Бастауыш сыныпта?ы ана тілі п?нінен ашы? саба?. С?йлем. Ж.Жабаев Балалар?а та?ырыбы


Сабақтың тақырыбы: Сөйлем.ЖЖабаев "Балаларға"
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушылардың сойлем туралы ұғымдарын кеңейтуге және оның тыныс белгілері
жайында ұғым қалыптастыруға мүмкіндік жасау.Ж.Жабаевтың “Балаларға” өлеңін
түсіндіру,меңгерту.Айтыскер ақынның өмірімен таныстыру.Сөз өнерінің құдіретін
меңгерту.
2.Оқу-жазу дағдыларын жетілдіру.Сөйлеу тілін,сөздік қорын дамыту.Оқушыны
қиялдап,шығармашылықпен жұмыс жасай білуге баулу.Логикалық ойлау қабілетін
дамыту.Танымдық қызығушылықтарын кеңейту
3.Ақынның өмірлік мақсаты мен арманына жетудегі талпынысы мен
табандылығын үлгі ету.Дана дара тұлғаны қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдістері:Баяндау, сұрақ-жауап,ойын
Сабақтың көрнекілігі: Жамбыл ақынның портреті,интерактивті тақта,видеоролик,үлестірме парақшалар
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
І.Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасып,зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ.Психологиялық дайындық
Шырылдады қоңырау,Біз сабақты бастаймыз.Партамызға отырыпӨзара көз тастаймыз.Табыс тілеп көзбененЖаңа білім алуғаАлға қадам жасаймыз!
ҰРАНЫМЫЗ: Жақсы оқу,үлгілі болу
МАҚСАТЫМЫЗ: Еңбектену, 5-ке қолды жеткізу
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
1.Жырау жатқа айту
2.Ереже
ІІІ.Откен материалдар бойынша білімдерін тексеру.
"Кім жылдам?"
Паравоз вагонындағы сұрақтарға жауап беру.
1. Оқыды кітп Айдос(сөздерті ретімен қой)
2. Заттың қимылын білдіретін сөздердің ережесі
3. Заттың атын білдіретін сөздердің ережесі
4.Заттың санын білдіретін сөздердің ережесі
5.Заттың сынын білдіретін сөздердің ережесі
IV.Жаңа сабақ
Ж.Жабаев 1846 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген.
Жамбыл Жабаев жыршы,жырау, 100 жасаған айтыскер ақын.
Жамбыл туралы түсірілген кинолар, ескерткіштер мен театрлармен таныстыру.Жамбыл аталарың балаларға көп өсиет айтқан.Соның бірі бүгінгі "Балаларға" деген өлеңі.
294195518986500 Артықша туған азамат Әкеме Сүйінбайға
1783080-31750034321757937500

Өлеңдері
3296285158750020231101587500

Балаларға Толғау
"Балаларға"
(Өлеңді мәнерлеп оқып беру)
Балалар аманбысың шырақтарым
Майысып көлге біткен құрақтарым
Жүрмесем есенднсіп тұра алмаймын
Ішінен асып кетсе бір аптаның
Қонаққа келді міне Жамбыл атаң
Сан жылдар жүк көтерген бүкір жотам
Қарт бабаң дәуіріне мейірі қанған
Қуанып жастығына мейірі қанған.
Кітаппен жұмыс.
Мәнерлеп оқыту.Тізбектей оқыту.
1. Жамбыл атаның қандай өнері болған?
2. Жамбыл ата балаларға қандай сөздер айтты?
3. Жамбыл ата туралы не білесіңдер?
ЕРЕЖЕ: Сөйлем сөздерден құралады.Сөйлемдегі сөздер бір-бірінен бөлек жазылады
Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады. Сөйлемнің соңына нүкте /./ не сұрау белгісі /?/ немесе леп белгісі /!/ қойылады
"Көктем" тақырыбында әңгңме құрау
V.Сергіту сәті.
Дәптермен жұмыс.
150-жаттығу.
VII.Жаңа сабақты бекіту.
1.Сәйкестендіру тесті
2.Толықтыру тесті.
VIII.Қорытындылау.
1.Ыстық орындық.
2.Бала Жамбыл.Видеоролик
ІX.Үйге тапсырма
Өлеңді мәнерлеп оқу
Х.Бағалау.