Презентация по математике на тему Сыбайлас б?рыштар


.Сыбайлас және вертикаль бұрыштар Сабақтың мақсаты:білімділіксыбайлас және вертикаль бұрыштар ұғымдарымен таныстырып, олардың қасиеттерін үйрету.дамытушылықоқушылардың математикалық сауаттылықтарын дамыту және есептер шығаруға уйрету. тәрбиелікоқушыларды ұқыптылыққа, дәлдікке, өз мүмкіндіктеріне сенуге тәрбиелеу Ақиқаттығы дәлелденетін сөйлем - ...Теорема неше бөліктен тұрады және қалай аталады?Теорема түрлері және олардың жасалуы? «Әрбір бұрыштың белгілі ...»Геометриядағы теоремаға қарама-қарсы ұғым Қайталау сұрақтары Жазыңқы бұрыштың төбесінен шығып, оның қабырғаларымен беттесепейтің әрбір сәуле жазыңқы бұрыштың ішінде жатады деп есептеледі. Берілген суретте OD сәулесі BOA жазыңқы бұрышының ішінде жатыр.Бұл жағдайда ∠𝐵𝑂𝐷 және∠𝐷𝑂𝐴 бұрыштары сыбайлас бұрыштар деп аталады. АВОD1-сурет Бір қабырғасы ортақ, ал қалған екі қабырғасы толықтауыш сәулелер болып келетін екі бұрыш сыбайлас бұрыштар деп аталады. 1-суретте ∠𝐵𝑂𝐷және ∠𝐷𝑂𝐴сыбайлас бұрыштардың OD қабырғасы ортақ, ал OB мен OA қабырғалары толықтауыш сәулелер, бірін-бірі түзуге толықтырып тұр.  Теорема Сыбайлас бұрыштардың қосындысы 180⁰-қа тең. ДәлелдеуІІІ(4) аксиомасы негізінде былайша жаза аламыз:∠𝐴𝑂𝐷+∠𝐷𝑂𝐵=∠𝐴𝑂𝐵. Ал∠𝐴𝑂𝐵-жазыңқы бұрыш, онда ∠𝐴𝑂𝐵= 180⁰.Ендеше,∠𝐴𝑂𝐷+∠𝐷𝑂𝐵=180°. Теорема дәлелденді.   О нүктесінде қиылысқан a және b түзулері берілсін. Сонда a түзуінде OA, OF сәулелерін, b түзуінде OC, OE сәулелерін белгілеуге болады. OF, OE сәулелері ∠1-ді; OA, OC сәулелері ∠2-ні; OE, OA сәулелері ∠3-ті; OC, OF сәулелері ∠4-ті анықтайды. ∠1 мен ∠2-ні және ∠3 пен ∠4-ті вертикаль бұрыштар деп атайды.  2134abACEFO2-сурет Бір бұрыштың қабырғалары екінші бұрыштың қабырғаларының созындысы болып келетін екі бұрышты вертикаль бұрыштар деп атайды.2-суретте OF және OA, OC және OE сәулелері бір-бірінің созындысы болып тұр. ТеоремаВертикаль бұрыштар тең болады.ДәлелдеуВертикаль бұрыштар екі түзудің қиылысуынан пайда болады. a және b түзулері O нүктесінде қиылыссын (3-сурет). ∠1 мен ∠2 вертикаль бұрыштар.∠𝐶𝑂𝐴– жазыңқы бұрыш, ∠𝐶𝑂𝐴= 180⁰. Бірақ ∠1+∠3=∠𝐶𝑂𝐴  және∠1+∠3=180°. Бұдан ∠1=180°−∠3.Осы сияқты b түзуіне қарағанда  ∠𝐷𝑂𝐵=180°,яғни ∠2+∠3=180⁰ немесе бұдан∠2=180°−∠3.(1) және (2) теңдіктердің екі жақтары тең, сондықтан ∠1=∠2 болады. Теорема дәлелденді. abADCBO1233-сурет Оқулықпен жұмыс№75. Сүйір бұрыш сызыңдар. Осы бұрышты ABD жазыңқы бұрышқа толықтырыңдар. Пайда болған бұрыштарды жазыңдар.№76. Берілген ∠𝐴𝐵𝐶және ∠𝐶𝐵𝐸 сыбайлас жатқан бұрыштар арқылы∠𝐴𝐵𝐸-ні табыңдар. ABE және ABC бұрыштарын салыстырыңдар.№77. Сыбайлас бұрыштардың біреуі 1) 45⁰; 2) 120⁰; 3) 18⁰ болса, онда оның екінші бұрышы неге тең?№78. Сыбайлас бұрыштар тең болса, онда олардың тік бұрыштар болатынын дәлелдеңдер.№80. Вертикаль бұрыштардың биссектрисаларының бір түзу болатынын дәлелдеңдер.№82. Сыбайлас бұрыштардың бірі екіншісінен 5 есе артық болса, ол бұрыштардың үлкені неге тең?  Бекіту сұрақтарыСыбайлас бұрыштар дегеніміз не?Сыбайлас бұрыштарға қатысты теорема қалай тұжырымдалады?Вертикаль бұрыштар дегеніміз не?Вертикаль бұрыштарға байланысты теорема калай тұжырымдалады? Үйге тапсырма№79№81№83№85№86