Математикадан ашы? саба? Жазы?ты?та н?кте, т?зу, кесіндіні? орналасуы (6сынып) .


6сынып .Математика .Ашық сабақ
і. Ақпарат алмасу Тақырыптық жоспар:
Жазықтықта нүкте, түзу, кесіндінің орналасуы.
Қиылысатын түзулер.
1-слайд 1-тақырыпша Жазықтықта нүкте, түзу, кесіндінің орналасуы.
2- слайд Жазықтық, шексіз.
Жазықтықты толық кескіндеу мүмкін емес. Жазықтықтың кескінін бетінде нүктені белгілеуге, сызықты жүргізуге, геометриялық фигураны салуға болатын қағаздың, мектеп тақтасының және т.б. беттері береді.
3-слайд
Түзу шексіз.
Түзу толығымен кескіндеу мүмкін емес. Сондықтан түзудің бөлігін салады жөне оны жалғастыруға болатынын есте сақтайды.
Салынған кесінді мен түзудің кескінін салыстырыңдар.

4-слайд 2-тақырыпша Қиылысатын түзулер.
5- слайд
Мысалы, жазықтықта екі түзу не қиылысады, не қиылыспайды.

6-слайд
Жазықтықтағы екі түзудің қиылысуынан төбелері ортақ төрт бұрыш пайда болады. а және b түзулерінің қиылысуынан пайда болған бұрыштар кескінделген. Олар
Егер а және b түзулерінің қиылысуынан пайда болған бұрыштардың біреуінің градустық өлшемі болса, қалған бұрыштардың градустық өлшемдерін табуға болады.
Мысалы:
градустық өлшемін табайық.
бір жазыңқы бұрышты құрайды.
осыдан

Есептеулерден және . Мұндағы және -тың, қабырғаларының созындысы болып табылады.
7-слайд
Бір бұрыштың қабырғаларының әрқайсысы, екінші бұрыштың қабырғаларының созындысы болатын екі бұрыш вертикаль бұрыштар деп аталады.
- вертикаль бұрыштар; - вертикаль бұрыштар.
Вертикаль бұрыштар өзара тең.Екі түзу қиылысқанда пайда болатын вертикаль бұрыштардың бір жұбы сүйір бұрыштар болса, екінші жұбы доғал бұрыштар болады.
іІ. алғашқы бекіту Жазықтық. Жазықтыққа жататын фигуралар.
Қорытынды____________________________________________________________
іІІ. ҚҰЗЫРЛЫЛЫҚ ҚАЛЫПТАСТЫРУ Деңгейлік тапсырмалар:
I деңгей тапсырмалары
1.№ 1084
а түзуін салып, оған тиісті емес В нүктесін белгілеңдер. Сызба үшбұрышының көмегімен В нүктесінен өтіп, a b-ға перпендикуляр болатындай b түзуін жүргізіңдер. В нүктесі арқылы қанша осындай түзу жүргізуге болады?
______________________________________________________________________
2. № 1085 т түзуін салып, оған тиісті емес А нүктесін белгілеңдер. А нүктесінен т түзуіне дейінгі қашықтықты табыңдар.
______________________________________________________________________
3. № 1088 Тік бұрыш салыңдар. Тік бұрыштың әрбір қабырғасына бір нүктені белгілеңдер. Осы нүктелер арқылы бұрыштың қабырғаларына перпендикуляр түзулер жүргізіңдер. Олардың қиылысу нүктесін белгілеңдер. Суретте қандай төртбұрыш пайда болды?
_____________________________________________________________________
II деңгей тапсырмалары
4. № 1089 1) Өзара қиылыспайтын;
2) қиылысатын перпендикуляр АВ және CD кесінділерін салыңдар.
______________________________________________________________________
5.№ 1091 Бұрышты табыңдар.
______________________________________________________________________
III деңгей тапсырмалары
6. № 1093 Бұрышты табыңдар.
______________________________________________________________________
ІV. Шығармашылық деңгей
Топтық жұмыс.
4082415177800Сыныптағы оқушылар үш топқа бөлініп келесі тапсырманы орындайды
I топ.
АВ, CD, және ЕҒ түзулері О нүктесінде қиылысады. AOE = 55°, DOF = 25°. ВОЕ және BOD бұрыштарының градустық өлшемдерін табыңдар.
423481572390II топ.
MN, KL және FT түзулері О нүктесінде қиылысады. FOL = 110° және KOM = 35°. MOT және KOF бұрыштарының градустық өлшемдерін табыңдар.
425386566675III топ.
а, b, с және d түзулерінің қиылысуынан пайда болған бұрыштардың: 1 = 40°; 3 + 4 = 60° , 7 = 35° болса, 6 -тың, 8 -тың градустық өлшемдерін табыңдар.
V БАҒАМДАУ-БАҒАЛАУ.
Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.
______________________________________________________________________