Бата соз 3 класс


Бекітемін: мектеп директоры А.Губашева
оқу ісінің меңгерушісі Д.Жалетова
Мектеп: М.Б.Ықсанов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп
Мұғалім: Г.Макаримова
Сыныбы: 3 «б»
Пәні: Әдебиеттік оқу күні: 13.05.2016ж сабақ №23 4-тоқсан
Сабақтың тақырыбы Бата сөз
Жалпы мақсаты Бата мен мақалды ажырату, өмірде қолдану жолдарын,
әсерін айту. Тірек сөз арқылы бата құрастыру.
Оқу нәтижелері А) Бата мен мақалды ажыратады.
В) Өмірде колдану жолдарын,
әсерін айтады.
С) Тірек сөз арқылы бата құрастырады
Түйінді идеялар Бата ақысыз шын пейілмен берілетін тілек
Сабақ кезеңдері
Кіріспе
Уақыты: 5минут Жұппен отырады.
Үй тапсырмасын сұрау: «Блум таксономиясы»
білу Өсім дегеніміз не? Басқаша кім қалай түсіндіре алады?
түсіну Хасанның ұялуына не себеп болды?
қолдану Сенің қолыңда мың теңге бар болса, оны қалай пайдаланар едің? Сен ше?
Талдау Осы әңгімеден қандай ой түйдің? Неге олай ойладың?
жинақтау Сенің өміріңде осындай оқиға кездесті ме?
бағалау Ата анадан ақша сұрау , бұл жақсы ма? неліктен?
Тұсаукесер
Уақыты:2 минут Ата анадан немесе үлкен қариядан ақысыз не алуға болады деп ойлайсыз? Неге олай ойладың?
Негізгі бөлім
Уақыты 25 минут
Жұппен жұмыс: СТО «бата» сөзі ассоциация. Ф.Б. шапалақтау
Жұптар айтқан кезде келесілері қайталамайды
Бата дегеніміз тегін, шын пейілмен берілетін тілек. Батаның жүз бір түрі бар екендігі зерттелінген.
Мәтінмен жұмыс: түгел іштей оқу
Ассоциацияны толықтыру (жер, ел,ақ)
Жұппен жұмыс: СТО Венн диаграммасын толтыру.
Дескриптор:
Бата туралы ақпарат толық жазса 1
Бата туралы ақпарат толық жазса 1
Ортақ ұқсастық жазылса 1
Сергіту сәті: бата болса, қолымызды созып, бетімізді сипаймыз.
Мақал болса, отырып қаламыз.
Мысалы:
Ұл берсең білікті қып бер.Қыз берсең көрікті қып бер,Мінер ат берсең желісті қып бер,Ағаш берсең жемісті қып бер! Бата «ақ бата»
Жақсы ұл жағадағы жұлдыз
Жақсы қыз аспандағы жұлдыз мақал
Мына берген басың,Аман болсын кәрі-жасың.  Мына берген жамбасың,Аман болсын жолдасың.Мына берген жілігің,Аман болсын ілігің.Мына берген төсің,Бақ дәулетің өссін. Бата «он екі мүшеге»
Жаңбырсыз болған жазыңнан сақта,Қарсыз мұздаң қысыңнан сақта.  Жастарында әдеп жоқ,  Үлкендерде пәтуа жоқ,Құр айғай, шуыңнан сақта.  Алдыңнан бақытың ашылсын.   Бата «Сақтық» батасы
Алтауың ала болса, ауыздағы кетер,төртеуің түгел болса, төбеңдегі келер макалЖұппен жұмыс:СТО БлумТаксономиясының қолдану деңгейі. Өзің өмірде қандай бата түрлерін естіп жүрсің?
бірінші жеке жазады
Жұбына оқиды
Ортаға топқа тұрады
Дескриптор:
Дәптерге жазса 1
Жұбына айтып берсе 1
Ортақ ұқсастық жазылса 1
Диас 117-бет мақал мен батаны ажыратады.
Жеке жұмыс: СТО Тірек сөздер арқылы жаңа бата ойластыру
Нәрестенің бауы ___________ болсын,  Ата-анасына ______________ болсын!________________болып ер жетсін,________________ болсын көрікті
Бағалауы:
Екі жол ұқсастық 1ұпай
Үш жол ұқсастық 1ұпай
Толық ұқсастық 1ұпай
Қорытынды
Уақыты: 5 минут Елге бата неліктен берілген?
Неге ақ бата деп аталған? Басқа кімді тағы ой бар?
Бағалау
Уақыты:2 минут Сынып рейтингісін санау, бағалау
Кері байланыс
Уақыты:5 минут 1минуттық эссе:
Сен бүгін ең бастысы не туралы білдің?
Сен үшін не түсініксіз болды?
Үйге тапсырма
Уақыты: 1 минут 116-117 бет.өзің білетін бата түрін жазып, жатқа айт
Деректер көзі «Әдебиеттік оқулық», авторлары Б.А.Тұрғынбаева, З.Муфтибекова
Алматыкітап 2014ж; компьютер, маркер.