Спортты? ойын сауы? Дені сауды?-жаны сау


Жүргізуші:
Ал халайық, халайық,
Табиғатқа қарайық
Жер, су, ауа тазарса,
Пайдалы екен, бұл аса.
Жер шары – дәу әлем,
Қоршаған ауамен.
Ауамен тыныс ап,өсті өмір, ырыс, бақ.
Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ.
Табиғат-ананың адам ағзасының жетілуіне тартар сыйы көп.
1.Сабақтан сон таза ауада ойнау керек.
2.Ауа райына сәйкес киіну керек.
3.Бөлмеде желдеткіш болу керек.
4.Денсаулық мықты болу үшін ми демалысы – ұйқының да орны ерекше.
5.Адамға су, ауа қалай қажет болса, ұйқы да сондай қажет.
(Музыка әуенімен залға сайқымазақ кіреді)
Сайқымазақ:
-Сәлеметсіндер ме, балалар!
-Балалар, мен сендермен ойын ойнауға келдім. Алдымен мына спорттық құралдарымен танысып алайық:
(Сайысқа қажетті құралдарымен таныстырады)
Жарайсындар балалар! Кәнеки енді осы құралдарымен сайыс өткәзейік.
Жүргізуші:
Ал, балалар , 1 топ «Толағай», 2 топ «Сұнқар»
«Толағай» тобының ұраны:
Біз батырмыз,
Біз батылмыз.
1,2,3
Достақта біздің күш.
«Сұнқар» тобының ұраны:
Тұлпардай шабамыз,
Сұнқардай ұшамыз.
Бүгінгі жарыста,
Жеңеміз, ұтамыз.
Жүргізуші:
Балалар, ендеше ойнымызды бастайық.
1.«Жалауды жоғары көтер»
Шартты: доппен жүгіріп, мәреге жеткен кезде допты шелекке салып, жалауды жоғары көтеріп келіп, келесі балаға беру.
2.«Кегли»
Шартты: Кегль старттық үш метр арақашықтықта қойылған.Балалар жыланша ирелендеп, мәреге жетіп, қайтып келіп, келесі баланы жібереді.
3. «Көлшіктер»
Шартты: суы бар шелекпен суды төкпей жүгіріп ,мәредегі тұрған бөшкеге
суды аудару
4. «Бәйгеге жету»
Шартты: велосипедқа отырып мәреге жетеді, қайтадан бұрлып екінші баланы жібереді.
Жүргізуші:
Өрістер өнер өркенмен,
Жарысқа риза болыңыз.
Енді баларды марапаттауға
Рұқсат беріңіз.
Марапаттау.
Балалар, бүгінгі жарысымыз аяқталды, екі топ та жарысқа өте жақсы, белсенді қатысты. Рахмет!