Урок в 8 классе Жала? ж?не жайылма с?йлемдер


Сабақтың тақырыбы:Жалаң және жайылма сөйлемдер
Тапсырмаларға қойылатын талаптар І кезең.Төмендегі «Көпір» тапсырмаларын оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта:
А)ұйымдастыру сәтін;
Ә)алдыңғы тақырыптардың ІІІ кезеңінің үш деңгейлік тапсырмаларын үйде аяқтап келу дәрежесін тексергеннен кейін б) «Көпір» тапсырмаларын тексереді
«Көпір» тапсырмалары-өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеру негіз болатын қайталау тапсырмалары 1.Жақты сөйлем дегеніміз не? Жауабы: Құрамында бастауышы қатысқан жай сөйлемнің түрін жақты сөйлем дейміз.. 2.Бастауышы түсіп қалған сөйлемді қай мүше арқылы табуға болады? Жауабы:Бастауышы бар,жасырын тұрғанда да баяндауышы арқылы табуға болатын сөйлем.
3.Жақсыз сөйлем дегеніміз не? Жауабы:Баяндауыштың бір өзі сөйлемге негіз болатын жай сөйлемнің түрін жақсыз сөйлем дейміз.
4.Жақсыз сөйлемнің жасалу жолдарын айтыңдар? Жауабы:-қы,-кі,ғы,гі жұрнақты қалау райлы етістіктен болады.
5.Қай септіктің жалғауы арқылы жасалады? Жауабы: Барыс септік жалғаулы тұйық етістіктен соң бол,жара,тура,кел деген етістіктердің келуі арқылы жасалады.
6.Қай септік тұлғаларынан кейін бейтарап сөздер тіркеседі? Жауабы:Атау немесе барыс септік тұлғалы тұйық етістіктен соң керек,жөн,мүмкін деген бейтарап сөздердің тіркесіп келуі арқылы жасалады.
7.Көсемше жұрнағы арқылы жасалған сөйлем қандай тұлғада жасалады?Жауабы:ып,іп,п жұрнақты көсемшеден кейін бол деген көмекші етістіктің болымсыз тұлғада келуі арқылы жасалады.
8.Сонымен жай сөйлемнің түрлерін ата? Жауабы:Жалаң және жайылма сөйлем . Ендеше ,бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз
«Жалаң және жайылма сөйлем»
ІІ кезең(топтық жұмыс)жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау:а)оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10минут)ә)жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут) нәтижесі ауызша марапатталады.
Теориясы: «Білу»(тақырып мазмұны бойынша кім?не?қандай?қалай?нені?қашан? не істеді?сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктелуі керек) 1.Жалаң сөйлем дегеніміз не? Жауабы:Тұрлаусыз мүше қатыспаған жай сөйлемді жалаң сөйлем дейміз.
2.Жалаң құрылысына қарай қалай жасалады? Жауабы:Құрылысына қарай жақты,жақсыз сөйлем болып келеді.
3.Жайылма сөйлем дегеніміз не?Жауабы: Тұрлаусыз мүше қатысқан жай сөйлемді жайылма сөйлем дейміз 4.Жайылма құрылысыны қарай қалай жасалады?
Жауабы: Құрылысына қарай жақты,жақсыз бола береді.
айтады.
Теориясы: «Түсіну»(неге?неліктен?себебі?не үшін?сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады) Себебін анықтаңдар.
1.Жалаң сөйлем не себептен жақты,жақсыз сөйлем болып келеді?
Жауабы:себебі бастауыш пен баяндауыш арқылы жасалады,жақсыз сөйлемнің жасалу жолдары арқылы жасалады.
2.Жайылма сөйлем не себептен жақты,жақсыз сөйлем болып келеді?Себебі:Жайылма сөйлем анықтауыш,пысықтауыш, толықтауыш арқылы жасалады.
Теориясы: «Талдау»Салыстыр.Айырмашылығы неде?Ұқсастығы неде?Тақырыптың басты идеясы Венн диаграммаасы
Жалаң сөйлем
Екеуі де жай сөйлем Жайылма сөйлем
Жақты,жақсыз сөйлем Теориясы: «Жинақтау» »(Қорытынды шығар,анықтама бер,мазмұнды жүйеле,кестені,тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр басқа түрдегі тапсырмалар оқушылардың «тақырыптың басты идеясына»жазған жауабына қойылады) Топтастыру

Тұрлаулы мүше арқылы Тұрлаусыз мүше арқылы

Жалаң
сөйлем
Жайылма сөйлем
Жақты,жақсыз сөйлем арқылы жасалады



Семантикалық кесте
мысалы Жалаң сөйлем Жақсыз сөйлем
Жаңбыр сіркіреп тұр. Үй жылы Таспен ұрғанды аспен ұр. Ойын қызық. Едіге ұзақ жол жүрді. Оқулықпен жұмыс(5 минут),төмендегі «Қолдану»және оқушылардың тақырып мазмұнына «Баға беру»тәсілдеріне сәйкес,яғнирефлексия жасауға,эссе жазуға арналған,практика жүзінде бекіту тапсырмалары орындалады.Нәтижесі ауызша марапатталады.
Практикасы: «Қолдану»(оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі) Оқулықпен жұмыс
77-жаттығу
Практикасы: «Баға беру»(Сен қалай ойлайсың?Не істер едің? деген тапсырмалар)оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша)және біліктілігін(практикасы бойынша)өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады. Сен қалай ойлайсың?
Жалаң,жайылмасөйлемнің өзіне тән ерекшелігі неде?
ІІІ кезең(кері байланыс-бағалау кезеңі) жеке жұмыс.Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп ,оларды(әр деңгейдің білімділік,біліктілік,яғни,құзіреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар)біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзіреттілік деңгейін анықтап,әділ бағалау жүзеге асырылады.Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында+3 минут қорытынды жасалады.Қалған тапсырмаларды үйде аяқтап келеді.Қорытынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырып ,келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады,мониторингке тіркеледі.
І деңгей(5 балл)
Теориясы: «Білу»(тақырып мазмұны бойынша кім?не?қандай?нені?қашан? не істеді? Сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпараттар іріктеліп, ІІ кезеңдегі қарағанда керісінше қойылады) Тест
1.жалаң сөйлем қатысқан сөйлемді тап
А)Көп сөз- көмір,аз сөз-алтын.Ә)Еріншектің ертеңі бітпес.
Б)Ол дос.
2.Жайылма сөйлемді тап?
А)Алыстан мұнар тау көрінеді..Б)Абай келді.В)Аспан ашық
3.Жалаң сөйлемді көрсет
А)Бір жерде көргенім бар.б)Қарағың келеді в)Абай болашақ ұрпаққа сөзін осылай түсіндірді.
4.Жайылма сөйлемді көрсет
А)Сонда менің ауданға баруым керек.
Б)Ойын қызық
В)Үй жылы
5. Жалаң сөйлемді көрсет
А)Едіге ұзақ жол жүрді
Б)Таспен ұрғанды аспен ұр.
В)Жер су.
Практикасы: «Қолдану»(ІІкезеңдегіге қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалар орындалады) Оқулықпен жұмыс
78-жаттығу
ІІ деңгей(5балл+4 балл=9 балл)
Теориясы: «Түсіну»(неге?неліктен?себебі? не үшін? Сұрақтары оқушылардың жоғарыда берген жауаптарына олпрды тиереңдету үшін қойылады) 79-жаттығу
Теориясы: «Талдау»1.Салыстыр.2.Айырмашы лығы неде?3.Ұқсастығы неде?4.Тақырыптың басты идеясы Жалаң және жайылма сөйлемнің айырмасы неде?
Практикасы: «Қолдану»(ІІкезеңдегі
қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалар орындалады) Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыр.
Басым ду етті. Топ еттім.Неткен ақылды! Кеш болды.
ІІІ деңгей(9 балл+3 балл=12
Теориясы: «Жинақтау (Қорытынды шығаруға бағытталған:мазмұнды жүйеле,анықтама бер,кесте,сызба,ребус шеш деген сөздер тапсырма шартында болу керек) Мына сөйлемдерден жалаң және жайылма сөйлемдерді тап. Шаң тиместің тұқымы.Өзі қойдай жуас.Сөз анасы –құлақ.Зұлқия баяндап отыр.
Практикасы «Баға беру» (сен қалай ойлайсың?Не істер едің? Сияқты тапсырмалар өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады) «Ана тілім-ардағым» тақырыбында шығарма жазу