?зін-?зі тану п?нінен саба? жоспары. Та?ырыбы: ??рметтей білейік 4-сынып


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп №2 Қазанбасы орта мектебі
Мерзiм: 24.12.16.
Тақырып: Құрметтей білейікҚұндылық: дұрыс әрекет
Қасиеттер: құрмет, сыйластық, мәдениеттілік
Мұғалiм: Абузара Гүлнұр Сағынбекқызы
Сынып –4
Оқушылар саны 8
Сабақ мақсаты: «Танымасын сыйламас» атты әңгімеден құрмет жасаудың маңыздылығын ұғындыра отырып дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу
Міндеттері:
Құрметтей білудің адам өміріндегі маңызын түсіндіру
Сыйластық қарым-қатынас жасай білу іскерліктерін дамыту
Үлкендерді құрметтеуге, мәдениеттілікке тәрбиелеу Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.
Нұрға бөлену
Үй тапсырмасын тексеру
М.Мақатаевтың «Анам маған..» атты өлеңін жатқа айту. Бір-екі баладан жатқа сұрау
- Ана қандай ақыл айтты баласына?
- Сіздердің аналарыңыз сіздерге қандай бол дейді? Сабақ барысын талдау:
Дәйексөз.
Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет
Халық даналығы
• Қанатты сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
• Достық деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
(Балалардың жауаптарын тыңдау, толықтыру) Ұлдар және қыздар болып топталып екі қайтара оқу. Дәптерлеріңізге көшіріп жазып алыңыздар. Дәйексөзді талдай отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу
Әңгiмелеу
«Танымасын сыйламас» деген әңгіме сыйға алып келдім. Қалай тыңдап көрелік пе? Елнұрдың үйінің жанына тоқтаған жеңіл машинадан орта жастағы адам түсті. Алыстан келгенге ұқсайды. Елнұр есікті құлыптап, уәделескен балалармен футбол ойнауға кеткелі жатқан еді.
Кеңестің үйі осы ма?-деді әлгі кісі. Одырая кетіп бара жатқан Елнұр:
Осы. Бірақ үйде ешкім жоқ,-деді тоқтамастан. Жол жақтан Елнұрдың әжесі Ажар да келіп қалды.
Ойпыр-ау, Әділ нағашым ғой мынау!-деп Ажар апай қуана қол беріп жатты.Елнұр селтиіп тұрып қалыпты.
Қарағым, Ажар-ау мынау немерең бе? Үйде ешкім жоқ дегесін, туу алыстан іздеп келгесін, өзіңді көре алмай кетем-ау деп тұр едім,-деп жолаушы шағын сөмкесін ала берді.
Танымасын сыйламас деген ғой, нағашеке! –деп Ажар апай Елнұрға қарады.-Кел, сәлем бер! Бұл-Әділ атаң ғой, үлкен адамды танымасаң да, қарсы алмайсың ба?
Елнұр бағанағы қылығына ыңғайсызданып, жолаушыға қос қолын ұсынып амандасты да, есікті ашуға жөнелді.
-Әңгіме не жайлы?
- Келген қонақты Елнұр қалай қарсы алды?
- Елнұрдың існ қалай бағалайсыздар?
Елнұрдың әдепсіз қылығын қандай іс-әрекетінен аңғаруға болады?
Адамды танымаса да құрмет көрсету керек дегенге келісесіңдер ме?
Сіздер өздеріңізді қандаймыз деп ойлайсыздар? Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Рөлдік ойын. Екі топқа бөлініп жағдаяттарды рөлге бөліп ойнау
1-ші жағдаят
Жолдың арғы бетінде ауыр сөмке көтерген әжей келе жатыр, ал сен болсаң әжейге қарама-қарсы келесің. Сенің іс-әрекетің .....
2-ші жағдаят
Автобусқа бір қария кісі мінді. Автобуста бос орын жоқ. Ал, сен болсаң алдыңғы қатардағы орында отырсың. Сенің әрекетің
2 тапсырма
Ілініп тұрған құрмет ағашының суретіне, жүрекше тәрізді стикерді үлкендерге тілек жазып жапсыру.
3 тапсырма
«Ренжістік, достастық» ойынын ойнау
Топпен ән айту.
Ата-әже
Қалмасын деп қатардан
Ойлайтыным көп менің
Айналайын атамнан
Айналайын әжемнен
Мақтанбаймын бекер мен
Өшпейсіңдер санамнан
Айналайын әкемнен
Айналайын анамнан
Күн сияқты асылар
Қамқоршым да осылар
Қайырма
Ата-әже мен сендерді сүйіп өсемін
Ана-әке сыйлаймын мен бәріңді
Мен сіздерге қарап өсемін
Қанша көрдім дегенмен
Көрмегенім көп менің
Қанша білдім дегенмен
Білмегенім көп менің
Мен дегенде ештеңе
Аямайтын осылар
Таңертеңде кештеде
Аялайтын осылар
Қалай жаман боламын
Мен бақытты баламын Соңғы тыныштық сәтi.
Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз.
Бәріңізге үлкен рахмет!!!
Баяу әуен орындалып тұрады.