Тарихи м?дени м?ралар Презентация



Қорабаева Меңдігүл ЕділбайқызыТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАЛАРДЫ ОҚЫП ҮЙРЕНУДІҢ МАҢЫЗЫ№16 орта мектеп, бастауыш сынып мұғалімі

«...Қазақстан халқына өз мәдениетінің келбетіне қайтадан толық көлемде ие болуына тура келеді. ...Мемлекетке тарихи атауын берген халықтың мәдениетіне даусыз басымдық берілуі тиіс, өйткені ол Қазақстаннан басқа еш жерде шын мәнінде түлеп дами алмайды»
Қазақстандағы мешіт-медреселердің саны архив деректеріне сүйенсек 18.01.1911 жылғы мәлімет бойынша: 84 медресе,28814 шәкірттер,130 ұстаздар болған.
ppt_yppt_yppt_y Маңғыстауда 1887 жылғы есеп бойынша 26 медресе болғандығы көрсетіледі.
Қараман Ата IX ғ, Шақпақ Ата IX ғ. – X ғ.
Шопан Ата X ғ. – XII ғ., Бекет Ата XVIII ғасыр
БЕКЕТ АТА (1750 – 1813)
Мырзағылұлы Бекет (Бекет ата) (1750—1813) — қазақтың әйгілі батыры, ағартушы, сәулетші. Халық әулие тұтқан. Маңғыстауда туып-өскен.
ppt_yppt_yppt_y
Мединада - Мұхаммед, Түркістанда - Қожа Ахмет, Маңғыстауда - Пір Бекет.
style.rotation
style.rotationppt_wppt_y Бекет ата мешіті
style.rotationppt_wppt_y

ppt_yppt_yppt_y
ppt_yppt_yppt_y ШОПАН АТА(X-XII ҒАСЫР)

style.rotation Аңыз бойынша Ақтау қаласынан 200 шақырымнан астам жерде Сенек кенті аумағында орналасқан бұл мешітті Қожа Ахмет Иасауи әулиенің шәкірті сопы Шопан-ата салған. Аңызда Шопан-ата мұнда тәлімгерлерінің асатаяғын тауып алып, сол жерде он бір жер асты камералардан тұратын мешіт тұрғызу шешіміне келді. Аңызда одан әрі баяндалады: жерге шаншылған асатаяқтан ағаш өсіп, ол осы күнге дейін өсіп келеді, оның жасағанына 800 жыл болды. Аңыз-әңгімеге нансақ, ағашты үш рет айналсаң, барлық аурулардан құтыласың екен. Шопан-Ата мешіті көп ғасырлар ішінде абажадай некропольмен қоршалған және үш мыңнан астам қорғандар бар.
Асатаяқ шаншылған жерден өсіп шыққан ағаш.
ppt_yppt_yppt_y


Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштерінің арасында Маңғыстау мен Үстірттің сәулет құрылыстарының орны ерекше. Олардың әралуандығы, пайдаланған материалдары, салу техникасының ерекшелігі көшпенділер мәдениетінің биік дәрежеде болғандығын аңғартады. Құлпытастар, қорғандар, күмбездер, қорымдар біртұтас жүйеде сәулет өнерін құрайды. Тастардың түрлі өрнектермен қашалуынан, ою-өрнектердің әр түрлілігінен Адай сәулетшілерінің шеберлігін байқауға болады.
Шопан Ата, Сүгір жырауға ескерткіш


ШАҚПАҚ АТА(IX - X ҒАСЫР)

Форт-Шевченкодан солтүстік-шығысына қарай 20-дан астам шақырым жерде, Түб-Қараған түбегінде орналасқан Шақпақ-Ата мешіті Батыс Қазақстандағы сәулетшіліктің ең көне ескерткіші болып табылады. Мешіт жоспарының пішіні, сондай-ақ басқа да сәулет детальдары ғимараттың IX-X ғасырға жататынын дәлелдейді. Мешіт жер жүзінің жақтарына қатаң бағытталған, әк тас жартасында шабылған және төрт камерадан тұрады. Сөйтіп, капителі бар төрт бағанасымен креш-күмбезді шіркеудің (храмның) өзіндік нұсқасы болып табылады. Құрылыстың күмбезі киіз үйдің құрылғысына ұқсайды, ал ортасында доңгелек терезе шабылған. Жер астындағы мешіттің порталды және ішкі қабырғаларында көптеген жазулар, жануарлар суреті мен нышанды белгілер бар.

“Ұрпақ санасына шұғыла шашатын мәңгі өлмейтін құдіретті күштің аты – ғылым мен мәдениет. Ендеше сол ата-бабаларымыздың тарихи-мәдени мұрасын бірлесіп түлетейік” Н. Ә. Назарбаев
ОТПАН ТАУ – АДАЙ АТА КЕСЕНЕСІ2007 ж. 25 қазан

Отпантау – тарихи-мәдени кешен, кесене. 2007 ж. 25 қазанда ашылды. Кешен С.Адайдың бастамасымен 2004 ж. қолға алынған. Отпан таудың басында салынған 12 құлпытас ортасынан қос күмбез көтеріліп, ол алтынмен апталынды. Үш құлпытастың ортасындағысының қас бетіне алтын әріппен «Адай ата» деген сөз жазылды. Отпантау кесенесіне кірер есік екеу: олар «қасиетті қос босаға» деп аталады. Күмбезді көтеріп тұрған құлпытастарға Адайдың сегіз арысының аттары, ал күмбездің ішкі бетіне Адай ұрпақтарының аты мен рулық шежірелері алтын әріппен жазылған. Кіреберістегі керегелер биік мұнараларға бекітілген. 12 қанат керегенің ішкі беті гранитпен қапталып, оған әр түрлі тілдерде Адай туралы дерек-жазбалар ойылып түсірілген. Кесененің диаметрі 7 м, биіктігі 13 м. Кесене және оның шығысындағы төбе басында көк бөрі мүсіні орнатылған. Кесененің негізгі материалдары жергілікті орындардан алынған; гранит пен мәрмәр тастар шетелден әкелінген; ал көк бөрі мүсіндері мен алтын аптаулар шет ел зауыттарында құйылып жасалған.
АДАЙ АТА КЕСЕНЕСІ
Көк бөрі
style.rotationppt_wppt_y «Отпан тау – жеріміздің төрі, Адай-Ата кесенесі – еліміздің мөрі»
style.rotationppt_wppt_y Тарихи-мәдени мұраларды оқып үйрену – рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың маңызды шарты:Ежелгі тарихи ескерткіштерді, киелі орындарды білу арқылы оқушыларда рухани-адамгершілік құндылықтар қалыптасады. Рухани-адамгершілік құндылықтарға – өз ұлтының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, ән мен күйін, елге қасиетті тұлғаларды, дала аңыздарын білу жатады.Тарихи-мәдени мұраларды оқып үйрену оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелейді.Қазақ жерінде тарихи ескерткіштерді білу оның тұрғызылуы себебін және тұрғызған адамдарды білу оқушыларға өз халқымен, өз Отанымен мақтануға және биік рухта тәрбиеленуге көмектеседі.
Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға үлкен рахмет!
ppt_xppt_y