Треннинг для педагогов ?йымдас?ан ?жым


«Ұйымдасқан ұжым» педагогтарға арналған треннинг.Мақсаты: тәрбиешілер арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу, ұжымда басқалардың көзқарастарын құрметтеу.Қатысушылыр:Тәрбиешілер
Қажетті құралдар: жүрекше, шарлар, жаттығуға қажетті парақтар, майшам, әуен. Жоспары:1. Сәлемдесу 2. «Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы.3. «Көпір» жаттығуы.4. «Мен» жаттығуы.5. «Шарлар» жаттығуы.6. «Оның есесіне мен...» жаттығуы.7. «Жел шығару» релаксациялық жаттығу.8. Қортынды. «Майшам» жаттығуы.1. Сәлемдесу.Психолог:Салеметсізбе, құрметті ұстаздар!Бүгінгі семинар – тренингке қош келдіңіздер!Үлкен шеңбер құрып тұрайық! Бүгінгі семинар треннингке сәттілік тілеп,қолымызды қысайық!
2. «Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы.Ең алдымен жүргізуші бастайды. Жүрекшені алып, «Мен сізге жүрекшені беремін, себебі сіз ... қайырымды адамсыз». Әр қатысушы допты алып, жалғастырады. Сөйтіп барлық қатысушы өз ойын айтып шығуы керек.3. «Көпір» жаттығуы.
Педагогтар берілген ақ беттерді екіге бүктеп, көпір жасап тұрады. Психолог домалақ ойыншықты құлатпай соңына дейін жүргізу керек.
4.«Мен» жаттығуы.
Педагогтар 2 бүктелген бетті алып, жұлу арқылы өзінің бейнесін ойып жасайды. Оң қолына жақсы қасиеттерін, сол қолына жағымсыз қасиеттерін;Оң аяғына жұмысының мақсаты,сол аяғына жұмысындағы қиындықтарын жазады.
5.«Шарлар» жаттығуы.
Әр бір педагог жерде жатқан шарлардан таңдап алып тұрады.Содан кейін психолог әр түстің мағынасын жазылған парақтарды үлестіреді.6. «Оның есесіне мен...» жаттығуы.Барлық қатысушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар карточкалар таратылады. Сөйлемдерді әр қатысушы өз ойымен аяқтайды.- Мен бәліш пісіре алмаймын, оның есесіне ..... .- Мен шаршадым, оның есесіне ...... .- Мен жақсы билей алмаймын, оның есесіне .... .- Мен көп үндемейтін адаммын, оның есесіне .... .- Мен көп ұйықтаймын, бірақ оның есесіне .... .- Мен жұрттың бәріне құрметті бола алмаймын, оның есесіне ... .- Мен еден жууды ұнатпаймын, оның есесіне ... .- Мен Үндістанда болған жоқпын, оның есесіне .... .- Мен пәлендей батыл емеспін, оның есесіне ..... .- Мен өзім туралы көп ойламаймын, оның есесіне...... .- Мен тез ашуланғыш адаммын, оның есесіне..... .- Мен соншалықты сымбатты емеспін, оның есесіне .... .- Мен тым толықпын, оның есесіне.... .- Менің аяқтарым ұзын емес, оның есесіне ... .- Менің кемшіліктерім көп, оның есесіне ... .- Менің жазуым әдемі емес, оның есесіне ..... .7. «Жел шығару» жаттығу.Педагогтар шардан жел шығару керек. Оның 2 түрі бар: жару және жел шығару.
Түсіндіру: Жаруға болмайды, өйткені өзге адамды құрметтеу керек.
9. Қорытынды. «Майшам» жаттығуы. Қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп, жұмыс жасағанымыз үшін бір-бір жылы сөз айтып, майшамды беріп отырамыз. Қоштасуға майшамды алғанымыз, жарық деген жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілекпен, бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз