана тәрбиесі,отбасы өнегесі туралы нақыл сөздер жазылған слайдтар көрсету.
Бала күлкісі- ананың ажары.
Ана күлкісі – шаңырақтың базары.
Жылы ұяда өскен баланың ертеңі де жылы.
Баласына тәлім тәрбие берер әкесі болса, өнеге алар бала еш қайда бармайды.
Адам баласының жаман құлшқы жаратылысынан емес, өскен орта, корген өнегесінен.
Отбасы- бал тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.
Қоғамдық тәрбие отбасынан басталады, әсерлеп айтқанда әуелі отбасында тамыры бітеді де, бұталары да, гүлдері де, жемісі де сонда өсіп шығады.
Әке мен шешенің бұл өмірде баласына сыйлайтын сыйлықтарының ішіндегі ең қымбат және ең баға жетпес асылы- әдепті тәрбие.
Баланы жетіге келгенше тыйма. Жетіден он төртке келгенше білім беріп қина. Он төрттен кейін азамат деп сыйла.
Егер бір жылдық өміріңді ойласаң арпа ек. Он жылдық өміріңді ойласаң ағаш ек. Ғасырлық өміріңді ойласң бала тәрбиеле.
Баланы кім жақсы көрсе, бала соны жақсы көреді.
Баланың бас ұстазы- ата-ана.
VII. Қорытынды.
Әр топқа қиылған суреттер тарту. Әр топ суреттерді құрастыру керек. Әкелерге таудың суреті, аналарға бұлақтың суреті, балаларға құрақтың суреті.Осы суреттерге байланысты мақал шығару.
“Әке – асқар тау, ана – ағып жатқан бұлақ, бал- жағасындағ құрақ.” Деген мақал құрастырылуы керек.