К?пм?шені к?бейткіштерге жіктеуге есептер шы?ару (7 класс)


Шаттық шеңбері Математика керек әр күнге, Математика қажет өмірде Математиканы оқимыз Миымызға тоқимыз. Математика-ермек емес балалық, Математика-көрегендік, даналық. Математика-құрметтеуге лайық, Кел, балалар, мұны жақсы ұғайық!!! Топқа бөлу Тұлғаны таны!!! 25.11.2016ж Көпмүшені көбейткіштерге жіктеуге есептер -Ерте,ерте,ертеде ешкі жүні келтеде. Баяғы өткен заманда бір бала мен ана өмір сүріпті. Бір күні баласы үйіне келсе, қартайып, ауырып жатқан анасын көреді. Бала анасын емдету үшін дәрігерге, бақсы-балгерге барады. Ешқандай ем болмайды. Сөйтіп жүріп бала бір данышпан адамды жолықтырады. Данышпан: «Анаңды мәңгі жасасын десең биік шыңда өсетін бақыт гүлін сыйла!»,-дейді. Бала асығыс жолға шығады. Келе жатып бірнеше кедергілерге кездеседі. Бір ауылдан өтіп бара жатып ашаршылық жайлаған ауылға кездеседі. Бұл жерден аман-есен өту үшін мынандай тапсырмаларды орындау қажет. Қалай балалар, бұл балаға көмектесеміз бе?Ендеше …. Ойлан, бірік, бөліс. Көбейткіштерге жіктеңіздер: І топ. (а+9)²+2а(а+9) ІІ топ. 2в(а – 3) – 5с(3 – а) ІІІ топ. (х – у)²+х – у Бұл ауылдан аман өткеннен кейін, шаршап-шалдығып келе жатқан баланың алдынан тағы да кедергі кездесті. Ол Ұлы Отан соғысы болатын. Бұл жерден аман-есен өту үшін мынандай тапсырмаларды орындау қажет. Ендеше …. Ойлан, талда!Теңдеуді шешіңіздер (ауызша): І топ. х(х – 8)=0 ІІ топ. с² - 3с=0 ІІІ топ. (у – 5)(у +11)=0 Сөйтіп бала шыңның басындағы бақыт гүлін де көреді. Кенет алдында жатқан ұзыннан ұзақ жолды көреді. Жолды қысқарту үшін біз сергіп алсақ қайтеді? Бақыт гүлін алып келе жатқан баланың алдынан тағы да бір кедергі кездесті. Ол Желтоқсанның ызғарлы суығында болып жатқан оқиғаға тап болады. Сабақты бекіту (Т кестесі)1. 2а+6=2(а+3) 2. ав-в²=а(а-в) 3. 6ху+х=х(6у+1) 4. с²-с=с(с+1) 5. а(в+2)=ав+2вИя Жоқ - Сөйтіп бала бақыт гүлін алып, үйіне келеді. Анасы бақыт гүлін шаңыраққа іліп қойған, өзі тіпті жасарып, ауруынан жазылып кетіпті. Балалар! Манағы бір бала дегеніміз - ҚАЗАҚ, Анасы - Біздің жер Анамыз, ОТАНЫМЫЗ, Бақыт гүлі - ол біздің ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗ. Бүгінгі сабақтағыдай аузымыз бір болса, бір-бірімізге қамқор болсақ, білімді болсақ Тәуелсіздігіміз Бақыт гүлі секілді мәңгі жасайды. Мектеп – кеме, Білім – теңіз, Барар жерге тез жетеміз! Үйге тапсырма беру №142Бүгінгі тақырыпты қайталау. Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып – көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп білім алып, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екендігін ұмытпа!!!