?аза? тілі п?ні бойынша саба? жоспары. Саба?ты? та?ырыбы: Кел,Жа?а жыл! ?лем елдеріні? жа?а жылды ?арсы алуы


Сабақтың атауы Кел,Жаңа жыл! Әлем елдерінің жаңа жылды қарсы алуы
Сілтеме Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Адамның сөйлеу, жазу арқылы хабар беру көрінісін бейнелейтін суреттер, хабар тарату құралдары.
Жалпы мақсаттарМақсаты: адамдар бір- бірімен қарым-қатынас жасауы үшін сөйлеудің қажет екендігін ұғындыру.
Пәндік нәтиже: Сөйлеудің тіл арқылы жүзеге асатынын ұғындыру; сөйлеу арқылы көп нәрсені біле алатынын түсіну.
Тұлғалы нәтиже: дұрыс сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу,қазақ тілін құрметтеуге , өз Отанын сүйе білугеүйрету.
Жүйелі-әрекеттік нәтиже: пайымдай білу дағдыларын дамыту; зейіндерін арттыру.
Оқыту  нәтижесіТопқа бөлу Оқушыларды пазл арқылы топқа бөлемін.
Ынтымақтастық атмосферасы Кім үлкенді сыйласа,Кім үлкенді тыңдаса.Үлкен болған кезіндеСыйлы болмақ өзі де. Оқушылар шаттық шеберін бірге қайталайды.
Үй тапсырмасын сұрау
Дәптердегі жаттығуларды қарап шығу
Қызығушылықты ояту Жапонияда күле бастайдыЖапонияда да Жаңа жыл 1 қаңтардан басталады. Бірақ, бұған қарап, бәрі батыстық өлшемдерге сәйкес деуге әсте келмейді. Үйге «зұлым рухтарды» кіргізбес үшін жапондар кіреберіске сабан байламдарын іліп қояды. Яғни, бұл әрекет өз түсініктерінше бақыт әкеледі деп есептеледі. Тағы бір өзіндік ерекшеліктері, нақ Жаңа жыл енетін сәтте олар жаппай қатты күле бастайды. Жергілікті түсінік бойынша күлкі жетістік пен сәттілік шақырады.
 
Қытайда шартылдақтар жарылады Қытайда Жаңа жыл 17 қаңтар мен 19 қаңтар аралығында, аспандағы ай жаңарғанда енеді. Әлемдік стандарт қаншалықты өміршең десек те, көне өркениеттер орталығы болған бұл ел осылайша ілкі дәстүрінен айнымай отыр. Көше шерулері бұл мерекенің ең маңызды бөлігі. Мыңдаған шырағдандар жағылып, Жаңа жылдың жолын ашу рәсімі жасалады. Қытайлықтардың пайымынша, Жаңа жыл залым рухтар қоршауында болады. Сондықтан да оларды қорқытып, қуалау үшін шартылдақтарды жарған ләзім. Кейде олар есіктер мен терезелерді қағазбен бітеп, ішке залым рухтардың кірмеуін қадағалайды.
Австралияда су киімдері киіледі Австралияда Жаңа жыл 1 қаңтардан басталады. Дегенмен, нақ осы уақытта ол жерде күннің ыстық болатыны сондай, Аяз ата мен Ақша қар сыйлықтарын суға түсерде киетін киімдерімен жүріп таратады. Өз кезегінде осындай аздаған киімдік ерекшеліктері болмаса ағылшын тілді елдердегі үрдістен алшақ кете қоймаған. 
  Болгарияда бәліш пісіріледі Болгарияда Жаңа жыл дәстүрлі түрде үйде қарсы алынады. Мереке басталмастан бұрын үйдегі ең жасы кіші адам шыршаның жанында тұрып қонақтарға қарата ән салады. Алғыс ретінде оған сый-сыяпат жасалуға тиіс. Ән салушы балаларға негізінен тәттілер сыйланады. Ең қызықты сәт сағат тілі 12-ні ұрғанда болады. Осы уақытта үй ішінде жаңа жылдық сүйісу үшін жарық сөндіріледі. Тек осы үрдістен кейін ғана үй бикесі ішіне сый-сыяпаты жасырылып пісірілген бәліштерін бөліп, кесе бастайды. Жеушілері тиын тістесе – байлыққа, раушан бұтағы болса – махаббатқа деп ырымдалады.
 
Италияда сыйлықты Ла Бефана әкеледі Италиялықтар Жаңа жыл түні терезесінен ескі заттарын, атап айтқанда, үтіктерін, үстелдерін, гүл құмыралары мен етіктерін лақтырады. Жаңа жылда қаншалықты көп зат лақтырсаң, келер жылы соншалықты молшылыққа кезігесің деп есептелінеді. Бұл ретте балаларға сыйлықты Санта Клаус немесе Аяз ата емес, жүрегі жұмсақ фея – Ла Бефана әкеледі деген сенім бар.
 

 
Испанияда жастар «некелеседі»
Испанияда ерекше жаңа жылдық дәстүр аталып өтеді. Яғни, шартты түрде жас жігіттер мен қыздардың некесі қиылады. Ол үшін жеребе тасталып, сол шек бойынша бірге түскен жұптар мереке аяғына дейін отбасы болып есептеледі. Әрине, қазіргі таңда мұның әзіл-сықақтық қана мәні бар. Бұдан бөлек, мереке қарсаңында испандықтар қонаққа барарында сыйлық себетіне шампан сала баруды әдет еткен. Және бір ескертерлік жайт – Жаңа жыл ол елде қоғамдық мейрам іспетті. Өйткені, нақ осы түні қалың бұқара орталық алаңға жүзім жеуге барады. Сағат тілі соғысымен әрбір испандық 12 жүзім жеуге тырысады. Яғни, осы рәсім орындалатын болса, алдағы жылы тілек орындалады деп біледі.
Германияда Лебкухен желінеді Германияда рождество Жаңа жылға қарағанда кеңірек тойланады. Яғни, бұл отбасылық мереке саналады. Жанұяның барлық мүшщелері міндетті түрде дастархан басына жиналуға тиіс. Осы күні Бешерунг – дәстүрлі сый-сыяпат, сыйлық алмасу үрдісі орын алады. Жаңа жылдық мәзірдегі ең басты тағам – Лебкухен деп аталады. 16 ғасырда мейіз бен ұннан тұратын осынау тәтті тағамның ұзындығы адам бойына жететін болған. Оңтүстік Германияда көбінесе шыны немесе фарфор торайлар, кейде ақша сақтауға арналған құтылар сыйға тартылады.
  Бұл күні болжам жасалады1691005808355 Фин елінде жаңа жылдық басты кейіпкер – Joulupukki, яғни, Аяз атаны олар осылай атайды. Сенімге сәйкес, ерте заманда ол сыйлықтармен бірге шыбық алып келетін болыпты. Ол үйге бас сұғарда: «Бұл үйде тілазар балалар бар ма?» деп кіретін болған-мыс. Ал, қазіргі таңда шыбық емес, сыйлықтар сыйланады және кисель мен күріш ботқасы әзірленеді. Бұл ретте қыздар құдай қосар қосағын түсінде көрем деген ниетпен қалайыны ерітіп, суға салады. Сол суға сұлулар беторамалының ұшын батырып, басына қойып жатады. Өзіндік дүниетанымында түсінде көрінген жігіт оған болашақта жолығуға тиіс көрінеді.
 

 
Жаңа жылды есікті ашып қарсы аладыБритан аралдарының тұрғындары «Жаңа жылды кіргізу» (Letting in New Year) салтын ұстанады. Хердфордширде Жаңа жылды кіргізу әрекеті мынадай: сағат тілі 12-ні соғуға аз қалғанда артқы есікті ашып, ескі жылды шығарып салдық деген ырым жасалады және соңғы сәтте алдыңғы есікті ашып, Жаңа жыл кіргізіледі.
 Times Square жаңа жылдық айна істеттесАмерикалықтар үшін Жаңа жыл үлкен де жарық Times Square сағатының тілі 12-ні көрсеткенде енеді. Осы сәтте алаңға жиылған халық сүйісуге көшеді және автокөліктерінің дабылын үсті-үстіне баса бастайды. Ал өзге тұрғындар осындай үйреншікті у-шудан-ақ жаңа жылдың келгенін түсініп, қара бұршақты қомағайлана жей бастайды. Аталған тағам сәттілік әкеледі деп есептеледі.
 Оқулықтағы тапсырмаларды орындауСөздік жұмысы
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу Сергіту сәті Бір, екі – еңкей,
Бүгілмесін тізең.
Үш-төрт шалқай
Иілмесін тізең.
Қолды көтер аспанға
Саусақты сөз, жасқанба. Оқушылар денелерін жаттықтырып,сергіп қалады
Ой толғаныс
БББ кестесі
Үй тапсырмасы 5-тапсырма 109-бетте Күнделіктеріне жазады
 Бағалау  Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мақтау, бағалау.