Ашы? саба? Жаз?ы демалыс


4 «Б» сынып Сабақтың тақырыбы: Жазғы демалыс
Сілтеме 4- сынып Қазақ тілі оқулығы, авторы Қайырбекова.
Жалпы мақсаттар Оқушыларға «Жазғы демалыс» тақырыбын өз беттерінше түсінеді. Мәтіндегі сөздермен терең танысады, сөздік қорларын кеңейтеді. Тақырып мазмұнына сәйкес тапсырмаларды ұтымды ыңғайластыра отырып, нәтижеге жетеді.
Күтілетін нәтижелер
1.Жұппен және жеке жұмыс жасауда пікір алысуға,бір-бірінен үйренуге жетелейді.
2.Өз пікірін дәлелдейді ,тұжырым жасап басқалармен келіседі немесе келіспейді .
3.Бір –біріне сұрақ қояды және айтқандарын дәлелдейді.
4.Тақырып бойынша сындарлы сөйлеуге ынталандырады;
5.Өз беттерінше шығармашылық жұмыс орындап белсенділік танытады .
6.Оқушылар өздерін еркін ұстайды және бір- бірімен ой бөліседі
7.Өзін және өзгені бағалайды .
Ресурстар Слайд, үлестірмелі парақшалар, тест тапсырмалары.
Түйінді идеялар 1. Тапсырмалармен жұмыс жасау, оны талдау, қорғау 2. ақпарат көздерін пайдалану; 3.өз түсініктерінің негізінде әрекет ету, салыстырмалы түрде жұмыс өткізу.
Тапсырмалар Тестпен жұмыс. Жұппен жұмыс. Мәтінмен жұмыс. Сөздікпен жұмыс. «Бес жолды өлең» әдісі
Сабақта қолданылатын материалдар Слайдтар, оқулық суреттері.
Сергіту жұмысы «Көңілді күн»
Бағалау Формативті бағалау
Кері байланыс Не ұнады? Не ұнамады?
Келесі қадамға тапсырма «Менің қызықты демалысым»тақырыбы бойынша әңгіме құрап жазыңдар.
Уақыт Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
2 мин Қызығушылығын ояту
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың көңіл күйін көтеру мақсатында « Шын жүректен» тренигін өткіземін. Оқушылар кезекпен айтады. Балалар мен де сендердің айтқандарыңа қосыламын бүгінгі сабаққа барлықтарыңа бестік тілеймін.
Оқушылар амандасады.Хормен қатысушы ұстаздарға сәлем беріп, «Сіздердің сенімдеріңізге сәтті сабақ сыйлаймыз» сабаққа зейін аударады
Шын жүректен тренигін ықыласпен орындайды. Бір – біріне сәттілік тілейді.
5 мин Үй тапсырмасын тексеру мақсатында тест тапсырмалары таратылады.
Тестің дұрыс жауаптарын тексереді.
Бағалау шкаласы
1-2 ұпай «2»
3-4 ұпай «3»
5-6 ұпай «4»
7 ұпай «5»
. Екеуара сөйлесе отырып, сыни тұрғыдан ойлауға үйренеді, өз бетінше шешім қабылдайды, қорытынды шығарады. Өзін- өзі бағалайды.
Слайд арқылы тест жауаптарын тексереді
5 мин Ой шақыру.
Демалыс туралы не білеміз? Сұрақ- жауап әдісі арқылы өз ойларын айтады. Слайдта сұрақтар жазылып тұрады сол арқылы сабақтың тақырыбын ашады.
1-сұрақ. Жаз айларын ата?
2-сұрақ. Жазда нелер піседі?
3- сұрақ. Жазда балалар не істейді?
4-сұрақ. Жазда балалар қайда барады?
«Жазғы демалыс» экраннан суреттер көрсетіледі.Сабақтың мақсаты анықталады; Балалар бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз «Жаз», «Жазғы демалыс туралы»
Диалог әдісі арқылы мағлұматтарын талдап, түсініктерін айтады. Зерттеушілік әңгіме қалыптасады
мәтіннің мазмұнын, негізгі ойын талдайды.Демалыс туралы айтып, дәлелдейді.
Көктемде, жазда, қыста, күзде демалатындарын және мереке күндері демалатындар туралы айтады.
20 мин
5 мин Мағынаны ажырату
Жаңа сөздермен жұмыс.
1Хормен оқиды.
2 Жұппен оқиды
3 Жатқа айтады.
Жұппен жұмыс. 1-тапсырма «Суреттерді сөйлетеміз» әдісі
. Суретпен жұмыс. Әр жұпқа суреттер таратылады.
2-тапсырма. «Оқы,аудар,жаз» әдісі Сөйлемдерді аударып жаз. Тапсырмалар үлестірмелі парақшалар арқылы беріледі.
Айша говарила о школе.
Сара рассказала о книге.
Диас говарил о друге.
Загадка было о животных
Наташа говарила о мултьфильме.
Книга была о временах года.
1жұп.Сөйлемді оқып аудар.
2жұп. Шылауды тап.
Сергіту сәті.Көңілді күн.
3-тапсырма. Сөйлемдерді оқы жаз.
Жазда күн жылы болады.
Жазда каникул болады.
Жазда жемістер піседі.
4-тапсырма. Мәтінді оқы, әңгімеле.
Қорытындылау
«Бес жолды өлең» әдісі Слайдта сөздер беріледі сол сөздерді қатыстырып өлең жазады.
Жаз
Балалар
Ыстық
Гүлдейді
Алақай Сыни тұрғыдан ойлауға үйренеді, оқушылар тақырыпты терең түсінуге мүмкіндік алады
үйренеді.
Жаңа сөздерді жұптаса отырып оқиды.
1Сурет бойынша сөйлем құрайды.
2 Сурет бойынша диалог құра.
3Сурет бойынша сұрақ қой.
Берілген сөздерді қазақ тіліне аударады, жұппен орындады.
Сөйлемдерді қазақ тіліне аударады.
Слайд арқылы сергіту жұмысын орындайды.
1-жұп Мәтінді мәнерлеп оқиды.
2-жұп Мәтінді әңгімелейді.
3-жұп.I,II жұп мәтін бойынша сұрақтар қойып мәтінді бекітеді.
Өз пікірлерін ашық айтуға үйренеді.
Осы сөздердің көмегімен өлең шығарады.
3 мин Кері байланыс
- Біз сабақ басталмас бұрын
алдымызға не қойып едік?
әрине мақсат., дұрыс айтасыздар!
Бүгінгі сабағымызда осы мақсатымызға жеттік пе?
Әрине бүгінгі сабақта «Жаз,Жазғы демалыс» туралы білдік.

Диалог әдісі арқылы ашық сұрақтарға жауап бере отырып, өзінің пікірін ашық айтуға үйренеді.
Тыңдап, сабаққа рефлексия жасайды «Қосжазба күнделігін» толтырады.
3 мин Бағалау: Формативті бағалау . «Матрица» әдісі бойынша бағалау.
Оқушылар бір –бірін әділ бағалайды
2 мин Келесі қадамға тапсырма: «Менің қызықты демалысым»тақырыбы бойынша эссе жазу.
Күнделіктеріне түртіп алады