Саба?ты? та?ырыбы: 9 саны мен цифры Б?л саба? мына ма?саттарды к?здеді: а) 9 саны ж?не цифрымен, оны? ??рамымен таныстыру, 9- ?а дейінгі сандар бойынша есеп ??растырып шеше білуге, математикалы? «?лкен, ке?, кіші» та?баларын д?рыс ?ол


Сабақтың тақырыбы: 9 саны мен цифры
Бұл сабақ мына мақсаттарды көздеді:
а) 9 саны және цифрымен, оның құрамымен таныстыру, 9- ға дейінгі сандар бойынша есеп құрастырып шеше білуге, математикалық «үлкен, кең, кіші» таңбаларын дұрыс қолдануға үйрету;
б) балаларды жылдамдыққа, шапшандыққа тәрбиелеу.
Әдіс- тәсілдер: көрнекілік, дидактикалық ойын көрсету, сұрақ – жауап, өлең.
Көрнекілігі: 1- 9 ға дейінгі сандар, үлестірмелі материалдар, дидактикалық ойындар, қасқырдың, Қызыл телпектің, үйдің суреті, дәптерлер.
Сабақ барысы: Кіріспе бөлім, ұйымдастыру.
Дидактикалық ойын: «Қай жануардың төлі?»
Мақсаты: ой - өрістерін дамытып, сөздік қоларын арттыру, сұрақтарға дұрыс және толық жауап беруге үйрету, жануарлар туралы түсінік беру.
Балаларға сұрақ:
Қандай үй жануарларын білесіңдер?
Қандай дала жануарларын білесіңдер?
Олардың қандай пайдасы бар?
Сабақты жалғастыру.
Тосын жағдай: Балаларға қасқырдың және Қызылтелпектің суретін көсете отырып қызықтыру.
Балалар, мынау не?
Дұрыс, қасқыр, Қызыл телпек.
Бұл қандай ертегінің кейіпкерлері екенін білесіңдер ме?
«Қызыл телпек» ертегісінің.
Қызыл телепек бізден көмек сұрау келіпті.
Қызыл телпек әжесінің үйіне бара жатқанда алдынан оған қасқыр кездесіпті
Қасқыр: Қызыл телпек, егер сен менің тапсырмамды орындасаң, мен сені жіберемін. Ал, егер тапсырманы орындай алмасаң, сені жеп қоямын. (Қасқырдың сөмкесін ашып ішіндегі тапсырмаларды оқиды).
1- тапсырма: 1-8 –ге дейін тура, кері санау.
Күрделірек тапсырма берейін.
2- тапсырма: «Шешімін тап». Мысалы, 3 + 3, 4 + 1, 5 + 4.
- Балалар, Қызыл телпек 5+ 4 тапсырмасын орындай алмады.
Сондықтан 9 санымен танысайық.
Негізгі бөлім.
Қазір сендерге өлең оқимын, мұқият тыңдаңдар.
Сегізден кейін тоғыз.
Алтыны төбесінен тұрғыз.
Сонда мен боламын,
Цифры тоғыз.
8 санынан кейін 9 саны тұрады. 9 саны 9 бірліктен тұрады.
(1+1+1+1+1+1+1+1+1=9)
9 цифрын тақтаға жазып көрсету.
9 цифрын ауада жазу.
9 цифрын дәптерге жазғызу.
Дидактикалық ойын: «Матеамтикалық таңбаларды қою».
Мақсаты: математикалық (үлкен, кіші, тең) таңбаларды дұрыс қолдана білуге, салыстыруға үйрету.
Ойын шарты: Тәрбиеші балаларға карточкалар таратып береді.
Балалар санап, салыстырып таңбаларды қою керек.
Сергіту сәті:
Қорбандаған аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп – теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Дидактикалық ойын: «Қанша сан болса, сонша нүкте сал».
Ойын шарты: Берілген карточкада, мысалы, 5 цифры болса оның қасына 5 нүкте салу керек, т.б.
Дидактикалық ойын: «Артық санды боя».
Ойын шарты: Карточкалар таратып беру. Орындау жолын түсіндіру.
Қорытынды бөлім.
Балалар, біз «9» санымен таныстық. Енді біз Қызыл телпекке жаңағы орындай алмаған тапсырманы орындауға көмектесейік.
Сондықтан 5- ке 4- ті қоссақ неше болады. Кәне, санайықшы!
Дұрыс, 9 болды.
Сонымен қасқырдың тапсырмаларын орындадық, енді Қызыл телпек әжесінің үйіне бара алады.
Сабаққа қатысқан балаларды мақтау, мадақтау.