Разработка урока на тему Те?деу ж?не оны шешу т?сілдері


Сабақтың тақырыбы: Теңдеу және оны шешу тәсілдері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: теңдеу және оны шешу тәсілдерін есептеп шығару барысында пысықтау.
Дамытушылық: логикалық ойлау есептеумен танымдық қабілеттерін, зейінін, есте сақтауын дамыту, өздіктерінен жұмыс істей білуіне дағдыландыру.
Тәрбиелік:өзара ынтымақтастыққа, еңбекті құрметтеуге, шапшаңдыққа,ұқыптылыққа, тапқырлыққа, қырағылыққа тәрбиелеу
Әдісі: ойландыру, ой-шақыру, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: карточка, суреттер, плакат, үлестірмелі парақшалар.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
Оқушылардың оқу-құралдарын түгелдеу.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Оқушыларды топқа бөлу
І топ- Аққу
ІІ топ- Бүркіт
ІІІ топ – Көгершін
ІV топ – Қарлығаш
Әр топ құстарға байланысты 2-3 сөйлем құрайды.
Бүгінгі сабақтағы білімдерін бағдаршамның түстері сияқты жасыл, сары және қызыл түстермен бағаланады. Жасыл түсті өте жақсы жауапқа, сары түсті дөңгелек – жақсы жауапқа, қызыл түсті дөңгелек –тапсырманы орындауда қиналған орта деңгейдегі жауапқа беріледі.
Балалар сабағымызды бастамас бұрын, менің сендерге сұрақ қойғым келіп отыр. Қандай сандардың мәні 25-ке тең болады?
10+15=25 5*5=25 125-100=25
17+8=25 125/5=25 25-0=25
Неге бәрінің мәні 25-тең болды? Қалай ойлайсыздар?Тәуелсіздік 25 жылдығы. Дұрыс айтасыңдар балалар, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы, осыған орай біз бүгінгі сабағымызда қанатымыз талмай біліміміз арқылы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына өз үлесімізді қосайық
Ғылымның сырына ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеріктік
Жеткізеді біздерді
Математика шыңына
Бір-бірімізге алақанымыз арқылы, жүрек жылуымызды беріп, бүгінгі сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1.4-тапсырманы жұптық жұмыс арқылы тексеру.
2. «Бәйге» ойыны арқылы (өткенді қайталау)
1. Қарама – қарсы қабырғалары өзара тең геометриялық фигураны қалай атаймыз? (тіктөртбұрыш)
2.Ауданды қалай табамыз?(ұзындығын еніне көбейтеміз)S=a*b
3.Көлемді қалай табамыз?(ұзындығын,енін, биіктігін көбейтеміз) V=a*b*c
4.Фигураның периметрін қалай табамыз?(барлық қабырғаларын қосамыз)
5.Жылдамдықты қалай табамыз?(қашықтықты уақытқа бөлеміз)V=s:t
6.Теңдеу деген не?(белгісіз саны бар теңдік)
ІІІ. Жаңа сабақ
Жұмбақты шеш
Адасқан екі таяқ тұрады жоқты сұрап(теңдеуді шешуде пайдаланады)
Теңдеу шешу деген не? –белгісіз санның мәнін табі.
Теңдеудің шешуі деген не?- бұл белгісіз санның мәні
Оқулықпен жұмыс №1- тапсырма
X+20*8=2600
X+160=2600
X=2600-160
X=2440
2440+20*8=2600
40*6+x=9400
240+x=9400
X=9400-240
X=9160
40/6+9160+9400
X*(40/4)=12600
X*10=12600
X=12600/10
X=1260
1260*(40/4)=12600
(190-90)*X=38600
100*X=38600
X=38600/100
X-386
(190-90)*386=38600
№2 – тапсырма
12+b=72/2
12+b=36
B=36-12
12+24=36
(x+20)/5=6
x+20=6-5
x+20=20
x=30-20
(10+20)/5=6
a/10=960/2
a/10=480
a=480*10
a=4800
4800/10=480

2400/(c-12) =10
c-12 =2400/10
c-12=240
c=240+12
c=252
2400/(252-12)=0
VI.Сергіту сәті
№ 3-тапсырма
Тақтамен жұмыс
Үшбұрыштың екі қабырғасы 3 сантиметрден, ал оның үшінші қабырғасы Х-см.Үшінші қабырғасы берілгендегіден 4 есе кем болатын үшбұрыштың перимерін өрнек түрінде жаз.
P=3cм+3см+ (x/4)см
№ 4- тапсырма
Өрнек түрінле жаз және оқы
I т. (а/80)*5
IIт. (90+с)*60
III т. (70/5)+(42/х)
IV т. (984+234)/(а+412)
Әр топ осыған ұқсас тапсырмаларды өз бетінше орындау .

№ 5-тапсырма
Басқұр –киіз үй әшекейіне арналған тоқып жасалатын бау. Киіз үйдің ішін безендіру үшін, әрі уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастырып таңатын бау түрі.
Киіз үйжабдығы.
Қыл арқан-аттың жалы,құйрығынан жасалады. Қыл арқан шірімейді,төзімді ,қатты.
Есеп оқылып талданды .
I т. Басқұр ұзындығы -3м, 5есес қысқа
Қыл арқан -? м.
Ш: 3*5=15(м)
Ж: қыл арқанның ұзындығы 15 метр
II т. X/5=3
X=3*5
X=15
--------------------
15/5=3

IIIт ,(ауызша оқылып,талданды).
Баға саны құны
6кесе-1800 тг
8кесе-?тг
Шешуі:1800/6=300тг
IV.Теңдеу шешу
984/x=4
X=984/4
X=246
984/24=4
№ 6- тапсырма
Қалдықпен бөлуді орында және тексер.
1529/4=382(1қ) (Бөлінгішті табу үшін,бөлгішті бөліндіге көбейтіп,қалдықты қосамыз)
4*382+1=1629(қалдық бөлгіштен кем болады)
1 4
1437/6=239(3қ)
6*452+2=1358
3 6
1358/3=452(қ)
3*5123+3=40987
2 3
40987/8=5123(3қ)
8*5123+3=40987
3 8

№ 7-тапсырма
Фигураның ауданын тап.
V.Сабақты қорыту
Қызықты есептер
1.Атасы мен әжесінің екеуінің туған күндері бір кұнде .Бірақ олар құрдас емес. Неге ?
2. Су жағасына тауықтың ,үйректің 7 балапаны келді.Суда бірақ 5 балапан жүзіп жүр .сонда екі балапан қайда ?
VI. Бағалау
VII.Үйге тапсырма : 109-бет,9-тапсырма

VIII.Кері байланыс

Түсінбедім

Жартылай түсіндім
Білемін толық түсіндім