Практикалы? саба? .Электростатика тарауына есептер шы?ару.(10-сынып)


Сабақ тақырыбы: Электр құбылыстары тақырыбына есептер шығару.
Сабақ барысындағы оқушылардың мақсаты - Электростатика заңдарын оқып-үйрену.
-Электр құбылыстарындағы ұғымдарды салыстырып, байланыстыру арқылы себептерін дәлелдеу
-есеп шығаруда формуланы түрлендіріп ,қолданылу аясын ерекшелеу
Күтілетін нәтиже - Электростатика заңдарын оқып-үйренеді,
-дәлелдейді ,салыстырады.
-есеп шығаруда қоланады
Сабақ кезеңдері Сабақтың құрылымы РесурстарҰйымдастырукезеңі
1мин
5 мин
Қызығушылықтыоятусәті
4мин
Мағынаны ажырату1. Топқа бөлу.
2.Үй жұмысын тексеру1.Сыйымдылығы 4·10-6Ф конденсаторға 4,4·10-4Кл заряд беру үшін конденсаторға қандай кернеу түсiру керек?
А. 1,1·102В Ә.22·1010В Б.3,1·10-10В
Заряд бір нүктеден екінші нүктеге дейін орын ауыстырған кезде потенциалдар айырмасы 1кВ өрісте 400 мкДж жұмыс атқарды. Заряд неге тең?
А. 4·10-7Кл; Ә. 20·10-9 Кл Б. 1,0·10-9 Кл
Зарядтардың біреуін 4 есе арттырғанда, өзара әсер күші өзгеріссіз қалу үшін, олардың ара қашықтығын неше есе өзгерту керек?
А. 2 есе арттыру керек Ә. 2 есе кеміту керек Б. 4 есе арттыру керекВ. 4 есе кеміту керек20 нКл потенциалы 700 В нүктеден потенциалы 200В нүктеге орын ауыстырғанда өріс қандай жұмыс істеді?
А. 10 мкДж Ә.20 мкДж Б. 40мкДж.
ІІІ.Карточка бойынша топтық жұмыс-деңгейлік есептер
А тобы
1. Конденсатор астарларындағы потенциалдар айырымы 500 В, заряды
3•10-6 Кл. Конденсатордың сыйымдылығы неге тең?
(Жауабы: 6 нФ.)
2. Электр зарядтары 20 Кл және -30 Кл екі бұлт бір-бірінен 30 км қашықтықта орналасқан. Бұлттар өзара қандай күшпен әрекеттеседі?
(Жауабы: 6 кН.)
3. Екі нүктелік зарядтардын арақашықтығын 3 есе азайтқанда, олардың Кулондық әрекеттесу күші қалай өзгереді?
(Жауабы: 9 есе артады.)
4. 1 • 10 -8 Кл зарядталған бөлшектен өріс кернеулігі қандай
арақашықтықта 300НКл болады?
(Жауабы: 0,55 м.)
Б тобы
1. Зарядтары q1 және q2(q1> q2 ) бірдей металл екі шар бір-бірінен r1қашықтықта орналасқан. Осы шарларды бір-біріне түйістірді. Сонда шарлардың өзара әрекеттесу куші өзгермес үшін оларды қандай қашықтыққа ажырату керек?
2. Жазық конденсатор астарларының әрқайсысының ауданы 200 см 2, олардың аракашықтығы 1 см. Егер өріс кернеулігі 500кВм болса, өрістің энергиясы кандай болады?
3. Зарядтардың әркайсысын 3 есе арттырғанда, өзара әрекет күші өзгермес үшін зарядтардың аракашыктығын неше есе өзгерту керек?
4. 90 нКл және 10 нКл зарядтар бір-бірінен 4 см қашықтықта орналасқан. Үшінші зарядты осы екі зарядтың арасына қандай қашықтықта қою керек?
5. Жіпке ілінген массасы 5 • 10 -4 кг кішкентай шардың заряды 2 • 10-7 Кл. Оның астына бір түзудің бойында жататын және одан 0,3 м қашықтықта заряды 5 • 10-8 Кл аттас заряд орналастырылса, жіптің керілу күші қандай болады?
С тобы
2. Протон потенциалы 500 В нүктеден 200 м/с жылдамдықпен ұшып
шықты. Потенциалы 475 В нүктеде ол қандай жылдамдық алады? Протонның массасы 1,67 • 10-27 кг. Заряды 1,6 • 10-19 Кл.
50863503486153. Конденсатор 500 В кернеуге дейін зарядталып, ток көзінен ажыратылған. Егер конденсатор астарларының арақашықтығын 2 есе кемітсе, конденсатордың кернеуі неге тең?
4. Керосинге батырылған А шар мен көлемі 9 мм3В болат тозаң (1-сурет) тепе-теңдік қалыпта тұруы , үшін олардың арақашықтығы қандай болу керек?Шарлардың заряды 7 нКл, ал тозаңның заряды 2,1 нКл.
5. Массасы 0,18 г және затының тығыздығы
1800кгм3 оң зарядталған шар тығыздығы 900кгм3сұйык диэлектрик ішінде тепе-теңдікте тұр. Диэлектрикте вертикаль жоғары бағытталған кернеулігі 45кВм біртекті электр өрісі бар. Шардың зарядын табындар.
Үй тапсырмасы §30 -31 18 ж-5,6,
Өзара бағалау Смайликтер
Эл.оқулық
Бағалау парағы
Оқушы әрекеті:
Осы сұрақ бойынша оқушылар өз ойларын айтады, бір - бірінің жауаптарын толықтырады.
Топ ішінде өзара талқылап, топ басшылары өз сөздерімен білгендерінше жауап береді.
Жаңа тақырыптар бойынша өздерінің постерлерін әр топ ортаға шығып қорғайды.