Презентация по предмету: Эксплуатация и ремонт электроустановок


Теректі колледжі: жетекшісі арнайы пән оқытушы Уразгалиева К.У дайындаған №43 топ оқушысы– Мартынова А. «Менің басты мақсатым - еліміздің алдағы онжылдықтағы экономикалық өрлеуін қамтамасыз етіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу»(Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан) Алдағы бес жылда қуатты газ-химиясы кешенін, минералдық тыңайтқыштар өндіру жөніндегі зауыттарды, бірқатар ірі электр-энергетикалық стансаларды - Балқаш ЖЭС-ін, Мойнақ ГЭС-ін, Екібастұз 2-ші ГРЭС-інің жаңа блогын және басқа көптеген кәсіпорындар пайдалануға берілетін болады.Энергетикалық зерттеулер орталығы қайталанба энергетика, жоғары энергиялар физикасы мен техникасы мәселелерімен айналысатын болады.Тақырыпаралық аспаптық орталық инжиниринг орталығы, зертханалық база және конструкторлық бюро болып табылады. Қазақстанның Энергетика Жүйесі — электр энергиясы мен қуатын өндiру және электрмен жабдықтау жүйесi; ұлттық экономиканың өндiрiстiк және әлеум. инфрақұрылымындағы маңызды сала әрi өнеркәсiптiң басқа салаларын дамытудың басты базасы. Әр түрлі меншік нысандарындағы өнеркәсіптік және  өңірлік бағыттағы  ұлттық  маңызы бар  59  электр станцииясы электр энергиясын өндіруді жүзеге асырады, олардың жалпы орнатылған қуаты – 18 992,7 МВт,  қолда бар қуаты – 14 558,0 МВт, электр станцияларының 80, %-ы көмірмен жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының  Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен энергия өндіретін ұйымдар арасында 84,2 млрд. теңгеден астам көлемде  2013 жылға арналған шекті тарифтер шеңберінде  инвестициялардың жалпы сомасына  инвестициялық міндеттемелерді орындау туралы  36 келісімге қол қойылды.Мынадай жобаларды іске асыру көзделеді: 1) Атырау ЖЭО. Жобаны іске асыру құны – 16,4 млрд. теңге. Қуаты  75 МВт.   2) Орал  ГЖЭС. Жобаны іске асыру құны – 9,8 млрд. теңге. Батыс Қазақстан облысы еліміздің бірыңғай энергетикалық жүйесінен оқшау жатқандығына байланысты электр энергиясы жағынан ресейлік жеткізушілерге тәуелді болып отыр.  Соңғы кезде олар электр қуатының бағасын екі есеге, 1 кВт сағат үшін 0,83 рубльден 1,57 рубльге дейін өсірді және әлі де өсіруде. Орын алған жағдайдан шығу үшін «Гидромаш-Орион» инвестициялық компаниясы» қуаттылығы 54 МВт газ турбиналы электр станциясының құрылысын жүргізіп   жатыр. Бүгінгі таңда Батыс Қазақстан облысында жалпы құны 271 млрд. Теңге болатын 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Ал 90 млрд теңгеден астам қаржыға бағаланған тоғыз жоба республикалық индустрияландыру картасына енген. Бұл ірі жобалардың іске асырылуы шағын және орта кәсіпкерлікке де тың серпін ала келді. 3,3 млрд. теңгені құрайтын сондай 92 шағын жоба жыл соңына дейін іске қосылмақ. Қазақстанның экономикасы мен халқын сенімді түрде электрмен жабдықтау жаңа электр энергетикасы объектілерін салуға, жұмыс істеп тұрған станцияларды  кеңейтуге және қайта жаңартуға, ұлттық электр желілісін жаңғыртуға,  болжамдық теңгерімдерді әзірлеу негізінде қолда бар энергетика ресурстарын тиімді пайдалануға  байланысты болады Қуатты блок - экспо 2017 Электр қуаты – экспо 2017«жасыл» тарифі Күн сәулелі электр қуаты «ЭКСПО-2017» Астана қуат үнемдеудің әлемдік технологиясын ұсынады Электр энергетикасы саласы активтерінің тозу деңгейі жоғары, оның ішінде:         генерациялайтын жабдық – 70 %;         электр желілері – 65%. Қорытынды Басты міндеттер:Энергия үнемдеуді жүзеге асыратын бюджеттік ұйымдар мен энергия сервистік компаниялардың өзара іс-қимыл тетігін және энергетика ресурстарын тұтынуды қысқарту мақсатындағы іс-шараларды әзірлеу қажет.Бюджеттік мекемелердің энергия ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі жұмысын ынталандыру мақсатында бюджеттік ұйымдардың энергия үнемдеу іс-шараларын енгізу нәтижесінде үнемдеген бюджеттік қаражатта қайта инвестициялау тетігінің істеуін қамтамасыз ету керек. Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясымен ынтымақтастықты, оның ішінде өнеркәсіптік даму жөніндегі ынтымақтастықты дамытуға ат салысуымыз керек.Еуропалық Одақ елдерінің энергия үнемдеу жөніндегі уәкілетті органдарымен өзара іс-қимыл жасау;Тәуелсіз Елдер Достастығына қатысушы мемлекеттерде энергия тиімділігін көтеру мәселесін айналысатын ұйымдармен тұрақты байланыс орнату. Бірлескен жобаларды іске асыру.