Урок по делопроизводству на государственном языке Іс ?а?аздарды жазуды? жалпы т?ртібі


Іс қағаздарды жазудың жалпы тәртібі, жазуда ескерілетін емле қағидалары.
Сабақтың мақсаты: Іс қағаздарды жазудың жалпы тәртібімен таныстыру, жаттығулар орындау, тәуелдік, жіктік жалғауларды қайталау.
Кез келген ресми құжат қоғамдық және еңбек қарым-қатынастарын реттеп, талдап отырады, демек, ресми тілде қолданылатын тілдік құралдарды, емле ережелерін пайдалануға нақты талаптар қойылады.
Ресми құжат-тұтас құрылым, сондықтан онда:
-          мазмұны қысқа әрі тұжырымды түрде баяндалуы тиіс;
-          тұжырымның дәл, нақты түрде болуы тиіс;
-          сөздер мен терминдер нақты өз мағынасында пайдаланылуы тиіс;
-          терминдер мен тұрақты орамдардың бірегейлігі сақталуы тиіс;
-          ресми тілде стандартталған сөздер пайдаланылуы тиіс;
-          образды фразеологизмдер, қарапайым лексика қолданылмайды.
Вставьте окончания жіктік жалғау к следующим словам.
Будьте внимательны, всегда ли это следует делать?
Мен саясаткер…, мен бағдарламашы…, Сіз дипломат…, Сіз бастық…, Сіздер тыңдаушы…, олар-хатшы…, ол-әкім…, біздер-қызметкер…, сендер оқушы….
Допишите окончания жіктік жалғау.
Мен алматылық…, қостанайлық…, қалалық…, қарағандалық…, тараздық…, астаналық…, талдықорғандық….
Прочитайте словосочетания и переведите на русский язык.
Обратите внимание на окончания ілік септік и тәуелдік жалғау.
Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Әділет министрлігі, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, Көлік және телекоммуникация департаментінің басшысы, министрдің орынбасары, иминистрдің көмекшісі, Президенттің баспасөз хатшысы.

№4 Практикалық сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Мінездеме.
Сабақтың мақсаты: Мінездеме жазуды, құрастыруды практикалық жолмен меңгерту; сын есімдерді, жалқы есімдерді, етістіктің өткен шағын қайталау.
 
Мінездеме (характеристика)
Мінездеме – мекеме, өндіріс, ұйым басшыларының тарапынан жеке адамға берілетін ресми құжат. Мұнда ұжым мүшесінің болмысы мен жұмысы, қоғамдық іс әрекеттері туралы пікір білдіріледі. Мінездемеде құжат берілетін адамның толық аты-жөні, туған жылы жазылып, оның іскерлік (жұмысқа, оқуға қабілеті, мекеменің қоғамдық өміріне қатысы және т.б.), моралдық қасиеттері жан-жақты көрсетіледі. Сонымен бірге, ол адамның бойындағы кемшіліктер мен жетімсіз қасиеттері де аталуға тиіс.
Мінездеме нақты, объективті, дәл және толық болуы керек. Мінездеме басқа мекеме (сот, прокуратура) сұраған жағдайда, оқуға, аспирантураға, магистратураға түсу кезінде, сондай-ақ қызметкердің, маманның кәсіби біліктілігін көрсету мақсатында беріледі.
Мінездемеде көрсетілетін міндетті мәліметтер:
1.    Жеке адам туралы негізгі мәліметтер:
-          аты-жөні;
-          ұлты;
-          әскери қызметке қатысы;
-          отбасы жағдайы;
-          білімі;
-          лауазымы;
-          туған жылы;
-          тұған жері;
-          азаматтығы;
2.    Қызмет істеген орны, атқарған жылдары.
3.    Жеке басының қасиеттері. Өз міндетіне, қоғамдық тапсырмаларға қарым-қатысы.
4.    Мінездеме қайда берілді.
5.    Мекеме басшысының қолы.
6.    Мінездеме берілген мерзім (айы, күні, жылы), мекеменің мөрі.
 
Негізгі сөздік
тәжірибелі -опытный
білікті, өз ісін жетік білетін -квалифицированный
беделді -авторитетный
мейірімді, қайырымды -добрый, отзывчивый
салмақты, ұстамды -выдержанный, уравновешенный
қайырымсыз, мейірімсіз -беспощадный, черствый, бездушный
қатал -строгий
арасында -среди
Үлгімен танысыңыз
Студент Оразов Омар Жарасұлы университеттің филология факультетінде 4 курста оқиды. Ол университетке БҰТ барысынды 82 балл жинап, мемлекеттік грант негізінде өз қалауынша түскен. Оқу жылдары барысында өзін білімді де тәрбиелі жан екенін таныта білді.
Ұлты – қазақ. Жасы 20-да. О. Ж. Оразов 1985 жылы Алматы облысының Көксу ауданында педагогтар отбасында дүниеге келген. Мектепте қабырға газетінің редакторы болған. Спортпен шұғылданған. I разрядты волейболшы.
Университетте де өзін белсенді студент ретінде көрсете білді. Жолдастарының арасында беделі жоғары.
Мінездеме әскери комиссариатқа тапсыру үшін берілді.
 
Мекеме басшысы /аты-жөні, қолы/
 
Айы, күні, жылы