Те?деу ж?не оны шешу т?сілдері (4 сынып)


Сабақтың тақырыбы: Теңдеу және оны шешу тәсілдері
Мақсаты: Теңдеу ұғымын танытуды жалғастыру. Теңдеу - белгісіз саны бар теңдік екенін, белгісіз санның мәні теңдеудің түбірі екенін яғни теңдеудің шешуі болатынын меңгереді.
Міндеті: Теңдеу шешу тәсілін меңгеру.
Теңдеу шешу -теңдеуді дұрыс сандық теңдеуге айналдыратындай белгісіз санның мәнін табу екенін ұғыну.
Күрделі теңдеуді шешу үшін әуелі орындауға болатын бөлігін есептеп алатынын үйрену.
Күтілетін нәтиже: Теңдеу шешу тәсілін меңгереді.
Теңдеу шешу -теңдеуді дұрыс сандық теңдеуге айналдыратындай белгісіз санның мәнін табу екенін ұғынады.
Күрделі теңдеуді шешу үшін әуелі орындауға болатын бөлігін есептеп алатынын үйренеді.
Модульдің қамтылуы: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану. Талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Әдіс-тәсілдер: Топтастыру, миға шабуыл, математикалық диктант, «Кім жылдам?», “3 таяқша” әдісі, «Бірге ойлаймыз» әдісі, «Бір сөзбен» әдісі
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер: Алтын ереже, суреттер, А3 формат, түсті қағаздар , түрлі-түсті маркер, стикер.
Дереккөздер: Математика 4-сынып. Ақпараттық ғаламтор желісі

Уақыты КезеңіМұғалімнің іс - әрекетіОқушының іс-әрекеті2 минутҰйымдастыруОқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасын құру.
Болам десең – ғарышкер,
Болам десең – дәрігер,
Болам десең – инжинер,
Ең керегі – математика.
Математика өмірде-
Бар білімнің патшасы.
Топқа бөлу.
Конфет арқылы топқа бөлінеді.
Конфет түстері арқылы 4 топқа бөліну.
2 минутҮй тапсырмасын сұрауШешу: 10500:5=21002100+1670=377010500-2100-3770= 5630Жауабы: Әдебиет-2100Көркем әдебиет-3770Қалғаны-5630 Үйге берілген тапсырмаға байланысты оқушылар жауаптарын оқиды.
Жаңа білімді меңгеру кезеңі4 минутТеориясы:
«Білу»
(бір нәрседен хабардар болу, еске түсіру)
(122+18):70= Е(64:8+20):7= Е20·(26+14):100= Ң
1·(30+2)-4·4=Д5·4+12=Т
400-300-36=У 32 4 816264
“3 таяқша” әдісі
Берілген тақырыпқа байланысты
1 сұрақ
1 жауап
1 идея әр топ даярлап, көпшілікке салады.
1 сұрақ
Теңдеу дегеніміз не?
1 жауап
Теңдеу - белгісіз саны бар теңдік, белгісіз санның мәні теңдеудің түбірі яғни теңдеудің шешуі
1 идея
Топ болып амалдарды орындап, жаңа сабақтың тақырыбын ашады.
“3 таяқша” әдісі
бойынша оқушылар жауап береді.
Оқушылар теңдеу туралы өз ойларын айтады.
5 минут «Түсіну»
(өз түсінігі негізінде әрекет етеді, түсіндіреді)
№1
Теңдеулерді шеш және тексер:
І-топ:
х+20·8=2600
х-560:7=20000
ІІ-топ
40·6+х=9400
3090:10-х=209
ІІІ-топ
х·(40:4)=12600
х: (36+64)=543
ІҮ-топ
(190-90)·х=38600
19200:10:х=10 .
Оқушылар мәтінді оқу, топта талдау.
4 минут«Қолдану»
(алған білімін қолдана отырып, проблеманы шешу)
№2
І-топ
12+b=72:2
ІІ-топ
а:10=960:2
ІІІ-топ
(х+20):5=6
ІҮ-топ
2400:(с-12)=10 Топ болып бәрі аяқтау керек
3 минут Сергіту сәті Ой сергіту Оқушылар шапшаң ойлау қабілеттерін көрсетеді.
7 минут«Талдау»
(талдайды, салыстырады, айырмашылығын табады) №3
«Бірге ойлаймыз» әдісі.

3см+3см+х см
3 см+3 см +х см:4
№4
Математикалық диктант
а:80·5
(90+с)·60
70:5+42:х
(984+324):(а+412) Оқушылармен бірге түсіндіре отырып, өрнек құру.
Оқушылар диктантты жазып, интер.тақтадан тексереді.
7 минут«Жинақтау»
(ақпаратты жинақтайды, ойлап табады) №5
Басқұр-3м
Қыл арқан- ? 5есе қысқа
Ш:3*5=15
ә)х:3=5
х:5=3
Тақтамен жұмыс
№7
Қалдықпен бөлуді орында және тексер
Топбасшылар жарысы Оқушылар осы сабақта өздеріне не маңызды болғанын жазады.
5 минут «Бағалау»
(бағалайды, талқылайды, өз пікірін айтады) «Детальдарын қосу» әдісі.
№8
Фигураның ауданын тап
Оқушылар топта бірлесе отырып сұрақтарға жауап береді.
2 минут Бағалау Топтық бағалау, өзін-өзі бағалау.
«5»-13-14 балл
«4»- 10-12 балл
«3»-5-9 балл
Бағалау парағын толтырады
1 минут Үйге тапсырма№9
Амалдарды орындауОқушылар тапсырманы күнделіктеріне жазып алады3 минутКері байланыс«Бір сөзбен» әдісі -
• Төзімсіздік, Ашу, Қуаныш, теңдеу, Қанағаттану, Шабыт, Зерігу, Алаңдау, Тыныштық, Сенімділік, Сенімсіздік, Рахаттану.
Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтындай 3 сөзді таңдап айтады.