Ма?ала ?штілді о?ыту-заман талабы


Үштілді оқыту – заман талабы.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында еліміз береке мен бірліктің, ынтымақ пен достықтың, татулықтың өлкесі болып, көпұлтты мемлекетке айналып отыр. Осы орайда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап өткендей: «Біз – көп ұлтты қоғамбыз. Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың тілін, мәдениетін және салт-дәстүрін дамытуға барынша жағдай жасауды алдыңғы уақытта да жалғастыра беретін боламыз»,-деген еді.
Үштілді оқыту – заман талабы.     Үштілділік – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі. 
Елбасымыздың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Халқына Жолдауында: “Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар - қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі” деген салиқалы үндеуінде айтқандай, әлемдік кеңістікке енуде ағылшын тілінің маңызы зор.
Ағылшын тілі - әлемдік бизнес тілі, оны меңгеру – жастарға әлем танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол – жаһанданудың кепілі. «Ақпараттық технология дамыған қазіргі дәуірде күн сайын дерлік ағылшын тілі дүние жүзі халықтарының тілдеріне жаңа сөздер мен ұғымдар арқылы батыл ену үстінде. Бұл үдерістен біз де тыс қалмауымыз керек» . 
Ағылшын тілі – халықаралық тіл. Ағылшын тілі қазіргі таңда халықаралық қарым-қатынас тілі және де дүние жүзіне кең таралған тіл болып танылады. Ағылшын тілін білген адамға болашақта мүмкіндігі зор сондықтан оны көптеген елдерде үйретудің маңызы зор. Дамыған елу елдің ішіне кіру үшін бәсекеге қабілетті жан-жақты дамыған маман дайындауға көп мән беруде. Қазіргі кезде бәсекеге қабілетті маман дайындау үшін үш тілді жетік меңгеру керек сондықтан елімізде ағылшын тілін үйретуде көптеген жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, ағылшын тілін бастауыш сыныптан бастап оқыту. Ағылшын тілін бастауыш сыныптан бастап оқытудың маңызы зор себебі, бала жастайында тез қабылдайтын болғандықтан оған тілді үйрену жеңіл болады.
Қазіргі кезде мектептерде ағылшын тілін меңгеруге аса көп көңіл бөлінген. Барлық мектептерде дерлік ағылшын тілі бастауыш сыныптардан бастап оқытыла бастады.
Біздің тоғыз жылдық Чапаев негізгі мектебінде де үш тіл қатар оқытылады. Қазақ тілінде үйде де, мектеп қабырғасында да сөйлейді, негізінен ауыл балаларының тілі жатық, кең, мақалдап-мәтелдеп шешен сөйлей алады. Әр түрлі сайыстарға қатысып, оқушыларымыз жүлделі орындар алып жүр. Орыс тілін де оқушылар жетік біледі, бір-бірімен орыс тілінде еркін сөйлесіп, өз ойларын жеткізеді. Ал, ағылшын тіліне деген қызығушылықтары бар. Бастауыш сыныптардан бастап ағылшын тілі оқытыла бастады. Қаладағыдай ауылды жерлерде жазғы лагерлерде, ағылшын тілі оқытылып жүр. Біздің мектепте бір ағылшын мұғалімі және ол жазғы лагерьде жұмыс істеуге де уақыт тауып жүр. Оқу үрдісінде ағылшын тілін барлық ұстаздар қолдануға тырысады. Ол әр түрлі ойындар, санамақтар, іс-шаралар арқасында жүзеге асуда. Балалар өздері талаптанып, өз смартфондарына ағылшын тілінен көмекші құралдар жүктеп алған.
Біздің мектеп үш тілді де меңгеріп, оқушыларымыз биік белестерден көріне береді деген ойдамын. Болашақ жастардың қолында, ал білімі жоғары дамыған елдер оқулықтарынан, кітаптарынан қажетті материалдарды аудармасыз оқыса, нұр үстіне нұр болар. Шетелдік алдыңғы қатарлы елдердің студенттерімен, біздің оқу орындарының студенттері бір сатыда тұру, енді арман емес, шындық.