Ионды? ж?не металды? байланыс 8-сынып


Оқу ісінің меңгерушісі: Сабақ реті:
8-А сынып Пән: химия Күні: 13.12.2016
Сабақтың тақырыбы: Иондық байланыс. Металдық байланысСабақтың мақсаты:
Білімділік химиялық байланыс типтері, байланыс табиғаты, иондық және металдық байланыс туралы мағлұматтар беру.
Тәрбиелікжеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру, химиялық сауаттылыққа баулу.
Дамытушылық ой-өрісін, қабілеттерін, жеке қасиеттерін дамыту.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Ойын технологиясы, өзіндік жұмыстарҰйымдастыру формасы: жеке- дара, жұппен, топпенКөрнекіліктер: интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар.
Пәнаралық байналыс: физика, математика.
Құзіреттілік ашу: ақпараттық, коммуникативтікСабақ барысы:
Ұйымдастыру Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу, сабаққа назарын аудару. Түсті стикерлер арқылы топтарға бөлуҮй тапсырмасын тексеруСұрақ жауап әдісі арқылы өзара тексеру. Топтық жұмысОй қозғау:
«Жедел жауап» 1. Сутегіндегі протон саны2. Валенттілік3. Нейтрон санын қалай анықтаймыз?
4. Электронның заряды қандай болады?
5. Топ дегеніміз не?
6. Атомның соңғы қабатындағы электрон саны7. Атомдағы электрондық қабат саны8. Электртерістілік анықтамасы9. Оттегіндегі нейтрон саны10. Электрон санының химиялық байланысқа не қатысы бар?
Байланыс түрін түсіндіруДара байланыс, қос байланыс және үш байланысқа мысалдар көрсетіледіТүсіндіруМұғалім мақсатқа жету жолдарын көрсетеді, ұйымдастырады. Сабақтың тақырыбын ашу. Оқушыларды топтарға бөлу.
Иондық байланыс деп – иондар арасындағы байланысты айтады. Металл мен бейметалл арасында түзіледі.
Ион – бұл электрон беру немесе алу нәтижесінде түзілетін зарядталған бөлшек.
Мысалы: Ас тұзы NаСІ.
Электрондарын беретін бөлшек оң ионға айналады (катион).
Электрондарын беретін бөлшек теріс ионға (анион) айналады.
1916 жылы неміс ғалымы Коссель ұсынды. Өзінің сыртқы валенттік электрондарына сай электрон бұлтын берген атомдар оң зарядты катиондарға, ал осы электрондарға сай бұлтты қосып алған атомдар терісзарядты анионындарға айналады.
Металдық байланыс металл иондары мен сыртқы қабат электрондары арасында түзілетін байланыс.
Видео түсіндірмелік ролик.
Сергіту сәтіБірнеше қосылыстардың формуласы көрсетіледі, сол қосылыстардың арасындағы байланысты қолдарымен бейнелеуТалдауТапсырмалар ұсыну. Үлгерімі төмен оқушылар жеке дара тақырыпты меңгере алады, дарынды оқушылар өз білімдерін ары қарай жетілдіре алады. Топтар кластерді қорғайды.
№ 1. Химиялық пирамиданың шыңына шығу жолы – қосылыстардағы ионды химиялық байланыс. Осы заттардағы байланыстың түзілу сызбасын сызыңдар.
№ 2. «Крестиктер-ноликтер» ойынын ойнаңдар. Барлығы ионды байланыспен түзілген заттардан тұратын тік, көлденең немесе қиғаш жолақты табыңдар. Осы заттардағы ионды байланыстың түзілу жолын сызыңдар.
Өздік жұмыс (Барлық топқа ортақ)
Химиялық байланыс түрлері мен бейорганикалық қосылыстардың кластарына ажыратыңдар:
NO, HF,O2, CO2, CI2, FeCI3, NaCI, KBr, CaO, C3N, AlCI3, NH3, CaF3, H2, CH4
Өзіңді өзің тексер:
1. Электртерістілік - бұл …….2. Ковалентті полюсті байланыс – бұл …..3. Ковалентті полюссіз байланыс – бұл …..4. Электртерістілігі ең жоғары элемент - …….5. Ковалентті байланысы бар заттардың кристалдық торы қандай болады?
6. Мына заттардан ковалентті полюсті байланысты заттарды теріп жазыңдар:
HCl, O2, H2S, SO2, OF2, Br2, H2, PCl3, CH4 Оқушының дер бестігі,өз-өзіне сенімі қалыптасадыБағалауҚойылған проблеманың өзі үшін құндылығының неде екендігіне көзін жеткізу. оқушылар өздерін бағалайды. Әр дұрыс жауапқа жұлдыз таратылады, жинаған жұлдыз санына қарай бағаланадыҮйге тапсырма§28,29 оқу. 3-жаттығу, 104-бет. 2-жаттығу, 105-бет
РефлексияЧемодан, ет тартқыш, қоржын