?дістемелік н?с?ау: ПЕДАГОГИКАЛЫ? ОЗАТ Т?ЖІРИБЕ: ЖИНА?ТАУ Ж?НЕ ТАРАТУ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЗАТ ТӘЖІРИБЕ: ЖИНАҚТАУ ЖӘНЕ ТАРАТУ
Архыматаева Н. Ж.
Семейдің М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж оқытушысы
Педагогикалық тәжірибе – педагогтың күнделікті қызметінде меңгерген іс тәжірибелік білім, іскерлік, дағдының бірлігі, кәсіби шеберлігінің негізі, педагогика ғылымдарының дамуының негізгі бір көзі.
Педагогикалық озат тәжірибе - оқыту мен тәрбиелеудің жоғары деңгейіне жеткен жаңашыл-педагогтардың өзекті шығармашыл тәжірибесі. В. И. Загвязинскийдің пікірі бойынша «ПОТ- қазіргі талаптарға жауап беретін, үнемі жетілдіріп отыруға мүмкіндіктер ашатын, үздік нәтиже беретін педагогикалық қызметтің үлгісі»
ПОТ педагогтардың шығармашылықтарын танытады, оқыту мен тәрбиелеудің креативті бағытын көрсетеді, жаңа білімді рефлексивті-шығармашылықпен меңгеруді қалыптастырады, оларды продуктивті енгізу мен шығармашылықпен қолдануға ықпал етеді.
Педагогикалық озат тәжірибенің белгілері:
Бірінші белгісі – қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі. Озат мұғалімдермен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өмір талабына сай жұмыс істеп, педагогикалық процесті жетілдірудің тиімді жолдарын табады.
Екінші белгісі - педагогикалық қызметтің тұрақты жақсы нәтижелері. Педагогикалық «өнім» - оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларының, жалпы дамуының, тәрбиелілігінің деңгейі.
Үшінші белгісі – оқыту, тәрбие, дамуда тұрақты, жақсы нәтижелерге жету үшін мұғалімдер мен оқушылардың өз күштері және құралдарын орнымен жұмсауы. Оқушыларға шамадан тыс қосымша тапсырмалар беріп, басқа пәндерді меңгеруге зиян келтіріп, білім сапасына кітеретін тәжірибе озат тәжірибе деп есептелмейді.
Төртінші белгісі – жаңалық.
Педагогикалық озат тәжірибені тарату- әдістемелік жұмыстың стратегиясы, әдістемелік өнім. Педагогикалық тәжірибені зерттеудің кейбір жолдары бар. Олар: оқытушының өз тәжірибесін өзі зерттеп жинақтауы, педагогикалық еңбек шеберлерінің жұмыс жүйесін зерттеу және жинақтау; бір педагогикалық тақырып бойынша бірнеше оқытушылардың іс-тәжірибелерін зерттеу және жинақтау; жаңашыл оқытушылардың озат тәжірибесін тарату және оны оқу-тәрбие процесіне енгізу. Озат педагогикалық тәжірибе оқу – тәжірибе жұмысын үнемі дамытып және жетілдіріп отырады.
Инновация – педагогикалық процеске оқыту мен тәрбиенің жаңа тұжырымдамаларын, түрлерін, әдістерін, құралдарын енгізіп, мақсатқа жету. Инновациялық процессіз білім беру жүйесінің дамуы мүмкін емес.
12 жылдық білім беруге көшу мәселесінде жаңа қоғамдық формациядағы білім беру мен оқытушылардың алдында тұрған негізгі мәселелер «оқуға қалай үйрету керек?» «Ойлауға қалай үйрету керек?» «Қалай өз өмірінің менеджері болуға үйрету керек?»деген сұрақтарға жауап табатындай білім нәрін беруге бағытталып отыр. Осы сұрақтарға жауап табу – оқытушыдан үлкен шығармашылық ізденіс пен кәсіби шеберлікті талап ететіні анық. Осы ретте жаңашыл идеялар мен жаңашыл тәжірибе керек. Педагогтың шығармашылық іскерлігі оқыту мен тәрбиенің нәтижелеріне қол жеткізудің тиімді жолдарын табуға ықпал етеді. Себебі, оқыту мен тәрбиелеудің жоғары нәтижесі – озат тәжірибенің басты көрсеткіші болып табылады. Сонымен, ПОТ – білім берудің өзекті міндеттерін шешуге бағытталған тәжірибе, оқыту мен тәрбиелеудің жоғары нәтижесі және басқа педагогтардың қолдануына қол жетімді тәжірибе.
2) Педагогикалық озат тәжірибені тарату мақсаты: педагогикалық озат іс тәжірибені анықтау, талдау, педагог қызметкерлердің инновациялық, шығармашылық тәжірибесін қазіргі зерттеулер мен педагогика және психология жетістіктерін ескере отырып тарату
Міндеттері:
Тұтынушыларды инновация мәселелері туралы сұраныспен қамтамасыз ету;
Педагогтардың кәсіби өсуіне ықпал ету;
Педагогикалық еңбек рефлексиясын жүзеге асыруға жағдай туғызу (жеке, ұжымдық кеңес беру, дайындық;
Педагогикалық ақпарат банкін жасау;
Тәжірибені тарату түрлері:
Ұжымдық тәжірибе
Жеке тәжірибе
Мазмұнды тәжірибе (курстар, іс тәжірибелік материалдар, әдістемелік нұсқаулар т.б.)
Технологиялық тәжірибе / педагогикалық технологияларды қолдана отырып/
Басқарушылық тәжірибе (білім сапасын басқару, білім сапасы мониторингі, педагог жұмысын әдістемелік қамтамасыз ету т.б.)
ПОТ тарату қызметіне бүкіл педагогикалық жүйе /колледж ұжымы, педагогтар қатысады/, ол педагог қызметін танып, білу, педагогикалық қызметті жүйе ретінде қарау.
Тәжірибені тарату технологиясы:
вербальды–аналитикалық сипаттама. Шығармашылық есеп, жеке-шығармашылық есеп, ғылыми-практикалық конференциялардағы баяндама т.б.
модульді – аналитикалық сипаттама. Ол бойынша ОПТ облысқа т.б. деңгейлерге таратылады.
Ақпараттық-педагогикалық модуль
АПМ- ақпараттық қысқаша түсініктемесі. Оның мазмұны мынадай сұрақтарға жауап беруден тұрады:
Бұл не?
Ол неге керек? (мақсаты)
Ол қалай жүзеге асырылады?
Қандай нәтиже береді?
ПОТ таратудың модульдік технологиясы
Тақырыптың өзектілігі (автор шешетін мәселе).
тәжірибенің мәні
жаңалығы
еңбек көлемі (оқушы мен педагог үшін қанша күш кетеді).
нәтижесі (3 жылда).
тәжірибені игеру мүмкіндігі мен жағдайы
Тәжірибені анықтау.
Ақпарат көздері:
бақылау кесінділерінің нәтижелері, мониторинг нәтижелері
сабақты, іс шараны талдау нәтижелері
инновациялық режимде жұмыс жасайтын педагог туралы білім беру ұйымдары басшыларының ақпараты;
педагогтың өзінің педагогикалық қызметте жоғары нәтиже берген жаңалығы туралы хабарлауы,
кәсіби мамандық байқаулары, конференциялар, семинарлар, педоқулар
білімалушылар мен ата-аналардан алынған сауалнамалар т.б.
ПОТ анықтап алғаннан соң мынадай сұрақтар туындайды:
Нені біліп, нені тарату керек?
Бұл жұмысты қалай жоспарлау керек?
тәжірибені қандай әдістермен зерттеу керек?
тәжірибе нәтижелерін қалай белгілеп отыру керек?
ПОТты кім таратады? (автор, әдістемелік кеңес, әдіскер).
2. ПОТ танысу және тарату
тәжірибемен танысу – ақпарат жинау.
Ақпаратты жинау әдістері:
нормативті, әдістемелік, әдістемелік құжаттарды оқу, танысу
бақылау
сауалнама алу (ауызша, жазбаша)
тестілеу (психологиялық диагностика);
бір сабақ немесе іс шараны бірден
ретроспекциялық әдіс (мазмұны бойынша) колледжді бітіріп кеткен студенттер, бұрынғы қызметтестер, басшылармен педагогтың қызметіне баға беруі бағытында әңгімелесу.
Тәжірибе бірізді ұстанымы негізінде жүргізілуі тиіс:
әдістемелік бірлестікке қызықты әдістемелік тәсілдерді ұсыну;
әдістемелік кеңесте өзінің жұмыс жүйесін ұсыну
ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу т.б.
Оларға дайындалу барысында педагог өз жұмысын жүйеге келтіріп, талдау жасайды.
Талдау және тарату- зерттеушілік қызметтің элементтері, ол педагогтан арнайы дайындықты талап етеді. Осы мақсатта педагогтарды алдыңғы педгогикалық концепциялармен таныстыру қажет болады, олар:
ақыл-ой қызметін біртіндеп қалыптастыру (П.Я.Гальперин);
дамыта оқыту жүйесі (Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов);
проблемалық оқыту (М.Н.Махмутов, И.Я.Лернер, А.М.Матюшкин);
программалық оқыту (Т.А.Ильина, Н.Ф.Талызина);
таным қызығушылығын дамыту (Г.И.Щукина);
оқытуды тиімді ету (Ю.К. Бабанский);
оқушының оқу жұмысын белсенді ету әдістері (Т.И.Шамова, И.Ф.Харламов, А.К.Маркова) т.б.
Педагог мынаны істей алуы керек!
өз қызметін болжау, жоспарлау, бағалау
педагогикалық фактілерді бақылау, ескеру, анықтау.
педагогикалық үрдістің компоненттерін өзара байланыстыра алу
педагогика, психология ғылымдарының жаңа идеяларына сүйену
өзінің қызметін үнемі талдап отыру.
Қорытынды: ПОТ таратудағы теориялық білім зерттеу әдістерін қолдана отырып, жұмысты жүйелі, бірізді белгілі бір логикамен жүргізуге көмектеседі.
Педагогикалық озат тәжірибені бағалау критерийлері
Мақсаты: педагогикалық озат тәжірибені бағалау белгілерін анықтау.
Өзектілігі (қажеттілігі, қазіргі уақыттағы орны );
Жаңашылдығы – деңгейлері:
жаңалық ашу (жаңашылдық);
ойлап табу (қайта жандану);
жетілдіру – белгілі іс тәжірибеге бейімдеу
Нәтижелілігі (тұрақты нәтижеге қол жеткізу 3 жыл аралығында. Психологиялық мәліметтерді психолог зерттейді (мотивацины, ес, ойлау, зейіннің дамуы, сабақта білімалушылардың өзін ыңғайлы, жайлы сезінуі);
Еңбек көлемі (нәтижеге қол жеткізу жолдарының уақыт тиімділіг, күш жұмсау, бала денсаулығын сақтау, артық күш жібермеу);
Тәжірибені басқа педагогтардың қолдануы яғни тәжірибені енгізу мүмкіндігі (технологиялығы).
Қорытынды:бағалаудың осы талаптары тәжірибені озат тәжірибе деп тануға негіз болады. Нәтижелілігі ПОТ ең басты талабы болып табылуы тиіс.
Нормативно-әдістемелік база
Мақсаты: жұмысқа қажетті нормативті құжаттарды құру
Педагогикалық озат тәжірибені тарату туралы ереже (озат тәжірибені тарату ұстанымдары, бағалау критерийлері,тарату түрлері, технологиялар, тәжірибені қарау тәртібі, авторды марапаттау, тәжірибені тарату формалары )
педагогикалық ақпараттар банкі туралы ереже
педагогикалық озат тәжірибені тарату бойынша әдістемелік нұсқаулар
сызба-алгоритм:
Педагогикалық тәжірибе жұмысын өзін-өзі тарату;
Тәжірибені табу, танысу және тарату үрдісін басқару;
Білім беру мекемесіндегі ұжымдық тәжірибені басқару
Қорытынды: нормативті -әдістемелік базаны құру педагогикалық озат тәжірибені тануғ танысу, тарату жүйесін қылаптастыруға ықпал етеді.
Тәжірибені таныту және тарату субьектілері
Тарату субьектілері опыта
Мақсат: түрлі дерек көздерінен озат тәжірибені тарату жайлы ақпарат алу
Колледж әдіскері
Оқу ісінің меңгерушісі
Педагогтар
Қалалық деңгейде тәжірибені таратумен айналысушы әдіскер

Қорытынды: озат тәжірибені тарату жұмысымен айналысушылар қажетті ақпарат беріп отырады.
Тәжірибені тарату формалары
Мақсаты:
Жаңашылдық туралы қажеттіліктермен қамтамасыз ету;
ПОТ таратудың ең тиімді формаларын қолдану.
Олар:
педагогикалық оқулар
ғылыми-практикалық конференциялар;
презентациялар
шығармашылық есеп
әдістемелік көрме;
кәсіби байқаулар;
мақалалар;
шеберлік кластары;
ашық сабақтар;
сабақ барысы, сабақтан тыс іс шара барысы жазылған бейнематериалдарды көрсету
білім жетілдіру курстары;
семинарлар;
тақырыптық кеңестер;
педагогикалық шеберхана;
бейнесалон т.б.
Сонымен, педагогикалық озат тәжірибе жұмысын ұйымдастыру арқылы – оқытушы шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибесі және шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі анықталады. Оқытушының тәжірибесіндегі жаңалық арқылы басқа оқытушыларға үлгі болып, озат тәжірибесі таратылады, ендеше ол жұмысты ұйымдастыру, жүргізу білім беру мекемесінің жаңашыл бағытының көрінісі. 12 жылдық білім беру жүйесі оқытушылардан тек жаңашыл, озық тәжірибені ғана талап ететіндігін ескере отырып, оқыту, тәрбие үрдісін жаңаша құру ісін жаңа бағытта ұйымдастыра білейік.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Внутришкольное управление: теория и опыт педагогических и управленческих инноваций / Под ред. Н.В. Горбуновой, - М., Новая школа, 1995.
Дробинина Е.Ю. Теоретическое исследование опыта педагогической деятельности (технологический подход): Научно-методические рекомендации руководителям и педагогам образовательных учреждений. – Вологда, 2004.
Т.И. Шамова. Исследовательский подход в управлении школой. - М., АППЦИТП,1992.
Технология обобщения и описание передового опыта / Методические рекомендации. Министерство образования РСФСР, ЦИУУ - М., 1990.
Макарова Л. Г. Системный подход к проблеме обобщения передового инновационного педагогического опыта на муниципальном уровне. Ч. 2009
Тұрғынбаева Г. Ұстаздық шығармашылық. А. 2008.
Құрманалина Ш..Педагогика. А; 2007.