?зін ?зі тану п?ні, С?лем берем ізетпен (1 СЫНЫП)


Сабақ жоспары
План урока
Plan of the lesson
Мектеп:/школа/school: Рудный қаласы әкімдігінің №13 орта мектебі» ҚММ
Күні/Дата/Date: 12.11.2015
Сынып/Класс/Class: 1 «Ә»
Оқушылар саны/всего учащихся/all students: 18
Тақырып/Тема/Theme:: «Сәлем берем ізетпен»
Құндылық/Ценность/Value: өзара сыйластық
Қасиеттер/Качество/Quality: адамгершілік қасиеттер
Оқытушы/Учитель/Teacher: Сражатова Надежда Даниярбекқызы
Мақсаты: Үлкендермен амандасуға, бір-бірімен сәлемдесуге үйрену, бір-біріне ізет, сый-құрмет көрсете білу.Әдептілік,сыпайылық,ізеттілік ұғымдарын түсіну,әдеп талаптарын орындай білу,ізетті,сыпайы,тәртіпті болуға үйрену.
Міндеті:
Оқушылардың үлкен кісілермен жасы қарым – қатынаста болу керек екенін ұғындыру;
Сәлембесу, әдепті сөйлеу керек екенін түсіндіру;
Ынтымақтастықта өмір сүруге, сыйлы болуға тәрбиелеу Сабақ барысы:
Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық ахуал туғызу
Армысың алтын күн
Армысың көк аспан
Армысың менің досым
Армысың бәріне
Үй тапсырмасын тексеру
Өткен сабақта біз сіздермен қандай тақырыпта сөйлестік?
Ескерту
_______________________________________________________________________________________________________________________
«Дәйексөз»
Әдепті бала арлы бала
Әдепсіз бала сорлы бала
Талдау. Қорытынды сөз. _______________________________________________________________________________
Мәтінмен жұмыс. Әңгімелесу
    - Баяғы өткен заманда бір әділ хан өзінің хандығын үш ұлының қайсысына мұрагерлікке берерін білмей қатты қынжылыпты. Ұлдарын жинап алып халықтың алдына барады. Мұндағы ханның айтқаны :
-О, білгені мен көргені дарияның суындай сарқылмас халқым, өзім бір елді басқарып , неше дауды шешсем де , бұл күнде түйіні жоқ. Тығырыққа тірелдім. Сол себепті өздеріңізден ақыл сұрап келдім. Мұрагерлік тағымы халықты билеп , ел басқаруға ұлдарымның қайсысын қоярымды білмей қиналудамын. Үлкен ұлым – ер жүрек, батыр, өзіңе сенімді. Ортаншы ұлым – елші боларлықтай қулығы бар жан. Ал ең кіші ұлым сабырлы, ісімен сөзін ойлап істейді, -деп сипаттапты.
Сонда ортаға бір қарияның шығып айтқаны:
-Елің жауынгер болсын десең , таққа үлкен ұлыңды қой, саудагер болсын десең ортаншы ұлыңды қой, тату болсын десең кенже ұлыңды қой,- депті.
Сонда хан ойланып кіші ұлын мұрагер етіпті деседі. Себебі жылы, сәлемі жақсы ел тату болады, бірліктегі ел батыр болады.
Ой тұжырымдамасы :
- Балалар, хан қай ұлын таққа отырғызыпты?
- Балалар, хан қандай қасиеті үшін кіші ұлын хан тағына отырқызыпты?
- Қалай ойлайсыңдар жылы сәлемдесу әдептілікке жата ма? ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Шығармашылық жұмыс Көрініс.
Әр халықтың амандасуын көрініс ретінде көрсету.
Амандасу түрлері
Қазақстан
Қытай
Ағылшын. ________________________________________________________________________________________________________
Ән айту.
Көшелерден біз өткен
Ата көрсем,
Жақын кеп,
Сәлем берем ізетпен:
“Ассалаумағалейкум!”, - деп.
Алдан әже жолықса,
Бөгелем де әдейілепСәлемдесем сол тұста:
“Есенсіз бе, әжей!”, - деп.
Кім кезіксе көшеде,
Таныс емес демеймін.
Аға, тәте, көкеге,
“Сәлеметсіз бе!”, - деймін.
Өтепберген Ақыпбекұлы________________________________________________________________________________________________________________________________________
Үйге тапсырма. _____________________________________________________________
Тыныштық сәті.
Көздеріңді жұмыңдар, бойларыңды еркін ұстаңдар, көз алдарыңа өз достарыңды немесе достасқыларың келетін адамдарды, олармен өткізген жақсы сәттеріңді естеріңе түсіріңдер. Осы жақсы сезімдеріңді жүректе сақтаңдар, достыққа берік болыңдар.
Көзімізді ашамыз,бір-бірімізге күлімдей қараймыз. Рахмет.
________________________________________________________________________________