БАЛАБА?ША САБА? ЖОСПАРЫ: КЕЛ, ОЙНАЙЫ?!


Тақырыбы: "Кел, ойнайық!"
Мақсаты: Балаларға ұлттық ойындарды ойната отырып, қазақ тілі сабағына көңіл аудару.Міндеттері: Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, тез ойлауға баулу. Ұжымдыққа, ептілікке тәрбиелеу.Көрнекілігі: Ребустар, ою - өрнектер, ұлттық ойындар.Сабақ түрі: Ойын - сабақ.Сабақ барысы:Бәйгеге түсіп жарыспай,Жүйріктің бағы жанар ма?Білім мен өнер жарысыпТәрбие, тәлім табар ма?Бұл бәйге – ойдың бәйгесі.Кім жүйрік ойға – сол алда – дегендей сабағымыз «жарыс» ойын түрінде өтілуі және ең озық ойлы топты анықтаймыз.Бүгінгі ойынға екі топ қатысады. «Көбелектер» және «Қызыл Телпек» топтары.«Жарыста» ұлттық ойындар, ребустар, логикалық есеп тапсырмалар орындалады.- Олай болса, жарысымызды бастайық.1 - тапсырма «Аяқталмаған мақал - мәтелдер» Отансыз адам, ормансыз.........(бұлбұл) Ата – ағаш, бала -........ (жапырақ) Туған жердей жер болмас.Туған елдей........ (ел болмас)2 - тапсырма «Хан талапай ойыны»Жіліктен шыққан сүйек,Ойнаймыз біз шертіп.Бәрімізге таңсықАты оның – асық.(Асықтар шашылып нөмірлер бойынша сұраққа жауап беріледі)1 - сұрақ. Қазір жылдың қай мезгілі?Қазір қыс мезгілі2 - сұрақ. Балабақшада кімдер бар?Балабақшада балалар бар3 - сұрақ. Бүгін аптаның қай күні?Бүгін сәрсенбі4 - сұрақ. Біздің Отанымыз қандай?Біздің Отанымыз - Қазақстан.3 - тапсырма Ребус шешкізу.(балалар ребусты шешіп, шыққан сөзге байланысты өлең оқиды).Бірінші ребус: Алма, тышқан, алмұрт - суреттері.(сөздердің бірінші әрпінен сөз шығарады: АТА..........)Екінші ребус: Әтеш, жапырақ, есік – ӘЖЕ Музыкалық үзіліс. Ән «Менің Отаным»4 - тапсырма. «Теңге алу» ойыныШарты: Шеңбер бойынша теңге (сурет) қою. Ішкі жағында лексикалық тақырыптарға қатысты суреттер. Балалар шеңбер бойынша ән қимылдарын көрсетіп жүреді, музыка тоқтатылады. балалар теңге суретін алып - сөздерді қазақ тілінде атайды.5 - тапсырма: «Ою - өрнектер» құрастыру.Шарты: Төрт бөлікке бөлінген оюдан бүтіндей ою шығару керек. Ол үшін тапсырманы орындау керек.«Сөйлем құрастыр» -1 - топ: "Балабақша" тақырыбы бойынша- Балабақша үлкен, жарық, таза, әдемі. Балабақша екі қабатты. Мен балабақшада ойнаймын, тамақ ішемін, ұйықтаймын.2 - топ: "Ойыншықтар" тақырыбы бойынша.- Менде ойыншық қоян бар. Ойыншық қоян әдемі, үлкен, түсі ақ.Қимыл ойын кезегі «Арқан тарту»6 - тапсырма. «Тай жарысы» ойыныШарты: Әр топқа екі тапсырма беріледі.1 - топ: "Көкөністерді жина"2 - топ; "Жемістерді жина"Қорытынды: Балалардың білімін бағалау. Мадақтау. Қоштасу.