География 7 сынып. Саба?ты? та?ырыбы :Аустралияны? жер бедері мен пайдалы ?азбалары


Тақырыбы: Жұмыс. Қуат. Энергия.
Мақсаты:
білімділік: өткен тақырыпты қайталау, бекіту, тексеру. Тақырып бойынша алған білімдерін өздігінен кез келген жағдайда пайдалана білуге үйрету;
дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Жүйелі түрде ойлауға, ізденуге бағыттау, білімге деген құштарлығын арттыру;
тәрбиелік: өмірдің барлық ағымы физикалық заңдылыққа қатысты екендігін көрсету. Балаларды еңбектене, іздене білуге баулу.
Сабақтың түрі: бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: қайталау, сұрақ-жауап, тест, есеп шығару, оқушыларға әр дұрыс жауапқа – жұлдыз, бір қате болса – төртбұрыш, бірнеше қате – үшбұрыш беру.
Көрнекілігі: слайд, интерактивті тақта, карточкалар, тест тапсырмалары.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
-амандасу;
-кезекшімен сұхбат;
-психологиялық дайындық.
II. Қайталау. Сұрақ – жауап.
-Жұмыс дегеніміз не? (Дененің орын ауыстырғанда күштің атқарған жұмысы – механикалық жұмыс деп аталады).
-Қуат дегеніміз не? (Жұмыстың орындалу жылдамдығын сипаттайтын шама қуат деп аталады).
-Энергия деген не? (Энергия – дененің жұмыс істеуқабілетін нақты көрсететін физикалық шама).
-Кинетикалық энергия деп қандай энергияны айтамыз? ( Кинетикалық энергия – денелердің қозғалу салдарынан туындайтын энергия).
-Потенциалдық энергия деген не? ( Потенциалдық энергия – әр түрлі денелердің (немесе бір дене бөліктерінің) өзара орналасуы бойынша анықталатын энергия).
-Механикалық энергия? (Дененің потенциалдық және кинетикалық энергияларының қосындысы – механикалық энергия).
- Механикалық энергияның сақталу заңы? (Тұйық жүйені құрайтын денелер арасында тек қана ауырлық күші мен серпімділік күші әрекет ететін болса, онда тұйық жүйенің механикалық энергиясы тұрақты сақталады).
III. Физикалық диктант.
Жұмыстың формуласы, өлшем бірлігі. A=FS, [A] = 1 Дж = 1 Н*м
Қуаттың формуласы, өлшем бірлігі. N= A/t , [N]= 1 Дж/с
Кинетикалық энергияның формуласы, өлшем бірлігі.
ЕК= mϑ²2 , [Ek]= Дж
Потенциалдық энергияның формуласы, өлшем бірлігі.
Еп = mgh , [Eп]= Дж
Механикалық энергияның формуласы, өлшем бірлігі.
W= ЕК+ Еп = mϑ²2+ mgh , [W]= Дж
Дәптерлермен ауысып, тексеру, бірін – бірі бағалау. Дұрыс жауаптар интерактивті тақтада болады.
IV. Кестені толтыру.
Аталуы Белгіленуі Формуласы Өлшем
бірлігі Анықтамасы
Жұмыс А A=FS Дж Дененің орын ауыстырғанда, күштің атқарған жұмысы
Қуат N N= A/t Вт Жұмыстың орындалу жылдамдығын сипаттайтын физикалық шама
Кинетикалық энергия EK ЕК= mϑ²2Дж Денелердің қозғалу салдарынан туындайтын энергия
Потенциалдық энергия Еп Еп = mgh Дж Денелердің өзара орналасуы б-ша анықталатын энергия
Механикалық энергия W W= ЕК+ Еп = mϑ²2+ mgh Дж Дененің потенциалдық және кинетикалық энергияларының қосындысы
V. Дұрыс жолды табу.
A= сек Қуат
F= м Кинетикалық энергия
S= Н Уақыт
EK= Дж Потенциалдық энергия
EП= Вт Орын ауыстыру
N= Дж Жұмыс
t= Дж Күш
VI. Дұрыс формуланы тап.
A= F*S F= m*g F= N*t EП=mgh
S= ϑ*t EK= mϑ²2 S= mϑ²2 N= F*S EK= mgh EK= A/t EП= kx22 N= A/t
VII. Сергіту сәті.
Тапсырма: Адамға қарағанда 5 қабырғасы артық, 30 қабырғалы, 517 мускулдан, алдыңғы аяғында 4 саусағы бар, жүгіргенде 50 км/сағ жүгіре, 60 метр қашықтықтан көре алатын, адамға қарағанда 14 есе иісті сезе алатын жануар қалай аталады?
Жауабы: мысық
VIII. Есеп шығару. Топпен жұмыс.
Екі қатарда отырған оқушыларға4 есеп беру. Бір қатардағы балалар есептерді шешіп болса, жұмыс тоқтатылады. Интерактивті тақтада шешімі. Өзін –өзі тексеру.
№1. Еденде массасы 20 кг жәшік тұр. Оны автомашинаның биіктігі 1,5 м болатын кузовына көтерді. Потенциалдық энергияны табыңдар.
Берілгені: Формула: Шешуі:
m= 20 кг Еп=mgh Еп= 20кг*1,5м*9,8Н/кг=294 Дж
h= 1,5 м
g= 9,8 Н/кг
Еп=? Жауабы: Еп =294 Дж
№2. Массасы 4 кг және қозғалыс жалдамдығы 4 м/с дененің кинетикалық энергиясын анықтаңдар.
Берілгені: Формула: Шешуі:
m= 4 кг Ек= mϑ²2 Ек= 4кг*(4мс)22 = 32 Дж
ϑ= 4 м/с
Ек=? Жауабы: Ек =32 Дж

№3. Желдеткіш 10 минутта 1800 Дж жұмыс істейді. Желдеткіштің қуаты қандай?
Берілгені: ХБЖ: Формула: Шешуі:
t= 10мин 600 сек N= Аt N= 1800Дж600сек = 3 Вт
A= 1800 Дж
N=? Жауабы: N=3 Вт

№4. Массасы 100 кг дене 3 м биіктіктен құлап түсті. Ауырлық күшінің жұмысын анықтаңдар.
Берілгені: Формула: Шешуі:
m= 100 кг 2)A= F*S 1) F=100кг*9,8 Н/кг=980 Н
h= 3 м S=h 2) А=980Н*3м=2940 Дж
g=9,8 Н/кг 1)F= m*g

А=? Жауабы: А=2940 Дж
IX. Тест.
Жұмысты мына формула бойынша анықтауға болады:
А)A=F*S B)A=m*g C)A=k*x D)A=mgh E)A=mϑ²2Қуаттың өлшем бірлігі:
А)Дж B)Н C)Вт D)м/с E)м
Дененің потенциалдық энергиясы мына шамаларға тәуелді:
А)тек дененің массасына B)тек дененің биіктігіне C)дененің массасына және биіктігіне D)A,B,C E)дұрыс жауабы жоқ
Кинетикалық энергия мынаған тәуелді:
А)тек дененің массасына B)тек дененің жылдамдығына C) тек дененің биіктігіне D) дененің массасына және жылдамдыққа E)дұрыс жауабы жоқ
Энергияның өлшем бірлігі:
А)Вт B)Дж C)Н D)м E)м/с
Кілттері:
1.A 2.C 3.C 4.D 5. B
X. «Ойланайық, ойлайық!» (логикалық есеп)
Тапсырма: Сіздің қолыңызда – 500 теңге ақша бар, оған 100 бас мал сатып алуыңыз керек. Жылқы – 50 теңге, сиыр – 10 теңге, қой – 1 теңге. (1 жылқы, 39 сиыр, 60 қой)
XI. Үй тапсырмасы.
§63-68 169-188 бет қайталау.
Зертханалық жұмыс. Тақырыбы: «Оқушының мектептің бірінші қабатынан екіншіге көтерілгендегі істеген жұмысын есептеу». Құрал – жабдықтар: сызғыш.
Жұмыстың барысы:
1.Сызғыштың көмегімен бір сатының биіктігін өлшеу: S0.
2.Сатылардың санын есептеу : n
3.Баспалдақтың биіктігін анықтау: S= S0*n.
4.Өз денелеріңнің массасын анықтау : m, кг.
5. Өз денелеріңнің ауырлық күшін есептеу : F=m*g
6.Жұмысты анықтау: А=F*S.
7.Кестені толтыру:
S0 , м
n S, м
m, кг
F, Н
А, Дж
8.Қорытынды жасау.
XII. Рефлексия.
- Балалар, біз бүгін нені қайталап өттік?
-Сабақтың басында қойған мақсаттарымызға жеттік пе?
-Қандай қиыншылықтар болды?
Смайлик арқылы.
- Балалар, мына сабақтан кейін өздеріңнің көңіл-күйлеріңді осы смайликтар арқылы көрсетіңдер.

XIII. Сабақты қорытындылау. Оқушыларды бағалау.