Ма?ала Жа?аша о?ыту-заман талабы


Коучинг «Блум таксономиясы»
Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті – білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Мұғалімдер алдында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына жағдай туғызу қажеттілігі тұр. Жаңа технология әрбір мұғалімнен жаңа ізденісті, шығармашылықпен ойлауды талап етеді.Ой-өрісін дамытатын интеллектуалды жұмыс түрлерін жіктеп саралау, пәнге деген қызығушылығын арттыру, және жаңа кезең технологиясын зерделей отырып, өз жұмысында тиімді қолдану. Тақырып бойынша педагогикалық тәжірибеге сараптама жасау және оны меңгерумен қатар, оқушылардың оқу белсендігін арттыру жолдарын қарастыру. Соның бірі, әрі сабақта оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда тиімді Блум таксономиясы.
Осы аталған «Блум таксономиясы» тақырыбы бойынша «№2 Қашар орта мектебі» КММ күзгі демалыс уақытында әріптестеріммен коучинг өткіздім. Коучингтің негізгі мақсаты –мұғалімдерге «Блум таксономиясы» туралы түсінік беріп, оны практикада қолдана білу.Коучингке бастауыш сынып мұғалімдері мен жоғары сынып мұғалімдері қатысты. Әріптестеріме «Блум таксономиясын» өзім ғана біліп қоймай, сабақтарда қолданып, уақытты тиімді пайдалана отырып, сапалы білім мен балалардың өзін-өзі бағалауға қол жеткізу үшін өзге де ұстаздармен бөлісіп, оларға да пайдалы тиімді оқыту жақтарын коучинг барысында түсіндірдім. Мұғалім тек мұғалім деген атпен мектепте қалып қоймай, тынбай іздену мен еңбектің арқасында жетістіктер мен бала оқытуда көптеген нәтижелерге қол жеткізуге болатынын түсіндірдім. Коучингке келген мұғалімдер тек тыңдап қана қоймай, математика пәні мұғалімі-Мұхамеджанова Ұ.мен тарих пәнінің мұғалімі-Эгамбергенова С. өздерінің сабақтарында қолданып жүрген «Блум таксономиясы» арқылы әріптестерімен сабақ жоспарларын құрап көрсетіп, оны талқыға салды. Жұмыс барысында мұғалімдердің интелектуалдылығы, зерттеушілік қабілеттіліктерінің жоғары екендігін байқадым.Олардың бұл қырынан танылуы, яғни сол қырлардың ашылуы менің жетістігім деп білдім. Жұмыстарын қорғау барысында әркім өз пікірінде қалуға тырысты. Себебі барлық топтардың жоспарлары сапалы, құнды етіп түзілген.
Сонымен бұл сессияның қатысушылары үшін тиімді болғаны «Блум таксономиясы» түсінігі қалыптастырылды, нәтижеге қол жеткізудің жолдарын үйренді. Мен үшін сессиядағы сәттілік коуч сессиясына қатысушылардың басым бөлігінің «Блум таксономиясы» туралы мағлұматтардың барлығы мен тақырыптың қатысушылар үшін маңыздылығы.
Алтынбаева Жанар Елжановна
Бастауыш сынып мұғаліміҚостанай облысы
Қашар кенті
№2 орта мектеп