За?ды білу-заман талабы т?рбие са?аты


Тақырыбы: Заңды білу – заман талабы.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының заңдарына тоқтала отырып, балаларды шыншылдыққа , әділдікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Отанын, елін, жерін қорғауға және сүюге баулу. Ата Заңға сый – құрметпен қорғауға тәрбиелеу.Тарихи танымын кеңейту.
Әдіс-тәсілдері: айтып түсіндіру, көрсету, сұрақ- жауап алу, мадақтау, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан рәміздері.Қ.Р.Президенті Н.Ә.Назарбаевтың портреті.
Әнұраным – жан ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім,
Туған жерім- сағынарым,
Мәңгі – бақи шырқалады,
Республика әнұраны.
Әнұран орындалады.
Құрметті балалар, бүгін біз 1995 жылы 30 тамызда Бүкілхалықтық Референдумда қабылданған Ата Заң күнін атап өтеміз. Заң дегеніміз- қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз- мына біздер, ал Ата Заңымыз – еліміздің рәміздерінің бірі.Н.Ә.Назарбаев « Ата Заң – бұл да рәміздердің бірі. Сондықтан негізгі заңды , елдің туын, әнұранын және елтаңбасын қадірлеу, құрметтеу – біздің парызымыз» деген.
Жасұлан: Ата заңың бірлігің
Бүгінгі іс, тірлігің
Елдің ырыс бақыты
Бейбітшілік нұрлы күн
Ақтоты: Ата заңың қуатың
Сенім мақсат, мұратың
Мақтанышың көк туың
Көкте шалқып тұратын.
Мансур: Ата заңың – тірегің
Арман, үміт, тілегің
Өрлеп өскен бүгінгі
Өз отаның, ұлы елің
Бифатима: Ата заңың мерейің ,
Мәртебең мен беделің
Ата заңмен өркендеп
Өсіп өрлей берейін
Темірлан: Бас иетін бар адам
Әрбір сөзі салмақты
Қорғар бәле – жаладан
Ата заң бұл ардақты
О.Іңкар: Ата заң ол атасы
Барлық заң мен жарлықтың
Ал атаның батасы
Ақ тілек қой ең мықты.
Би: «Қаражорға»
Әрбір азамат заң талабына бағынып, жат қылықтар, өрескел тәртіп бұзушылыққа бармауы, өзіне жүктелген міндетті орындауы өз елінің Ата Заңын, халқын құрметтеуі деп білеміз. Ата Заң – елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтан да біз оны Ата Заң деп құрметтейміз.
Ө.Іңкар: Көкбайрағы бабамның –
Бүгінгі ұрпақ жалауы
Тірегі әке баланың
Қазақстан жалауы.
Қарақат: Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат әдемі
Тұнығындай көлімнің,
Ортасы аспан әлемі.
Би: «Ақ тілек»
Біздің Ата Заңымыз – дүние жүзіндегі ең әулетті заң. Ол Республикадағы халықтардың мүдделеріне лайықты жасалған.
« Артық болмас білгенің» сұрақ- жауап
Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз?
Қазақстан Республикасында
Қазақстан қандай Республика?
Егеменді, тәуелсіз Республика
Қазақстан Республикасының елбасы кім?
Қазақстан Республикасының елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Қазақстан республикасының мемлекеттік тілі қалай аталады?
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қазақ тілі.
Қазақстан Республикасының рәміздеріне нелер жатады?
Қазақстан Республикасының рәміздеріне ту, елтаңба, әнұран жатады.
Қазақстан Республикасының елордасы қай қала?
Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы.
Күні бүгін ата- бабаларымыздың асыл арманы орындалып отыр, ол шынайы мемлекеттік , біртұтас, жалпыға бірдей Ата Заңымыздың болуы. Осы Ата Заңымыз халқымызға адал қызмет етеді деп сенеміз.
Хор: «Қазақстаным менің»