Математика п?нінен ашы? саба? Сан аралы?тарыны? бірігуі ж?не ?иылысуы. (6-сынп)


Пән: математика Сынып: 6 Мерзімі:____________
Пән мұғалімі: Раева Роза Аскаровна
Сабақ тақырыбы: Сан аралықтарының бірігуі және қиылысуы.
Сабақтың мақсаты:
-Білімділік: сан аралығы ұғымын енгізу және оның кородинаталық түзуден кескінделуін үйреті. Есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.
- Дамытушылық: тиімді әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейту, өздігінен жұмыс жасау, математикалық тілде өз ойларын нақты және дәл жеткізе білу. Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
-Тәрбиелік: топішілік, топаралық, бағалау тәсілдері арқылы оқушыларды адамдыққа, ұйымшылдыққа және тез шешім қабылдай білуге, пәнге деген қызуғышылығын арттыра отырып тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ашық сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, ой қозғау, оқулықпен жұмыс кесте толтыру, сәйкестендіру тесті, жеке оқушымен, топпен жұмыс.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, сызғыш, презентация, плакаттар.
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
А) оқушыларды түгендеу
Б) Топқа бөлу
В) Шаттық шеңбері
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ Жаңа сабақты оқып үйрену
І. Сан аралықтарының қиылысуы. А сан аралығында, В сан аралығына да тиісті сандардан ғана тұратын А∩В аралығын А және в сан аралықтарының қиылысуы деп атайды. Мысал: (-∞: 3] және [-4: +∞) сан аралықтарының қиылысуы аралығын табайық.
Шешуі: Координаталық түзуде (-∞: 3] және [-4: +∞) сан аралықтарын кескіндейік
{(-∞: 3] және [-4: +∞) координаталық түзуде кескінделеді. Жауабы: [4: 3] }.
Мысал: [-2:9] және [5:12] сан аралықтарының қиылысуы аралығын табайық.
Шешуі: Координаталық түзуде [-2:9] және [5:12] сан аралықтарын кескіндейік.
Жауабы: [-2:9] ∩[5:12] = [5:9]
ІІ. Сан аралықтарының бірігуі. А және В сандарының аралықтарының кем дегенде біреуіне тиісті сандардан ғана тұратын А∩В аралығын А және в сан аралықтарының бірігуі деп атайды.
Мысал: [-2: 7] және [4:11] сан аралығының бірігуін табайық.
Шешуі: Координаталық түзуде [-2:7] және [4:11] сан аралықтарын кескіндейік.
Жауабы: [-2:7] ∩ [4:11] = [-2:11]
Мысал: [-6:1] және [4:10] сан арлықтарын қарастырайық.
Жауабы: [-6:1] ∩ [4:10]
ІІІ. Сабақты бекіту тәсілдері:
І топ ІІ топ
1-тапсырма. № 1011 (1,2,3) 1-тапсырма. № 1011 (4,5,6)
2-тапсырма. № 1012 (1,2,3) 2-тапсырма. № 1012 (4,5,6)
3-тапсырма. № 1013 (1) (карточкалар) 3-тапсырма. № 1013 (2) (карточкалар)
4-тапсырма. № 1014 (1) (карточкалар) 4-тапсырма. № 1014 (2) (карточкалар)
5-тапсырма. № 1015 (1,2,3) (карточкалар) 5-тапсырма. № 1015 (4,5,6) (карточкалар)
IV. Сатылай кешенді талдау.
І топ ∩ ІІ топ U
[1:5] ∩ [3:7] = [3:5] [-3:1] U [-1:3] = [-3:3]
V. Сатылай кешенді талдау.1. Аталуы 2. Оқылуы 3. Координаталық түзуде кескінделуі. 4.Теңсіздік түрінде жазылуы; 5. Аралыққа тиісті бүтін сандар; 6. Аралыққа тиісті ең үлкен бүтін сан; 7. Аралыққа тиісті ең кіші бүтін сан.
№ 1016; №1017; №1018
І топ №1019 ІІ топ №1020
VІ. Бағалау парағы.VІІ. Рефлексия.
VІІІ. Үйге тапсырма.