Разработка открытого урока по казахскому языку в русских классах для 9 классов ?ш тілді ме?геруді? тиімділігі


Титов атындағы №20 мектеп - гимназия

Дебат сабақ
Тақырыбы:
Үш тілде білім беру қажеттілігі

Орындаған: қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Айдарбекова Г.А
Қатысушылар: 9-А,В
Тақырыбы: Үш тілде білім беру қажеттілігі
Мақсаты: оқушылардың үш тілділік оқыу бағдарламасына көзқарастарын анықтау және оқушыларды шешендікке баулу
Көрнекілігі: интерактивті тақта, мінбе, критериалды бағалау парақшасы
Әдістері: Түсіндірме, сұрақ-жауап,пікірталас, пікір алмасу
Пән аралық байланыс: қазақ тілі, ағылшын тілі, тарих,орыс тілі 
БарысыҚұрметті көрермендер, әділ – қазылар және дебат мүшелеріқазіргі таңда қоғамдағы және мемлекетімізді алаңдатып отырған күрделі мәселелердің бірі – тіл мәселесі. Тіл біздің рухани байлығымыз. Қазіргі таңда өз ана тілімізді жан-жақты зерттеп біліп жатырмыз. Оған қоса орыс және ағылшын тілдерін де біршама меңгердік деп айта аламыз.
Қазақстан Республикасының Президенті – ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»  атты Жолдауында «Қазақстан әлемде жоғары білімді, халқы үш тілді де:қазақ тілін – мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін –ұлтаралық қатынас тілі ретінде және ағылшын тілін —жаһандық экономикаға нәтижелі өтудің көмекші тіліретінде еркін меңгерген ел болып танылуы керек» деп атап көрсетті.
Ендеше,осы мәселеге біздің оқушылардың көзқарасын білмек мақсатында бүгінгі дебатымызды бастайық.
Бүгінгі дебат сабағымызды екі топтың тіл туралы мақал – мәтел сайысынан бастасақ.
«Тіл жоқ жерде-ұлт жоқ»
«Тіл жоқ жерде - ұлт жоқ»
«Тәрбие басы-тіл»
«Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі ілім іл» т.б.
Қазіргі қоғам талабы үш тілді меңгеру және меңгерту болып отыр.Әрине үш тілді меңгерту және үш тілде білім беру қажет. «Заман талабына сәйкес бірнеше тілді меңгерудің артықтығы жоқ» - деп елбасы Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында айтқан болатын.
Енді «Үш тілде білім беру бізге қажет пе әлде қажеті жоқпа? (қазіргі таңда)» тақырыбында мектебіміздің дебат клубының мүшелерінің талқылауына берсек.Дебат пікірсайысында қаралатын тақырып:
« Ү ш т і л д е б і л і м б е р у қ а ж е т т і л і г і »Жақтаушы «Ізденімпаз» тобының кейсі (тұжырым)Дефиниция: Білім, тіл, болашақКритерий: Үш тілде білім беру – асыл мұратАргумент: Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.Даттаушы «Данышпан» тобының кейсі (тұжырым)Дефиниция: Тіл, дәреже, шала қазақКритерий: Тілге құрмет – елге құрметАргумент: Өз үйіндегі өгей тіл.Сұрақ қою ретіЖақтаушы топ Даттаушы топ1 спикер- 5 мин 1 спикер- 5 мин2 спикер- 5 мин 2 спикер- 5 мин3 спикер- 5 мин 3 спикер- 5 мин
4спикер-5мин 4-спикер 5минҚай халықтың болмасын мәдениеті, дәстүрі, ұлттық қадір қасиеті ана тілі арқылы көрініс тауып, ана тілі арқылы шырайлана түседі. Халық барда тілі бар. Тіл мен халық егіз ұғым екені бәрімізге мәлім.Қазақстан өркениетті елдер қатарына қосылсын десек, көштен кеш қалмауымыз керек. Дегенмен де қазақ тілінің өрлеп, өсе түсуіне еңбек сіңіру - әрбір қазақтың бірден – бір міндеті болып табылады.Заман талабына сай сұранысы артып тұрған алып екі тілдің қатарында біз қазақ тілін ең көп қолданатын, ең айтқыш, ең білгір, ең бай тіл ретінде сұранысқа ие тілге айналдыруымыз қажет.
Қорытындылай келгенде, болашақ жастарымыз өз тілін ардақтай отырып,заман талабы тудырып отырған үш тілде еркін сөйлеп,басқа шет мемлекеттермен еркін байланысқа түсіп жатса еліміздің ертеңін көркейте түсетіні сөзсіз. Олай болса бүгінгі талапкерлерге сәттілік тілейік.
Бағалау
Оқушының өзін – өзі ұстауы Ойын жеткізу ұшқырлығы Тіл тазалығы Нақты дәлел келтіре білуі 1-3балл