Презентация по казахскому литературе на тему Д.Дефо Робинзон Крузо (5класс)


Павлодар облысыМай ауданыКөктөбе жалпы орта білім беретін мектеп қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғаліміСолтанова Анар Әмірғалиқызы Даниэл Дефо Даниэль Дефо (1660-1731)Ағылшын жазушысы, публицист Даниэль Дефо 1660 ж. Лондонда дүниеге келеді. Оның ата-бабаларының фамилиясы Фо болған, жазушы оған «Де» әріптерін қосқан. Дефоның әкесі қолөнерші болып, шеберхана ұстаған. Ол ұлын рухани академияға берген. Болашақ жазушы онда француз, итальян, испан және латын, көне грек тілдерін үйренді. Дефо Диссентер колледжін бітірді. Ол кәсіпкер шарап сатушы болып, Франция, Италия, Испания және Португалия елдерінде болды.  Өзінің алғашқы шығармаларынан бастап, Дефо буржуазиялық өкіметке қарсы болды. Ол герцог Монмауттың Яков ІІ ге қарсы көтерілісіне қатысты.1688-1689 ж.ж. мемлекеттік төңкерісті жақтады. Өзінің саяси көзқарасы үшін Дефо абақтыда да отырды. 1731 ж. 26 сәуірде кредиторлардан қашып жүрген кезде семьясынан алыс жерде қайтыс болды. Дефо өз заманының саяси өмірі, экономикасы, моралі, діні, тарихы жайлы көптеген публицистикалық шығарма жазды. . «Таза қанды ағылшын» (1701) атты өлеңмен жазылған памфлетінде дандайсыған ақсүйектерді, діни фанатизмді әшкереледі. Дегенмен, Дефо көптеген шығармаларында буржуазиялық құрылыстың нығаюын, сауда-саттықтың дамуын қуаттады («Жобалардың тәжірибесі», 1697 ж.). Дефоның тұңғыш романы «Робинзон Крузо» оны дүние жүзілік даңққа бөледі. «Робинзон Крузодан» (1719) кейін Дефо «Капитан Сингльтон» (1720), «Молль Флендерс» (1722), «Полковник Жактың тарихы» (1722), «Роксана» (1724), «Капитан Карлтонның мемуары» (1728) романдарын жазды «Робинзон Крузо» романы1719 ж. Лондонның әдеби өмірінде бір ғажап оқиға болды: дүкендерге Даниель Дефоның «Робинзонның өмірі және таңғажайып хикаялары» атты романы түсті. Кітаптың құны ер адамның костюмі немесе жылқының жарты бағасымен бірдей болса да, оны тез арада сатып алды. Сол кезден үш ғасыр өтсе де, Робинзонның тарихы әлі күнге дейін оқырмандарды қызықтырады. Ал Робинзонның таңғажайып тарихының реальдық деректі негізі бар екенін көп адамдар біле бермейді. Даниэль Дефоның ең жақсы романының жазылуына себеп болған шотландық моряк Александр Селькирктің өмірінде болған оқиға. Жастайынан теңізді сүюші Александр Селькирк қарақшылардың кемелерінде матрос болып жүрген. 1704 ж. қазан айында Селькирк капитанмен ұрысып, Мас-а-Тьерра аралында қалады. Сол аралда Селькирк 4 жыл 4 ай тұруға мәжбүр болады. Дефоның кейіпкері аралда 28 жыл өмір сүрді. Шығармаға жоспар құрғызу1.Кеменің қатты дауылға кездесіп, апатқа ұшырауы.2.Аралға ат қоюы.3.Кемеден нәрселерді тасуы.4.Орманды аралау және уақыт белгілеу.5.Өзіне қолайлы жерге күрке орнатты.6.Егін салумен айналысуы.7.Кемеге алаң болуы. Робинзон Крузо жүрген жерлері Апатқа ұшыраған кезі Аралға лақтырып тасталды Аралдағы өмірі Робинзонның басынан кешкен оқиғалары Әңгімеге сатылай кешенді талдау.1.Авторы: Даниэл Дефо2.Тақырыбы:Аралдағы теңізшінің өмірі.3.Идеясы:Бір жылға жуық аралдадағы өміріндегі кездескен қиындықтарын көрсету.4.Жанр:Роман (әңгіме)5.Кейіпкер: Робинзон Крузо.6.Композициялық құрылымы:Оқиғаның басталуы:Кеме теңізде апатқа ұшырап, жалғыз өзі белгісіз аралға шығып қалғаны.Оқиғаның дамуы: Аралға ат қойды, кемедегі нәрселерді тасуы.Өзіне лайықты жер қарауы.Оқиғаның шиеленісуі: Аң аулау үшін, жұмыс істеу, ұйықтау үшін және көңіл көтеру үшін белгілі сағаттар белгілеп, өзінің уақытын бөлді.Оқиғаның шарықтау шегі:Егіншілікпен айналысуы. Оқиғаның аяқталуы:Кемеге алаң болып, екінші орынға көшуді ұмытып кетуі.7. Сөздікпен жұмыс.Сал-ағаштан байланыстыра жасалған жүзу құралы.Мұқтаждық-қажеттілік.Қайла- жер қазатын аспап.Мұқатып-жүзін қайырып.Астау-аузы кең үлкен ыдыс.Құдды- тәрізді.Нана қою- сену.Кендір- кендір өсімдігінен есілген жіп.Қуаңшылық- құрғақшылық.Күллі- бүкіл8.Әңгіменің түйіні, тәрбиелік мәні.Жазушы адам рухының мықтылығын, еңбектің бәрін де жеңетінін, мінездің ұстамды да сабырлы болуы адамды тұлға ететініне тәрбиелейді. 1. Сұрақтарға жауап беру. Елсіз аралға Робинзон қалай тап болды?Ол өзіне баспана жасап алу жолында не істеді?Еңбек құралдарын қайтіп жасады?Жұмыс істеу, аң аулау, демалу, тамақ ішу уақыттарын қалай реттеді?Күнделікті өміріне қажетті тамақты қалай және қайдан тапты?Егіншілік және мал өсірумен айналысты ма?Дәнді қайдан алды?Робинзон бірнеше күндерге созылған жауынды күндерде жұмыстың қандай түрімен айналысты? ? Сабақты бекіту.1.Робинзон өмір сүрген аралдың ауа райы туралы мәліметті мәтінен тауып оқу.2.Елсіз аралда жалғыз қалып, бірнеше жыл өмір сүру оңай ма?3.Адам өзінің қорқыныш сезімдерін қалай жеңеді деп ойлайсыңдар? Үй тапсырмасын беру:1.«Робинзон Крузо» романнан үзіндіні мазмұндау.