Химия п?нінен Бейорганикалы? ?осылыстар кластарын ?айталау та?ырбында ашы? саба?


Сабақтың тақырыбы: Бейорганикалық қосылыстар кластарын қайталауСабақтың жоспары:
Мақсаты: І. Оқушылардың тарау бойынша алған
білімдерін тексеру, пысықтау, тиянақтау.
ІІ. Оқушылардың танымдық белсенділіктерін
арттыру, бағыт-бағдар бере отырып,
өздіктерінен жұмыс жасай білуге үйрету,
жұмыс дағдысын нығайту.
ІІІ. Химия ұғымының сабақтастығын қалыптастыру,
еңбекке баулу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, есептеу, ойын, жұмбақ шешу.
Пән аралық байланыс: әдебиет,математика.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, периодтық жүйе.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгелдеу, топқа бөлу,
назарларын сабаққа аудару.
Негізгі бөлімі:
1. Оксидтер ауылы
2. Негіздер ауылы
3. Қышқылдар ауылы
4. Тұздар ауылы
5. Біліміңді сынап көр
6. Сергіту сәті
7. Семантикалық карта
8. Шытырман
9. Кім көп біледі?
I. "ОКСИДТЕР" ЕЛІНЕ САЯХАТ

1.«Ғажайып алтылық» ойыны
2 .«Оксидтерді тап!»ойыны
3. « Шыршаны оксидтермен безендір!»ойыны
4. « Оксидтер мұздығы ерігенше өтіп үлгер!»ойыны
II. «Негіздер еліне саяхат!»

Ойындар топтамасы:
Негіздерді тап!
Негіздерді себетке жина!
III. "Қышқылдар"еліне саяхат
1.Ой қозғау(Көрсетілген суреттер бойынша оқушылардың танымдық көзқарастарын,пікірлерін білу)
Суреттер:
Мына заттардың арасында қандай байланыс бар?
Қышқылдар- дәрі әлемінде
Қышқылдар- сұлулық әлемінде
Қышқылдардың физиологиялық әсері
Органикалық қышқылдардың адам өміріндегі маңызы
Қышқыл жаңбыр қалай пайда болады?
Қышқылдармен жұмыс жасағанда қандай қауіпсіздік ережесін сақтау керек?
2.Ойындар топтамасы:
1) "Шарды әуеге ұшыру"
2) «Тауып көр»
IV. "Тұздар" еліне саяхат

Біліміңді сынап көр! (есептер шығару)
Тағы келді сыналар шақ айналып,
Тереңіне білім теңіз байланып,
Кім шешеді,сол сайыста ұтып тұр.
Есеп шешер кезегі де келіп тұр.
Капитандар сайысы(Әр топ капитандары химиялық теңдеулер бойынша есептер шығарады).
2.Сырларым бар химикке болған аян.
Таба алсаң сырларымды етем баян.
Жұмбақтар шешу
1.Шыдасаң да алтын ассыз мүлде,
Шыдау қиын бұл затсыз екі күнге. (су)
2.Су бетінде безектеп,
Металл натрий жүзеді.
Ең соңында жоқ болып,
Қандай қосылыс түзеді?(Сілті)
3.Ол болмаса асыңның дәмі кірмес,
Кім бар екен ортада оны білмес. (ас тұзы)
4.Сыныптан шықпайды,
Тимесең жұқпайды,жәрдемінсіз бұл заттың,
Оқушы сабақ ұқпайды.(бор)
5.Тынысым,ырысым.
Ол жоқ жерде,
Жойылмақ жүрісім.(оттек)
6.Өсімдіктен аламын,
Өміріме нәр қыламын.
Бойыма ол сіңген соң,
Сыртқа оны шығарамын.(көмірқышқыл газы)
V.Сабақты бекіту:1.Семантикалық карта
2.Сөзжұмбақ шешу
Ғалымдар іздеп жаңалық,
Элемент ашты сан алып.
Олардың бәрін білеміз,
Тұр кестеде қамалып.

Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер.
Үйге тапсырма: Тарауды қайталау.