Презентация Металдарды? физикалы? ж?не химиялы? ?асиеттері


Металдардың құрылысы мен физикалық қасиеттері16.01.2017 жыл Жай заттар – металдар кристалдар түзеді. Бұл кезде химиялық байланыстың ерекше түрі– металдық байланыс пайда болады. Валенттік электрондары аз және радиусы үлкен болғандықтан олармен әлсіз ұстасатын металл атомдары бұл электрондарды жеңіл беріп жіберіп, иондарға айналады.Ме0 – пê  → Ме п+Босанған электрондар кристалдың барлық құрылымдық бөлшектеріне ортаққолданысқа түседі де, кристалдың ішінде оңай орын ауыстыра отырып, барлық бөлшектердің арасында байланысты жүзеге асырады.Теріс зарядталған ортақ электрондардың жиынтығы оң зарядталған металдардыңиондарын оның атомдарымен бірге тордың белгілі бір түйінінде ұстап тұрады. Металдық кристалдық тор осылай түзіледі. Металдардың  кристалдық торлары екі типті болады: кубтық (екі түрлі – бүйірлі орталықтанған, көлемді орталықтанған) және гексагональды. Металдың кристалындағы қарапайым түрде шар тәрізді деп саналатын құрылымдық бөлшектер – иондар мен атомдардың өзара орналасуы, кеңістіктік жинақталуы деп аталады.Бөлшектердің тығыз орналасуы кубтық бүйірлі орталықтанған және гексагональды кристалдықметалдық торларда болады. Бұл екі жағдайда да  жалпы көлемнің 74%-і бөлшектермен толтырылған. Техникалық маңызды көптеген металдарға осы екі түрлі орналасу тән. Көптеген металдар тығыздығы аздау кубтық көлемдік орталықтанған торға ие болады. Мұндай торда жалпы көлемнің 68%-ін бөлшектер толтырады. Кейбір металдарда ғана тығыздығы аздау күрделірек тордың басқа түрлері байқалады. Электр- және жылуөткізгіштік. Электр өрісінде байланыспаған электрондар бағытталған қозғалысқа ие болады, яғни электр тогы пайда болады. Электрді және жылуды өткізгішітігі: күміс, мыс, алтын, алюминий, темір бойынша кемиді. Жылуөткізгіштік электрондардың қозғалғыштығымен және кристалдағы бөлшектердіңтербелмелі қозғалысымен байланысты болады.Металдық жылтыр. Барлық металдар жылтырайды , мөлдір емес, көбінесе сұр түсті болады, өйткені олардың кристалдарының ішіндегі кеңістікте электрондар бар. Электрондар жарық сіңіргенде тербеле бастайды және адамның көзіне көрінетін өзінің сәуле толқындарын шығарады.Иілгіштік. Металдар соққанда бөлшектерге бөлініп ұсақталмайды, олар пішінін өзгертіп жұқарады, яғни соғылғыш болады. Бұл металл кристалында жекелеген атомдар мен иондардың қабаттары металдық байланысты бұзбай бір-біріне салыстырмалы ығысатын болады. Металдардың иілгіштігін кристалдық тордың құрылысының әртүрлілігімен түсіндіруге болады. Балқу температурасы. 10000С – тан жоғары температурада балқитын металдарды қиын балқитындар, ал одан төмендерін оңай балқитындар деп атайды.Тығыздық. Металдар жеңіл (тығыздығы 5г/см3-тен аз) және ауыр деп бөлінеді. Ең жеңіл металдар – сілтілік металдар, ал ең ауыр металл – осмий, оның тығыздығы судың тығыздығынан 22 есе артық.Қаттылық. Сілтілік металдар өте жұмсақ, олар пышақпен оңай кесіледі, ал осмий, тантал, вольфрам қиын өңделеді. Металдардан ең қаттысы – хром, оны кескіш құрал – жабдықтар дайындауда қолданылады.Құймалар металдарды балқытылған күйде араластырғанда түзіледі. Бұл әр түрлі металдар шамалас әрі металдық байланыстары ұқсас кристалдық тор түзетіндіктен жүзеге асырылады.Құймалар әр түрлі металдардың дәнекердегі сияқты кристалдарының механикалық қоспасы түрінде немесе металдардың химиялық қосылыстары түрінде болуы да мүмкін. Сұрақтарға жауап беруМынадай қасиеттері бар: а) жеңілдігі; ә) қаттылығы; б) қиын балқитындығы; в) жақсы жылуөткізгіштігі; г) электрөткізгіштігі ерекше маңызды болып саналатын металдардың қолданылу саласын атаңдар.2. Алыс қашықтыққа электр энергиясын тасымалдау үшін сымдарды қандай металдан – мыстан немесе алюминийден жасаған экономикалық жағынан тиімді болады? {00A15C55-8517-42AA-B614-E9B94910E393}Қатты металдарСгСаОsЖұмсақ металдарTaLiKАуыр металдарOsReLiЖеңіл металдарKPtCaҚиын балқитын металдарWCsHgҚұймаларБолаталюминийжез Толықтыру тесті1. Металдардың кристалл торлары екі типті:                             және                      болады2. 10000С-тан жоғары температурада балқитын металдарды                                      , ал одан төмендерін                                       деп атайды.3. Ең жеңіл металдар                                                          . Ең ауыр металл                       .4. Электр тогын жақсы өткізетін металдар                                                                              .