Саба? жоспары ?аза? ?дебиеті Ыбырай Алтынсарин ??гімелері 9-сынып


Күні: пәні: қазақ әдебиет Сыныбы: 9 Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсарин әңгімелері
Сабақтың мақсаты: Ы.Алтынсариннің шығармашылығымен тереңіректаныстыру, әңгіменің тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отыры ашу, Ы.Алтынсариннің ел болу идеясының өміршеңдігіне көз жеткізу;
Сабақтың көрнекілігі:Ыбырай әңгімелерінің тақырыптарына байланысты суреттер жиынтығы, сызба кесте, слайд шоу.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың әдісі:сын тұрғысынан ойлау (ой қозғау,топтастыру)
Көрнекіліктер: Ыбырай Алтынсаринның өмірі мен
шығармалар жинағы, слайд-шоу мультимедиалық проектор, тірек-
сызбаларСабақтың барысы:
а)Ұйымдастыру кезең:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.
б)Үй тапсырмасын пысықтау:
XIX ғасырдың 2-жартысы мен XX ғасырдың басында өмір сүрген әдебиет өкілі Ы.Алтынсариннің шығармалары бойынша алған білімдеріңді сарапқа салу.
Жаңа сабақты түсіндіру.
1.Жаңа тақырыпты слайд арқылы түсіндіремін.
Мағынаны тану. «Кластер стратегиясы»
-Балалар бүгінгі осы алған білімдерімізді толықтыру мақсатында «Ыбырай әңгімелерінің тақырыптарымен»танысамыз.
Алдымен әңгіме дегеніміз не?
-Әңгіме -адам өмірінің бір сәт бейнелейтін сюжеті бар шығарма.
Ыбырай Алтынсарин -қазақ балалар әдебиетінің атасы,әңгіме жанрының негізін салушы. «Қазақ хрестоматиясы»кірген әңгіме новеллаларында Ыбырай жастарды еңбекті сүюге,оқу өнерге ұмтылуға,Отанын,елін сүйетін патриоттық сезімге,талапты,жігерлі,кішіпейлі болуға үндейді.Ы.Алтынсарин -балалар әдебиетінің атасы.Бүкіл өмірін қазақ балаларын оқытуға арнаған.Бұл шығармалардың тақырыптық- идеялық мазмұнынан біз Ыбырайды ұстаз тәрбиеші ретінде алдына мақсат етіп қойған адамгершілік мәселелерін көреміз.
Ұстамдық шындық адамгершілікқайырымдылық кісілікәділдік төзімділік
талаптылық
еңбекшіл
достық оқу білім өнер мейрімділік«Ой ашар»:
Балалар,қазір біз Ыбырай әңгімелерінің тақырыптарына қарай топтаймыз.
1.Еңбекке баулитын шығармалар
2.Ыбырайдың ұстаздығы аудармалары туралы айтылады.
3.«Қазақ хрестоматиясы»туралы айтылады.
4.Ыбырайдың өлеңдерін жатқа айту.
5.Өнер- білімді үлгі етуге арналған шығармалар
6.Адамгершілікке тәрбиелейтін шығармалар
Ой толғаныс.
«Өнерлінің өрісі кең…».Аталған Ыбырай әңгімелерінде талап етілетін мәселе әңгіменің негізгі идеясын,көздеген мақсатына жете таныту.
1-топ «Ойтолғаныс: «Ыбырай әңгіме шебері»
2-топ Арнау: «Ізбасар ұрпағы- мына біз»
3-топ Мақала: «Ата тәрбиесі мен ғибрат»
«Әдебиет лотосы»Бұл бөлім бойынша әр топта оқушы тексеруші сайланады. Бұл кестеде Ыбырай әңгімелеріне талдау жасалады.
Семантикалық картамен жұмыс.
Әңгімедегі тақырыптары кейіпкерлерӘңгіме желісіНемен аяқталады? Не суреттеледі?
жағымды жағымсыз -Балалар,бүгінгі тақырыпты толығырақ түсіну үшін әр топ оқушылары.
-Балалар,сонымен бүгінгі не үйрендік,не білдік?
1.Әңгімеден бойларыңызға қандай қасиет жинадыңдар,нені ұғып,нені
үйрендіңдер?
2.Әңгіме бізді неге,қандай қасиеттерге тәрбиелейді деп ойлайсыңдар?
Сол туралы өз ойларыңызды қысқаша жазыңдар.
Екі жақты күнделік
Әңгімеде саған не әсер етті? Несімен әсер етті?
Үйге тапсырма:
1.Әңгімелерін оқу,мазмұндау.
2.«Ы.Алтынсарин шығармалары балалар әдебиетінің бастаукөзі»тақырыбына эссе жазу.
Бағалау:Оқушылар бағаланады.Топ басшыларының бағалауы бойыншабаға қою.