?йымдастырыл?ан о?у ?ызметіні? технологиялы? картасы Мені? отбасым


Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні: 20.01.2017ж.
Білім беру саласы: Таным.
Бөлімдері: Қоршаған орта. Жапсыру.Тақырыбы: Менің отбасым.Мақсаты: Отбасы және оның мүшелері жайында білімдерін дамыту, тиянақтау. Ойын, тақпақ арқылы балалардың ой-өрістерін, тілдерін дамыту. Ата-анаға, туыс-жақындарына деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.Қажетті құралдар: Ойыншық көжек, әр балаға отбасы суреттері бар эмблема, ойыншық-жұмсақ жүрек, отбасылық газеттер, хайуанаттар суреттері, қағаз тәрелке, желім, сүрткіш, т.бСөздік жұмыс: отбасы. Билингвальді компонент: Отбасы –семья , ана-мама, әке-отец.
Оқу қызметінің кезеңдері Тәрбиешінің іс- әрекеті Балалрдың іс-әрекеті
Мотивациялық -қозғаушылық Шаттық шеңбері
-Қайырлы күн балалар. Бүгінгі келген қонақтармен амандасайық.
Енді барлығымыз үлкен шеңбер жасап, мына өлең шумағын бірге айтайық.
Отбасы бар менде, сенде,
Керек ол кішіге, үлкенге.
Отбасы сыйласым жайлаған,
Ұя ғой келісім орнаған.
-Ал бүгін өзіміздің туған үйіміз, отбасымыз туралы әңгімелесеміз.
Шеңберге тұрып, келген қонақтармен амандасады
Өлең шумағын бірге қайталап айтып, қимылдар арөылы көрсетеді
Орындыққа жайғасып отырады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Күтпеген сәт.
-Балалар, бізге көжек келді, оның көңіл күйі жоқ, ренжулі , өйткені оның анасы кетіп қалыпты, ол үйде жалғыз қалды. Көжек сендермен болғысы келеді және сендердің отбасыларың туралы әңгіме тыңдағысы келеді.
-Балалар, сендердің отбасыларың бар ма?
-Сендерге отбасында кімдер қамқорлық жасайды?
Ал, сендер ата-аналарыңа қамқорлық жасайсыңдар ма?
-Ал, аналарыңа ше, көмек бересіңдер ме?
-Жарайсыңдар балалар, әрқашанда отбасыларыңда бір- біріңе көмектесіп отырсаңдар, аналарың қуанады.
-Сонымен, «отбасы» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
-Ия, дұрыс айттыңдар, әрқайсымызда отбасы бар. Онда сендерді жақсы көретін, сендер жақсы көретін адамдар тұрады екен.
Сергіту сәті «Бес саусақ» Е. Өтетілеуұлы
Бас бармағым-атам,
Үйдің данасы.
Балаң үйрек- әжем,
Ошақ анасы.
Ортан терек-әкем,
Отау панасы.
Шылдыр шүмек- шешем
Шаңырақ ажары.
Титтей бөбек-мен,
Бәрінің базары.
Әңгімелесу:
-Балалар, бүгін тобымызда «Менің отбасым» туралы фотокөрме ашылды , қазір балалар өздерінің туған отбасы жайлы әңгімелеп береді.
-Сендер өз отбасыларың туралы жақсы айттыңдар, енді көжекке анасын табуға көмектесейік.
Дидактикалық ойын: «Анасын табуға көмектес?»
Қоян-көжек, Аю- қонжық, Мысық- марғау, Ит-күшік, Сиыр- бұзау, Жылқы-құлын, ,Тауық-балапан.
Жарайсыңдар балалар, біз көжекке анасын табуға көмектестік.
Ойын жаттығу: «Мейірімді ата-аналар!»
-Балалар ,бәріміз шеңберге тұрайық. Әр отбасында бір-бірін еркелетіп атайды. Ал, сендерді еркелетіп атай ма? Ал, қазір біз сендерді ата-аналарың қалай еркелетіп атайтынын білеміз. Менің қолымда жүрек, ол жұмсақ, мейірімді, оны жерге түсіруге болмайды, ендеше бастайық. Балалар көжекті көреді, әңгімесін тыңдайды
Бір бала шығып көжекке былай дейді:
-Көжек сен бізбен бірге қал, ренжіме.
-Ия, бар.
-Ата, әже, әке, ана, аға, тәте, іні, қарындас
-Ия, жасаймыз.
Жауаптар:
-Мен анама ыдыс жууға көмектесемін.
-Мен ойыншықты жинаймын
-Мен өз киімді жууға көмек беремін
-Ал мен еденді сыпырамын.Аружан
- Мен асқа үстел әзірлеймін
-Үйді жинауға көмек беремін. Амангелді
-Мен шаңды сүртемін
-Ал, мен киімді бүктеймін.
-Ал мен, бөпеме қараймын. Балалар жауаптары:
-Отбасы дегеніміз, бір-бірін жақсы көретін адамдар Ерасыл
-Бір жанұяда тұратын адамдарды айтамыз.
-Жақындар мен туыстар, бауырлар
-Отбасы біздің ең жақын адамдарымыз.
-Отбасы дегеніміз -әке, ана, ата, әже, аға, тәте,аға, іні, сіңілі, қарындас.
-Адамға ең қымбат- отбасы
Қол қимылдары арқылы көрсетеді.
2 бала сөйлейді
-Мен үйде тұрамын. Мен туған үйімді жақсы көремін. Мені үйде бәрі жақсы көреді. Ал, мен оларды сыйлаймын.
-Менің өз үйім бар. Біздің отбасымыз көңілді, анам-мейірімді, әкем-қамқор, мен оларды қатты жақсы көремін, оларға көметесемін. -Ия, атайды.

Балалар жауаптары:
-Мені әжем жаным, сәнім дейді.
-Мені атам ботақаным дейді .
-Мені анам күнім, шуағым дейді.
- Ал мені әкем Ерасыл батырым дейді.
-Ал мені анам қошақаным дейді.
-Мені анам ботақаным дейді .
-Ал, мені әкем құлыным дейді
-Мені анам алтыным деййді
-Ал мені әжем балапаным дейді
Рефлексиялық-түзетушілік Жапсыру: «Отбасымның портреті»
-Балалар, қазір үш топқа бөлінесіңдер: әке, ана, бала болып. Сендердің кеуделеріңде эмблема бар, соған қарап, үстелдеріңді тауып алыңдар.
Балалар мына қатты қағазға «отбасының портретін»: әкені, ананы, баланы құрстырасыңдар. Дөңгелек- олардың беті болады. Сендер олардың бет әлпетінің бөліктерін жапсырасыңдар.
-Балалар жасаған жұмыстарыңды қолға алыңдар, бәріңде жақсы жұмыс жасадыңдар, қараңдаршы қандай тату-тәтті отбасы шықты.
Отбасы біздің ең жақын, ең қымбат адамдарымыз, оларды жақсы көрейік, көмектесейік, ешқашан да ұмытпайық. Ал, біз бүгінгі оқу іс-әрекетімізді «Сен бақытты ұлансың!» деген өлең жолдарымен аяқтаймыз.

Әр бала өз эмблемасына қарап үстелдерін табады
Балалар қатты қағазға
орындайды.
Тақпақ оқу сабақты аяқтау
4 бала алдыға шығады, қалғандары дауыстап айтады.
1.Анаң-күнің жүрегің,
Әкең-өмір тірегің.Айрина
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!Бәрі қосылып айтады.\
2.Әжең-асыл ардағың,Арнұр
Атаң-дана қорғаның
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!
3.Ағаң-қамқор, асқарың,Айдана
Інің-мөлдір аспаның.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!\
4.Қарындасың-қанатың,Ерасыл
Ел Отаның, жанатың.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!
Күтілетін нәтиже:
Біледі: отбасы және оның мүшелері жайында өз ойларын айта;
Игереді: ойын,санамақ ,тақпақтарды орындауды және шығармашылық тапсырмаларды жасауды;
Меңгереді: ата-анаға, туыс-жақындарына деген сүйіспеншілік сезімдерін білдіруді.