25 ж?лдызды к?н, жар?ын тарту. Сма??лова Н?рг?л ?абдеш?ызы


25 жұлдызды күн , жарқын тарту
Амантоғай жалпы білім беретін орта мектебінде ҚР Тәуелсіздігіне арналған 25 іс-шара жоспарланып, әр сыныпқа тапсырмалар берілді.
1сынып оқушылары «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышымыз» тақырыбында іс- шара өткізді. Іс- шараның негізгі мақсаты оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Кішкентай бүлдіршіндер берілген тапсырманы ойдағыдай атқарып Отанына, еліне деген патриоттық сезімдерін өлең шумақтарымен жеткізді.Дүйсенбаева Жансая мен Тортаев Ержан Ту ,Елтаңба,Әнұран туралы толық мәліметтерді жатқа айтып беріп,өз шеберліктерін көрсетті.Интербелсенді тақтадан Елтаңба, Ту, Әнұранның шығу тарихтары туралы слайдтар көрсетіліп,оқушылар кең көлемде мәліметпен танысты.
Іс- шараны Тапаев Ерасыл «Қазақтай ел қайда » әнімен аяқтады. Мектептің тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Фарида Елтайқызы 1сынып оқушыларына тілек лебізін білдірді.
Смағұлова Нұргүл Қабдешқызы
Бастауыш сынып мұғалімі
Амантоғай жалпы білім беретін
орта мектебі