?аза? тілі п?нінен саба? жоспар, та?ырыбы Баяндауыш


3-сынып Пәні: Қазақ тілі
Тақырыбы: Баяндауыш
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға баяндауыш туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға, оны сөйлем ішінен таба білуге мүмкіндік туғызу; сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу тілдерін дамыту; табиғатқа, салт-дәстүрге деген ізгілікті қарым-қатынасын тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекілік, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау.
Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды, жеке суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 5-жаттығу 70 бет.
ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру
Сөйлем дегеніміз не?
Олардың қандай мүшелері бар еді?
Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысады ма?
Олардың байланысын не қойып таба аламыз?
Сөйлем мүшелерін ше?
Бастауыш ережесін жатқа сұрау
Ү. Жаңа материалмен жұмыс:
а) оқулықпен жұмыс
ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу.
Бастауыштың ісін, қимылын білдіретін сөйлем мүшесін баяндауыш дейміз. Баяндауышқа не істеді? Не қылды? Қайтті? Деген сұрақтар қойылады. Бала жүгірді. Күн жарқырады.
1-жаттығу
Сурет бойынша малдардың қалай дыбыстайтынын айт.
Қой маңырайды.
Жылқы кісінейді.
Сиыр мөңірейді.
Түй боздайды.
2-жаттығу
Төмендегі сөөздер кімнің немесе ненің іс-қимылы екенін айт. Осы сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрастырып жаз.
3- Жаттығу
Өлеңді көшіріп жаз. Баяндауыштың астын екі сызықпен сыз.
Кім нені сүйеді?
Кесіртке құмын сүйеді,
Тасбақа тыңын сүйеді,
Сұңқар шыңын сүйеді,
Тұлпар қырын сүйеді,
Байғыз түнін сүйеді,
Құмырсқа күнін сүйеді.
Баяндауыш қай сөздің қимылын білдіріп тұр? Ол сөз қалай аталады?
Басқа құстар мен жануарлардың нені сүйетінін білесің ба? Ысалдар келтір.
ҮІ. Бекіту:
4-жаттығу
Әр сөздер тобынан бір сөзден алып, сөйлем құрастырып жаз. Бастауыш пен баяндауыштың астын сыз.
Жел, теңіз, үй, су;
Зәулім, баяу, көк, таза;
Толқиды, ішті, соқты, салынды;
Үлгі: Баяу жел соқты.
Әр сөздер тобына сұрақ қой? Олар қай сөз табы? Құрастырылған сөйлемдердегі бастауыш пен баяндауыш қай сөз табынан жасалып тұр?
ҮІІ.Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? Сөйлем дегеніміз не? Олардың соңына қандай тыныс белгілер қойылады?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 5-жаттығу 72- бет.
Оқушыларды бағалау