Ащы? саба? М?дени ?сімдіктерді? ж?не ?й хайуанаттарыны? пайда болу орталы?тары.


С а б а қ т ы ң т а қ ы р ы б ы : §48. Мәдени өсімдіктердің және үй хайуанаттарының пайда болу орталықтары. Саңырауқұлақтардыжәне ұсақ ағзаларды сұрыптаудың ерекшеліктері Биология 9 - сынып 2016 жыл Биология пәні мұғалімі: :Жаксылыкова П.Н ДАМЫТУШЫЛЫҚ: Оқыту кезінде оқушыларға түрлі тапсырмалар мен жұмыстар бере отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін, қиялдарын, жадысын, шығармашылық қабілеттерін арттыру. ТӘРБИЕЛІК: Оқушыларды өз беттерін жұмыс жасауға, тапсырылған жұмысты жылдам орындауға, және де алған білімдерін іс-жүзіндеқолдана білуге, сабақ үстінде ақпараттық-коммуникациялық технологиямен тиімді жұмыс жасай білуге тәрбиелеу. БІЛІМДІЛІК: Оқушыларға мәдени өсімдіктер және үй хайуанаттарының пайда болу орталықтары және оны ашқан селекционер-генетик Н.И.Вавилов туралы, саңырауқұлақтарды және ұсақ ағзаларды сұрыптау туралы мағлұмат беру. Сабақтың мақсаты: Сабақтың әдісі:Интербелсенді, баяндау, тест, сұрақ – жауап, картамен жұмыс . Сабақтың түрі:Ішінара ізденіс сабағы. Сабақтың типі:Жаңа білімді меңгерту. Пәнаралықбайланыс Г Е О Г Р А Ф И Я Э К О Л О Г И Я Ә Д Е Б И Е Т интербелсенді құралдар, электронды оқулық, Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі қағаздар, суреттер, кескін карта, оқушыға көмекші материалдар топтамасы Адам меңгермейтін білім бар ма?Жойқын істі тындырар күшің бар да.Оқы, үйрен, жас ұрпақ, бәрін меңгерАлға қойған мақсатың, ісің бар да! І. Ұйымдастыру кезеңіІІ. «Жан қиналмай жұмыс бітпес, талап қылмай мұратқа жетпес»ІІІ. «Білгенге маржан»ІҮ. «Білім кілті танымдылықта»Ү. «Еңбегіне қарай өнбегі» ҮІ. «Оқу түбі тоқу» Үй тапсырмасы: ІІ.1. Лездемелік сұрақтар 1. Сұрыптау дегеніміз не? 2. Будандық қуат шалпылы: будандардың өнімділігінің, тіршілікке бейімділігінің немесе өсімталдығының артуы қалай аталады? 3. Сұрыптауда мутагенез не үшін қолданылады? 4. Сұрыптауда жалпылама және дара сұрыптаудан басқа қандай әдіс қолданылады? 5. Қандай әдіс арқылы жылқы мен есектің буданы-қашыр, нар және екіөркешті түйелерден ата-енелерінен бірнеше есе күшті, төзімді будан алынды? 6. Будандастыру дегеніміз не? 7. И.В.Мичурин кейбір жеміс-жидек дақылдарының түраралық шағылыспау әрекетін жеңу үшін қандай әдістерді қолданды? 8. Тәрбиелеу әдісі қай уақытта қолданылады? 9. Бағытты мутагенез нәтижесінде дарақтардың хромосомалар санының еселеп артуы қалай аталады? 10. Полиплоидтау әдісімен тұңғыш рет түраралық шағылысудың болмауын жеңіп, қырыққабат-шомыр буданын шығарған кеңес генетигі кім? Ауыл шаруашылығында жақын туыстастық будандастыру (инбридинг) іс-жүзінде қандай мақсаттарда қолданылады? Будандық күшті (гетерозисті) қолданудан келесі ұрпақта не болады? Бұл әдіс жаңа іріктемелер мен қолтұқымдар шығару кезінде неге қолданылмайды? Көпплоидтылық және бағытты мутагенез өсімдіктерде, саңырауқұлақтарда, ұсақ ағзаларда жиі қолданылып, жануарларда неге сирек қолданылады? И.В.Мичурин еңбегінің нәтижесі қандай болды? Г.Д.Карпеченко будандастыруға қандай әдістермен және қай зерзаттармен қол жеткізді? Селекцияны ғылым, өнер, ауыл шаруашылығының бір саласы ретінде де қарастыруға болады.Н.И.Вавилов Сұрыптау К.Шелл полиплоидия жаппай сұрыптау Жеке сұрыптау будандастыру И.В.Мичурин инбридинг аутбридинг §48. Мәдени өсімдіктердің және үй хайуанаттарының пайда болу орталықтары. Саңырауқұлақтарды және ұсақ ағзаларды сұрыптаудың ерекшеліктері Сұрыптаудың маңызды бөлімдерінің бірі ата-тектер туралы ілім болды. Оны жете зерттеудегі жетекші рөл көрнекті орыс ғалым-генетигі Николай Иванович Вавилов еді. Ол ХХ ғасырдың 20-30жылдарында қызметкерлерімен бірлесіп Австралия мен Антрактидадан басқа барлық континенттерді қамтыған 110 ботаника-агрономиялық экспедицияны ұйымдастырды. Нәтижесінде 1940 жылы 250 мың мәдени өсімдіктер үлгілерінен құрылған топтама жасалды. Олар қазіргі кезде Санкт-Петербургта, Өсімдік шаруашылығы институтында сақталуда. Қазір де Ресейдің және дүниежүзінің көптеген Селекционерлері мұны өз еңбектерінде генетикалық өте құнды материал ретінде пайдаланады. Оңтүстік Азиялық тропиктік орталық Шығыс Азиялық орталықОңтүстік-Батыс Азия орталығыЖерорта теңіз орталығыАбиссина орталығыОрталық Америкалық орталықАнд (Оңтүстік Америка орталығы) Мәдени өсімдіктердің пайда болу орталықтары Орталық атаулары Географиялық орны Шығарылған іріктемелер % 1 2 3 4 1. Оңтүстік Азиялық тропиктік орталық Үндістан Үндіқытай, тропиктік Азия Күріш, қант қамысы, көптеген жеміс және көкөніс дақылдары 50 2. Шығыс Азиялық орталығы Орталық және Шығыс Қытай, Жапония, Тайван аралы, Корея Соя, тары, жеміс және көкөніс дақылдары 20 3. Оңтүстік Батыс Азиялық орталығы Кіші Азия, Орта Азия, Иран, Ауғанстан, Солтүстік-Батыс Үндістан Бидай, қарабидай, көптеген астық тұқымдастар, бұршақ тұқымдастар, жүзім, жеміс дақылдары 14 4. Жерорта теңіз орталығы Жерорта теңізі жағалауына орналасқан елдер Көптеген мал азықтық өсімдіктер (жоңышқа, біргүлді жасымық), көптеген көкөніс дақылдары, зәйтүн. 11 5. Абиссина орталығы Африка материгінің шағын ауданы Дәндік құмай, бананның 1 түрі, бидай мен арпаның ерекше формалары 1 6. Орталық Америкалық орталық Оңтүстік Мексика Жүгері, ұзын түкті мақта, какао, асқабақ, үрмебұршақ, қызыл бұрыш, темекі. 3 7. Анд (Оңтүстік Америкалық орталық) Оңтүстік Американың батыс жағалауын бойлай созылған Анд таулы жотасы ауданының бөлігі Картоп, қызан, жержаңғақ, ананас, кейбір дәрілік өсімдіктер 1 Жануарларды қолға үйрету Жануарларды қолға үйрету орталықтары Орталық атаулары Географиялық орны Үй хайуанаттары Қытай-Малай орталығы Вьетнам, Лаос, Тайланд, Шығыс Қытай Шошқа, тауық, үйрек, тұт жібек көбелек Үндіқытай орталығы Үндістан, Солтүстік Пәкістан, Бирма, Непал Енеке, ит, тауыс, тауық, сиамдық мысық, балара Оңтүстік-Батыс Азиялық орталық Солтүстікжәне Шығыс Түркия, Сирия, Иран, Ирак, Кавказ, Ауғанстан Ірі қара, жылқы, қой, ешкі, нар, шошқа, кептер (көгершін) Жерорта-теңіздік орталық Жерорта теңізі елдері Ірі қара, жылқы, қой, шошқа, үйрек, нілдік қаз, үйқоян Оңтүстік Америкалық орталық Батыс жағалауды бойлай орналасқан Оңтүстік Америка Таутайлақ, кекілеш, күркетауық, теңізшошқа Африкалық орталық Солтүстік және Шығыс Африка елдері Түйеқұс, сырдаңтауық, мысық, ит, есек, шошқа. Ұсақ ағзаларды сұрыптау – сұрыптаудың қарқынды дамып келе жатқан саласы. Мұндағы негізгі бағыт – рентген немесе ультракүлгін сәулелерімен және химиялық мутагендермен әсер ету арқылы жоғары өнімді мутант микроағзаларды алу.Көптеген қалпақты саңырауқұлақтар ғана емес, өзге де саңырауқұлақтар кең пайдаланылып, адам мәдени дақыл ретінде өсіреді. Адамдар пайдаланатын қалпақсыз саңырауқұлақтарды екі үлкентопқа бөлуге болады:зең саңырауқұлақтары антибиотиктер, оның ішінде пенициллин алуға пайдаланылады;2. ашытқылар.Бакериялардың жәрдемімен көптеген сан алуан витаминдер, ферменттер және басқа көптеген заттар алуға болады? Микробиологиялық жетістіктердің арқасында қоздырғыштарға қарсы тұра алатын антибиотиктер табылды. Мысалы: Пенициллин – пенициллум зең саңырауқұлағынан алынған. Стрептомицин – актиномициттің бір тобынан алынған. Ол туберкулез таяқшасының тіршілігін тежейді. Биомицин – актиномициттің бір тобынан алынады. Бұл адам мен жануарлардағы ауруды емдеуге қолданылады. Қазақстандық ғалымдар үлкен табыстарға қол жеткізді. ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі А.Н.Илялетдинов Қазақстанда екі ғылыми бағытты басқарып, дамытуда. Ол: табиғаттағы ағзалық және минералдық айналымдағы ұсақ ағзалардың рөлі және мал азығын өндірудегі ұсақ ағзалардың әрекетін пайдалану. Профессор Д.Л.Шамис Қазақстанда ұсақ ағзаларды және микроб текті физиологиялық белсенді заттарды медицинада, жеңіл және тамақ өнеркәсібінде және ауыл шаруашылығында пайдалануға байланысты бірқатар бағыттарды дамытты. ҚР ҰҒА академигі профессор М.Х.Шигаева Қазақстанда антибиотикалық және мал азықтық препараттар алуға, сондай-ақ наубайханада және сүт өнеркәсібінде пайдаланылатын ұсақ ағзалардың генетикасы мен сұрыптауы бойынша ғылыми бағыт жасады. Биотехнология– тірі ағзалар мен биологиялық әрекеттерді адамның мақсатына сай өндірісте қолдану болып табылады. Ең алғаш 1917 жылы Венгр инженері алғаш рет “биотехнология” терминін енгізді. 1941 жылдан бері кеңінен қолданылып, даму үстінде. Биотехнология адами білімінің ең жас саласы. Қазіргі уақытта биотехнология саласымен бірге, оның гендік инженерия, жасушалық инженерия және ферменттік инженерия тәрізді салалары барынша дамыды. Гендік инженерия әдісі ағзаның бағалы қасиеттерін сақтап қалумен қатар, оған жаңа, сапалы қасиет те береді. «Инженерия» термині “құрастыру” деген мағынаны білдіреді. Гендік инженерия ХХ ғасырдың соңғы ширегінде ғана жасалды. Гендік инженерия әдісімен картопқоңыз жей алмайтын картоп өсімдігі шығарылды.Ферменттік инженерия саласында өндіруден өте үлкен кіріс кіреді. Бұл-спирт, шырын және кір жуатын ұнтақтар өндіруге пайдаланылатын биопрепараттар, ферменттердің көп тонналы өндірісі. Жасушалық инженерия әдістерінің арқасында сүтқоректілерді клондауда (жыныссыз жолмен ұрпақ алуда) үй хайуанаттарының жыныссыз жолмен ұрпағы Долли қойлары алынды. Омарта шаруашылығы ІҮ. «Білім кілті танымдылықта» ІҮ.1. «Ол кім, бұл не?» (лездемелік сұрақтар)1. Ата-тектері туралы ілімді жете зерттеуде жетекші рөл атқарған ғалым кім? 2. Н.И.Вавилов әлемнің әр түкпіріне қаншадай экспедиция жасады? 3. Мәдени өсімдіктердің ата тектері болып табылатын материалдар қазіргі кезде қайда сақталуда? 4. Мәдени өсімдіктердің қанша орталықтары бар? 5. Картоп өсімдігінің отаны қайсы орталық? 6. Антибиотиктер, оның ішінде пенициллин алу үшін қандай саңырауқұлақ пайдаланылады? 7. Адамға қажетті өнімдерді биологиялық объектілердің көмегімен өндіру қалай аталады?Қандай әдістің арқасында үй хайуанаттарының жыныссыз жолмен ұрпағы Долли қойлары алынды? 9. Қазақстанда екі ғылыми бағытты басқарып, дамытуда үлкен табыстарға қол жеткізген ғалым кім? 10. Жерорта – теңіздік орталықта қандай жануарлар қолға үйретілген? Адамзат ерте кезден бастап, микроорганизмдер селекциясын қандай мақсаттар үшін пайдаланды? Нақты мысалдар келтіріңдер... Биотехнология табыстары қай жерлерде пайдаланылады? Өнер, шеберлік, ғылым деген мағынаны білдіретін ұғым Адам пайдаланатын қалпақсыз саңырауқұлақтарды қанша топқабөлуге болады? Оларды атаңыздар ... Қайта құрастыру, будандастыру және жасанды ортада өсіру негізінде жасушалардың жаңа типін жасау әдісі қалай аталады? Биотехнология ғылымы қандай ғылымдармен тығыз байланысты? Мәдени орталықтар Өсімдік атаулары Дұрыс жауап 1. Оңтүстік Азия2. Шығыс Азия3. Оңтүстік – Батыс Азия4. Жерорта теңізі5. Абиссиния орталығы6. Орталық Америка7. Анд (Оңтүстік Америка) А. КартопӘ. Мақта, кокосБ. БананВ. Зәйтүн ағашыГ. БидайҒ. Қара бидайД. Соя, тарыЕ. КүрішЖ. Қант қамысыЗ. ҮрмебұршақИ. Асқабақ 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. картоп мақта бидай жоңышқа Отаны Пайдалы кеңес Метафоралық теңеу Отаны Отаны Отаны Пайдалы кеңес Пайдалы кеңес Пайдалы кеңес Метафоралық теңеу Метафоралық теңеу Метафоралық теңеу С -деңгейі Саңырауқұлақтар және ұсақ ағзаларды сұрыптауда жаңа әдістерді іс жүзінде пайдаланудың болашағы қандай? 2. Биотехнология әдістері арқылы қандай экологиялық проблемалар шешіледі? 1. Жануарларды қолға үйрету орталықтары қай қағида бойынша бөлінген? А – деңгейі 2. Оларды атаңдар. Олар қайда орналасқан? В - деңгейі 2. Бүгінгі күні осындай орталықтардың қаншасы бар? 1. Мәдени өсімдіктердің пайда болу орталықтары туралы ілімнің авторы кім? Үйге тапсырма: 1. §48. Мәдени өсімдіктердің және үй хайуанаттарының пайда болу орталықтары. Саңырауқұлақтардыжәне ұсақ ағзаларды сұрыптаудың ерекшеліктері2. Іздену жұмысы:“Биотехнологияның соңғы жетістіктері” баяндама3. Кескін картаға жануарлардың қолға үйрету орталықтарын анықтап, орналастыру.