Математика п?нінен сыныптан тыс Тап?ыр достар (4 сынып)


«А.С.Макаренко атындағы орта мектеп
мектепке дейінгі шағын орталықпен» КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Орынбаева Роза Абдинабиевна
Сыныптан тыс іс-шара: «Тапқыр достар» Мақсаты: 1. Математика сабағында алған білімін өмірде пайдалана білу. 2. Тез ойлауға,шапшаң есептеуге баулу,ой -өрісін кеңейту. Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.
3.Оқушылардың өз ойларын еркін айта білуге қалыптастыру. Оқушыларды ауызбіршілікке,ұйымшылдыққа,достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Танымдылық ойын сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап, көрнекілік, ізденушілік, ойын, құрастыру.Көрнекілігі :геометриялық фигуралар,нақыл сөздер,сандар,танграм суреттері.сөзжұмбақтар. мақал –мәтелдер. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық. Мұғалім: - Қайырлы күн қымбатты қонақтар, ойынға қатысушылар! «Тапқыр достар» атты сайыс сағатына қош келдіңіздер! Сайысымыздың негізгі мақсаты әртүрлі математикалық ойын тапсырмалар орындау білімдерін, одан әрі тереңдету. Алған білімдерін пысықтау.
Сайыс сағатымызда сөзжұмбақтар, логикалық есептер, өлең есептер, мақал –мәтелдердің жалғасын табу т.б. беріледі.Солардың жауаптарын дұрыс айтуларыңыз керек. Әр дұрыс айтылған жауаптарға , Әділ- қазылар алқасы бағалап отырады. Сайыста ұпай көп жинаған топ « Жас математиктер» номинациясына ие болады. Ал аз ұпай жинаған топ сайысқа белсенді қатысқаны үшін « Алғыс хатпен» марапатталады . Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Математика сырлары, Қызықтырды біздерді. Ойынға бірге қатысуға, Шақырамыз сіздерді- Біздің бүгінгі мақсатымыз математика пәнінің өте жауапты екендігін біле отыра, сандардың ғажайып әлеміне ойша саяхат жасап,оның байлығын көре білу және мүмкіндігінше оқушыларды қызықтыра білу.
Уа, халайық, халайық
Бәріне жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Математика елінде
Есеп шешіп жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Шабыт тасып, шалқысып
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шеру шашайық
Мұндай қызық табылар
Жұмбақ, есеп бәрі бар
Ал, сайыскер балалар
Білімдеріңді сынайық, - бүгінгі ойынға қатысушы үш топпен таныстыруға рұқсат етіңіздер. «Алғырлар» тобы ,«Білімділер» тобы, «Тапқырлар» тобы Әр топ өздерін таныстырмай тұрып сендердің берген жауаптарыңды шығаратын ,есептеріңді орындаған тапсырмаларынды бағалап отыратын әділ-қазы алқасымен таныстырып өтейін:
1.
2.
Мұғалім: Ал, келіңдер, келіңдер, Біріңе – бірің еріңдер. Біліміңді тексеріп, Сынға түсіп көріңдер. Бүгінгі ойынымыз 9 айналымнан тұрады. Әрбір айналымның ұпай сандары есептеледі.Олай болса алдымен бүгінгі сайысымыздың жоспарымен танысайық: 1. Таныстыру
2. «Кім көп біледі?»
3. Математикалық бейнелі сөз шешу.
4. «Ұшқыр ой» ойыны
5.«Ойлан, тап» математикалық жұмбақ есептер6. « Кім зерек»
7. «Тапқыр болсаң , тауып көр»
8. «Жүзден жүйрік»
9. « Кім жылдам»
Енді сөз кезегін топтарға берейін, өз топтарын өлең жолдары арқылы таныстырып өтсін.Ал, топ мүшелері дайынсыңдар ма? - Ойынды бастайық!!! 1. Таныстыру бөлімі.
1-топ «Алғырлар» тобыҰраны: Жарыс десе жанамыз
Бүгінгі жарыста алғырлықпен аламыз
«Алғырлар» Озып шығып бәйге аламыз
Аты аңызға айналған
«Алғыр» бала атанып
Бізде ғалым боламыз2-топ «Білімділер» тобыҰраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске
«Білімділер» Мақтанбаймыз « білімдіміз» деп
Таудай бірақ талабымыз
«Білімді» бала атанып
Келешекте өскенде
Үлкен ғалым боламыз3-топ:«Тапқырлар» тобы Ұраны: Жарыстарда жаңылыспай әрқашан
Тапқырлықпен жеңістерге жетеміз
«Тапқырлар» Мақтанбаймыз «тапқырмыз» деп
Тапқырлықпен әрқашан
Жеңістерге жетеміз
Тапқыр болып әрқашан
2-бөлім« Кім көп біледі?» Әр топқа 7 сұрақтан қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа – 1ұпай.
Уа, балалар, балалар,
Кәне бері қараңдар
Сайысымызды бастайық
Сұрақтарға қиналмай
Лезде шешіп тастайық
1-топ.Топ « Алғырлар» тобына
1.Бір ғасырда неше жыл бар? «100»
тәулікте неше сағат бар? «24»
км қанша метр бар? «1000м»
4.Екі нүктені қосса не шығады? «түзу»
5.Ең үлкен үш таңбалы сан «999»
6.Мектептегі 45 минут «сабақ»
7.Оқу жылында неше тоқсан бар «4»
2- топ. «Білімділер» тобына
1.2-ге қалдықсыз бөлінетін сандар? «2,4,6,8,10»
2.Төрт ондықтан құралған сан ? «40»
3.Ең кіші үш таңбалы сан? «100»
4.Барлық қабырғалары тең төртбұрыш. «шаршы»
5.1-жылда неше күн бар? «365»
6.Үстел беті төрт бұрыш, оның бір бұрышын кесіп алсақ неше бұрыш шығады? «5»
7.Оқу жылының алғашқы айы қандай ? «қыркүйек»
3-топ «Тапқырлар» тобына
1.Кему амалы « азайту»
сағатта неше минут бар? «60»
3.Ұзындықтың өлшем бірліктерін ата? «»
см неше милиметр бар? «10мм»
5.Дөңгелекті басқаша қалай атаймыз? «шеңбер»
6. Төрт әріптен тұратын сандарды ата? « 4,6,7»
7.Мектептегі 10 минут? «үзіліс»
3-бөлім. «Математикалық бейнелі сөз» шешу. Яғни ребус шешесіңдер.
, Қаз Ай Ту «Азайту», Мысық ,,,, Етік,,Р «Метр», 1 елік,, «Бір ел», 1 т ,сағат,, дыр
« Бір тағдыр»,
7+к- жетік, 3+ кір-үшкір, 6+н-алтын, т+10- тон, к+2+л-кекіл, қ+10+ақ-қонақ,8+ көз –сегіз көз, с+10+а-сона,100+ім-жүзім.
4- бөлім. « Ұшқыр ой» ойыны. Яғни қай топтың ойының ұшқыр екенін анықтаймыз. Ол үшін алдарында тұрған 1-ден 9 ға дейінгі сандарды жазыңдар. Енді сол сандардың орнын ауыстырмай , мәні 99 шығатындай «+» амалын қойып шығындар. Орны ауыспаған қалыпта екі таңбалы сан қолдануға болады.
1,2,3,4,5,6,7,8,9 = 12+3+4+56+7+8+9=99
1,2,3,4,5,6,7,8,9= 1+23+4+5+67+8+9=99
1,2,3,4,5,6,7,8,9 =1+2+34+5+6+78+9=99 кәне балалар жазып болсақ ,топ басшыларын оқып шықсын.
Ендеше тақтаға қарайық .Дұрыс орындаған нұсқаны дұрыс орындаған топтың тапсырмасын үлгі ретінде көрсетемін.
5-бөлім. « Ойлан тап» математикалық жұмбақ есептер.
Бес бұтақты ағашта, бұтақ сайын бес алма,
Біреуін бер Асанға қалды сонда неше алма «24»
Апай самса пісірді,
Пештен оны түсірді,
Бір –бірден жеп балалар
Бақыт, Сақып, Даналар
Марат, Қайрат, Саралар
Тойып лезде қалғаны
Тағыда 1 самсаны
Мысық жалмап алғаны,
Апай қанша самса пісірді? «7»
Аулада бес тауық,
Қорада үш тауық
Бір тауық жығылды,
Бір тауық тығылды.
Қалды сонда неше тауық? «6»
Талдан ұшты топ торғай ,
Емес бірақ көп торғай.
Алдында оның бастаушы,
Артында төртеу қостаушы.
Ойың жүйрік болса егер,
Торғай нешеу есепте? «5»
Сөмкеңді ашып қарашы ,
Барлық затты санашы.
Сиясорғыш, өшіргіш,
Дәптерің мен қаламың
Қарындаш пен пеналың,
Және үйретер әріпке
Жақын досың – Әліппе.
Нешеу болды барлығы? «7»
Көлден ұшты 50 қаз,
Қайтып қонды 20 қаз.
Қонбады оның нешеуі
Кәне , кім тез шешеді? «30қаз»
Көлден ұшқан 15 қаз Қайтып қонды 9 қаз Қонбады оның нешеуі Кәне ,кім тез табады? (6) Бес бұтақты ағашта, Бұтақ сайын бір алма Біреуін бер Маратқа Сонда қалмақ неше алма (4)
.Бір-бірімен жарысқан Төрт аю,бір арыстан. Екі қоян,бір түлкі, Бәрі нешеу кім білді? (8) Үшеуі қызыл, үшеуі ақ Оң қолымда неше алма? Төртеуі қызыл, төртеуі ақ Сол қолымда неше алма? (6 және 8)
Түйе, бота маң басқан Төрт аяғын тең басқан. Шұнақ құлақ бес ешкі Қос лақпен қос ешкі. Төрт қозылы екі қой Бәрін бірге санап қой. (17) Аулада 3 үйрек, Қорада 1 үйрек. 1 үйрек тығылды, 1 үйрек жығылды. Қалғаны неше үйрек? (2)
6-бөлім «Кім зерек».
Өмірде ойлап тұрсаң, бәрі де - есеп. Ауырсаң, ішетұғын дәрі де - есеп. Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз ау, Дүниенің бар тұлғасы есеп десек - деп, «Кім зерек? »сайысында берілген сурет бойынша үй құрастыру керек. Үш топқа бір үйдің геометриялық қиындылар беріледі сол суретті тақтадан түп нұсқасын көрсетемін. Сол үйдің нұсқасын қарамай ортырып құрастырып шығу керек. 1 мин уақыт беріледі..Қай топ бірінші дұрыс құрастырып болса сол топқа ұпай беріледі. 7-бөлім. « Тапқыр болсаң тауып көр» жасырынған сөз. « алма, өрік, шие, гүл, маусым, шілде, тамыз, қарбыз,көл әтеш ,бор, бас, құз, кеме,көз»
А П Р О Л М Т Д Ж
Ө М Ш И Е А А П Г
Р И Ф Ы В У М А Ү
І Т Ң Ц У С Ы Р Л
К Қ А Р Б Ы З О Х
Ө Б Ғ К Е М Е Л Щ
З Ю И М Ф Я І Д О
Я Я К И Ш І Л Д Е
Ы Ч Ә Т Е Ш Б О Р
К Ө Л Б А С Қ Ұ З
Мұғалім: Қиындықтан ешқашан біз қашпаймыз. Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз, Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз-келесі кезек логикалық тапсырмаларда. 8-бөлім. « Жүзден жүйрік». Әр топ 1 минут ішінде неше логикалық сұраққа жауап бере алады.. Жауап бермесе келесі сұраққа өтуі тиіс..1 Қанаттың сөмкесі Саматтың сөмкесіне сияды,ал Саматтың сөмкесі Ерланның сөмкесіне сияды.Кімнің сөмкесі үлкен, кімнің сөмкесі кішкентай? (Ерланның сөмкесі үлкен,Қанаттікі кішкентай) 2.Айдос үйдің 6-қабатында тұрады, ал Жандос осы подъездің 3-қабатында тұрады. Егер Айдосқа дейін 60 баспалдақ болса, Жандосқа дейін неше баспалдақ бар? (30). 3.Үстелдің бір бұрышы кесіп алынды. Үстелде енді неше бұрыш қалды? (5) 4.Алмұрт алмадан ауыр, ал алма өріктен ауыр. Алмұрт ауыр ма, әлде өрік ауыр ма? (алмұрт) 5. Еменде үш бұтақ, ал әр бұтақта үш алмадан бар.Барлығы неше алма? (еменде алма өспейді) 6. Қандай бөшкеге су құюға болмайды? (тесік) 7.Суда қандай тас жоқ? (Құрғақ) 8. Жердің қақ ортасында не бар? (Е әрпі) 9. Бос ыдыста неше құлпынай бар? (ештеңе жоқ) 10.Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды? «2сағат» 11.2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма? «тең»13.Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек ? « 4»14.Үш қыз бір сыныпта оқиды. Айгүл, Гүлназ, Айнаш. Айгүл Гүлназдан үлкен, Гүлназ Айнаштан үлкен. Кім сонда үлкені? «Айгүл»15.Бақытжанның 4 ұлы, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Бақытжанның неше баласы бар? «5» баласы бар. 16.Марат кешкі сағат 10-да ұйқыға жатты. Ол сағаттың қоңырауын таңғы 9-ға қойды. Ол неше сағат ұйықтады? «11сағат» 17.Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді? «сейсенбі» 18. Әкесі мен ұлы ағашты 12 рет кесті. Қанша бөрене шықты? (13) 19.Дүйсенбіден кейін 3 күннен кейін қай күн келеді? «жұма» 20. 666 санын ешқандай математикалық амал есептеу қолданбай-ақ қалайша 999-ға айналдыруға болады?
21.Аңшы орманда жүріп қояндар ұстап алды. Оның дорбасынан 6 құлақ шығып тұр. Аңшы қанша қоян ұстап алды? «3»
22.Қайыңда 6 алма өсіп тұр еді, 2-уі түсіп қалды. Ағашта неше алма қалды? «қайыңда алма өспейді»
9-бөлім. « Кім жылдам»
Біреу озса жарыста,
Біреу артта қалады.
Ренжімей тараса,
Озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену жалықпау.
Бұл бөлімде құрамында санмен айтылған мақалды ары қарай тез , жылдам жалғастыру.
1.Екі жақсы қас болмас,
...... жаман дос болмас.
2.Бір кісі қазған құдықтан .... кісі су ішер.
3.Білгеннің бірі....
Білмегеннің.......
4.Жігіттің құны -100 жылқы
Ары..... жылқы.
5.......теңгең болғанша
........досың болсын
6........жұрттың тілін біл
..........түрлі білім біл.
7.Білекті.....-ді жығар
Білімді ......-ды жығар.
Қорытынды:
Сонау –сонау алысқа, жүзсін десең кемелер,
Тылсым-сырлы ғарышқа, ұшсын десең денелер.
Жасау үшін бәрің де
Математика-
Ең маңызды ғылым бұл,
Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл.
Осыменен ,балалар « Тапқыр достар» атты сайыс сағатын аяқтай отырып.Жеңімпаз топты анықтап «Жас математик» номинациясын беріп, ұпайды аз жинаған топ белсенді қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» Мадақтап марапатталады.
Сөз кезегін әділ –казыларға береміз.Бүгінгі сабағымызға қатысқан ұстаздарға рахмет айтамыз. Сау болыңыздар!