Екі амалмен шы?арылатын есептер.


Математика Сабақ №
Сабақтың тақырыбы: Екі амалмен шығарылатын есептер.
Сабақтың мақсаты: Екі амалмен шығарылатын есеппен және оны шығарудың жолымен алғаш таныстыру.
Сабақтың міндеті:
Екі амалмен шығарылатын есеппен және оны шығарудың жолымен алғаш таныстыру, осындай есептің мәнді белгісін тағайындау.2-ні қосу және азайтудың кестелік жағдайларын екі амалдан тұратын өрнектермен, теңдеулермен, есептеулермен байланысты әр алуан іс-әрекет барысында қолдануға машықтандыру
Екі амалмен шығарылатын есепті енгізуге дайындық жүргізуі ондықтан аттап қосу мен азайту тәсілдерін қарастыру дағдыларын дамыту.
Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым-қатынасқа
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс.
Көрнекілік: Үлестірмелі дидактикалық материал, қосу және азайту кестесі.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасын тексеру: 5 –тапсырма. Теңдеу және шығ. тапсырма
Білімді жан-жақты тексеру кезеңі.
Санға екіні қосу кестесін және оған сәйкес азайтуды еске түсіру.
Екіні қосу кестесін құру.
1) +2, әйнекше орнына 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 сандарын қою және нәтижені жатқа айту.
2) Осы теңдіктерді пайдаланып азайтудың сәйкес жағдайларын құру.
2+2=4 4-2=2
3+2=5 5-2=3 5-3=2
4+2=6 6-2=4 6-4=2, т.с.с.
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
1-тапсырма. Түсіндірме мәтінмен жұмыс.
Сырғанап жүр – 12 бала
Кетті – 2 ұл
Қалды – ? бала
Сырғанап жүр – 10 бала
Келді – 5 қыз
Болды – ? бала
Сырғанап жүр – 12 бала
Кетті – 2 ұл, келді – 5 қыз
Болды – ? бала
О О О О О О О О О О О О 12-2
О О О О О О О О О О О О О О О О О (12-2)+5
Пысықтау.
9+2 11-2 2+9 11-9
2 - тапсырма Түсіндіре отырып шығару.
Бар еді – 6 ш.су
Құйды – 4 ш.су
Ішті – 7 ш. су
Қалды - ? шелек су
(6+4)-7=3 (ш.су) – қалды
Жауабы:
-
+
3 - тапсырма
Еске түсіру.
өрнек теңдеу теңдік әріпті өрнек
а және 2 сандарының айырмасы, мұндағы а=32, 59, 11
4 - тапсырма
1-бағанын ауызша оқу және мәнін табу.
2-бағанын жазбаша орындау.
6-тапсырма.
11-2=9
21, 31, 41, 51, 61, 71, 81, 91
Қосымша тапсырма
37, 40, 7 сандарын , «+» мен «-» таңбаларын және жақшаны пайдаланып төрт өрнек құр және мәнін тап.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Үйге тапсырма: 5-тапсырма және шығ. тапсырма.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.