Топты? Тола?ай жарысы (лагерь демалушыларына арнал?ан)


«Толағай» командалық жарысыТақырыбы: «Толағай» спорттық жарысы.
Мақсаты: Тәрбиеші,оқушы,машықгер арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында және спорттың денсаулыққа пайдасы зор екендігін түсіндіру. Салауатты өмір салтын қалыптастыра отыра ептілікке, жылдамдылыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.
Өтілетін орны: Спорт залТүрі: жарысКөрнекілігі: шелек, доп, скакалка, бокс қолғабы, обруч, жастық, көпір, қап, шар
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Негізгі бөлім.
ІІІ.Спорттық жарыс.
ІV.Қорытынды.
ІІ.Негізгі бөлім
Мұғалім сөзі:
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Чемпион болу оңай ма?
Арман болған талайға.
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалай да.
Құрметті мұғалімдер, оқушылар және барша спорт сүйер қауым!Бүгінгі «Толағай» атты спорттық жарысымызға хош келдіңіздер.
Әр таңды бақытпен атырамыз,
Өнерді ой көгінде бақылаңыз.
Сайысқа қатысуға енді ортаға,
Спортшыларымызды шақырамыз
-//-//-//-//-
Спорттық сайысымыз 5 баллдық жүйемен бағаланады.
Сайысты бастамас бұрын,сайысымызға әділ баға беретін әділқазылыр алқасымен таныстырайық:
Бушеева Саулеш – лагерь басшысы;
Н.Шоқан – лагерь басшысының орынбасары;
К.Мамашева – мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
Ойын барысында ескерілетін мәселелер:қауіпсіздік ережесін сақтау,оқушыларды қатыстыру,үш команданың ұпайын есептеп жеңген команданы анықтау,марапаттау. Әр ойынның қорытындысын айту.
Ендеше сайысымызды бастаймыз!
Әр топ өздерін таныстырып өтеді(топ аты, ұраны, төсбелгісі)
ІІІ.Спорттық жарыс.
«Тарақандар жарысы»
Қолданылатын заттар: 3 волейбол добы
Шарты: қолды артқа тіреп,екі аяқтарды алдыға қойып , белгіленген жерге дейін допты ішіне қойып жүріп өту. )
«Жүгіреміз де секіреміз»
Қолданылатын заттар: 3 волейбол добы, 3 обруч, 3 скакалка (2 әрбір командаға бір бірден).
Шарты: Екі тізесімен мұғалім допты қысып, жерде жатқан обручқа дейін жетуі тиіс, оған жеткен соң допты қойып, скакалкамен секіріп келу керек, ал 1 оқушы скакалкамен обручқа дейін секіріп, допты тізесіне қысып орнына дейін келуі тиіс. Ойын осылайша машықгер мен 2 оқушымен жалғасады.
«Кім жүйрік?»
Қолданылатын заттар: 3 қап ( әрбір командаға бір бірден).
Шарты: Ойыншы қапты бел тұсына дейін киіп секіру арқылы кедергілерден өтеді.Белгіленген жерге барып шарды атып кейін қайтады.
«Боксшылар есебі»
Қолданылатын заттар: бокс қолғабы, қалам мен қағаз, волейбол добы ( әрбір командаға бір бірден).
Шарты: Ойыншы бокс қолғабын киіп допты шоршыту арқылы ілінген қағазға жетіп берілген тапсырманы орындап, допты шоршыту арқылы кейін қайтады.
«Су тасушылар»
Қолданылатын заттар: 3бос шелек, 3 су толтырылған шелек ( әрбір командаға екі-екіден).
Шарты: Ойыншылар су толтырылған шелектен бос шелекке көпір арқылы өтіп су тасиды. Шелекте су біткенше ойын жалғасады.
«Кім күшті?»
Қолданылатын заттар: орындық,2 жастық
Шарты: Ойыншылар көпір үстінде тұрып жастықпен бір-бірін ұрып көпірден құлату керек. Жеңген командамен үшінші команда қайта ойнайды. Сөйтіп ойын жеңімпазы анықталады.
V. Қорытынды.
Өнерге биік сенеміз,
Думанға қызық келіңіз.
Әділ қазы ел сенген,
Өнерге баға беріңіз.
Жарыс заңы ежелден -
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол -
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімейТараса бізге жарадыӘділ - қазы алқасы сіздерге сөз беріледі!
Осы сайыста ең ұнаған бір турды атап өтсеңіз!
Құрметті оқушылар! Сіздерді алған орындарыңызбен құттықтай отырып, бүгінгі жарысымызды аяқтаймыз. Келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет, сау болыңыздар