Поурочный план по математике на тему Екі амалмен шы?арылатын есеп


Сабақтың тақырыбы Екі амалмен шығарылатын есеп
Сілтеме Математика оқулығы Алматы "Атамұра-2013"
Авторлары: Т.Қ.Оспанов, Ш.Х.Құрманалина, Ж.Т. Қайыңбаев, К.Ә.Ерешева, М.В. Маркина.
Жалпы мақсаттары Екі амалмен шығарылатын есептің тәсілін меңгерту.
Міндеттері Ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
Оқыту нәтижесі Ойлау, есте сақтау қабілеті дамиды.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушы іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі
2 минут

Психологиялық дайындық
Қайырлы таң, достым,
Қайырлы күн болсын.
Сәрсенбінің сәті,
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын!
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Мотивациялық кезең. Білу
3 минут Карточкадағы тапсырманы орындау. Тапсырманы орындайды
Өткен сабақты қайталау
Түсіну
5 минут
10 минут Екіні қосу және азайту. 9+2; 10-2
Түсіндіре отырып, есептеу тәсілін айту. 9-ды 10-ға дейін толақтырамыз, ол үшін 9-ға 1-ді қосамыз, 10 шығады. 2-нің 1-еуі кетті. 9-ға косылып, орнында 1 қалды. 11 шығады. 11-2=9
Осы ойымызда дәлелдеу ушін қазақ халқынын мақалдарына сөз берейік.
● Егіз аттан құласа, басын сүйер ағасы. Жалғыз аттан құласа, неге келер шамасы.
2. Екі бала арасындағы шал – бала болады;
Екі шалдың арасындағы бала – дана болады.
● Қой егіз тапса, шөп айыр өседі.
● Екі құзғын таласса, бір қарғаға жем болар.
Жаңа сабақтың мақсаты мен міндетін түсіндіру.
Сергіту сәті
3 минут
Оң қолымды көтерем,
Оң қолымды түсірем,
Сол қолымды көтерем.
Сол қолымды түсірем.
Оңға қараймын,
Аяқты топ-топ басамын,
Солға қараймын.
Біраз сергіп аламын. Оқушылар сергіту сәтін орындайды.
Қолдану
10 минут Оқулықпен жұмыс
а)
Жүр еді – 12 бала
Кетті -  2 ұл
Сырғанап жүр -? Бала
Шешуі:   12 – 2 = 10
Жауабы:  10 бала
ә)
Жүр еді - 10 бала
Келді – 5 қыз бала
Барлығы - ? бала
Шешуі:  10+5 = 15
Жауабы:  15 бала
б)
Жур еді – 12
Кетті -2 ұл
Келді -5 қыз
Сырғанап жүр - ? бала
Шешуі:  (12 – 2) + 5= 15
Жауабы:  15 бала сырғанап жүр.
 №2.
Сатып әкелді – 6 және 4 шөлмек сусын
Ішілді – 7 шөлмек  сусын
Қалды - ? шөлмек сусын
 Шешуі: (6+4) – 7 = 3
Жауабы:  3 шөлмек сусын қалды
 №3.
Өрнекті жазу және оның мәнін табу.
а – 2 ,  мұндағы  а = 32;  59; 11.
32 – 2= 30        
59 – 2 = 57        
11 – 2= 9
 №4  Өрнекті оқу және  оның мәнін табу.
(7+2) +40=49
79 – (6+3)=70
(6+3)+50=59
(5+4)+30=39
97 – (4+3)=90
86 – (2+4)=80
 №5. Өрнектеп көрсету.
 90 мин=1 сағ 30 мин
100 мин=1 сағ 40 мин
1 тәул. 1 сағ=25 сағ
1 сағ 10 мин=70 мин
1 сағ 20 мин=80 мин
1 сағ 9 мин=69 мин Анализ
2 минут Тақырып бойынша қателерін түзетеді, жинақтайды, толықтырады.
Дәлелдейді, жинақтайды, қателерін түзетеді.Бір-бірлеріне сұрақтар қояды.
Үйге тапсырма: 4 минут №6 57 бет Бағалау
Кері байланыс

5 минут
Оқушыларды бағалау.
Бір-бірлерін ,өзін -өзі бағалайды.